Фил Невилл

Филип Джон Невилл (ағылш. Philip John Neville; 21 қаңтар 1977 жыл[1], Бери, Үлкен Манчестер, Англия) — англиялық футболшы, жартылай қорғаушы (қорғаныс шебінде де ойнайған), футбол жаттықтырушысы, Гари Невиллдің туған інісі.

Фил Невилл Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

21 қаңтар 1977 (1977-01-21) (47 жас)

Туған жері

Бери, Англия

Азаматтығы

Англия Англия

Бойы

180

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Англия Англия (қыздар)

Қызметі

бас бапкер

Клуб карьерасы[* 1]
1994—2005Англия Манчестер Юнайтед263 (5)
2005—2013Англия Эвертон242 (4)
1994—2013Барлығы505 (9)
Ұлттық құрамы[* 2]
1996—2007 Англия59 (0)
Бапкерлік карьерасы
2013—2015Англия Манчестер Юнайтедбапкерлер штабы
2015—2016Испания Валенсияасс
2018—Англия Англия (қыздар)

Карьерасы

1994-2005 жылдары "Манчестер Юнайтедте" ағасы Гаримен бірге доп тепті. Осы аралықта 400-ге жуық ресми ойын өткізді.

2005 жылы "Эвертонға" ауысты. Жаңа клубындағы тұңғыш ойынын "Манчестер Юнайтедке" қарсы өткізді. Бір жылдан соң "Эвертонның" капитаны боп тағайындалды.

2013 жылы клубпен келісім шарт уақыты біткен соң карьерасын аяқтады.

Кейін біраз уақыт "Манчестер Юнайтедтің" бапкерлер штабында қызмет жасады. 2015 жылы ағасы Гаримен бірге "Валенсияның" бапкер ассистенті болды, ұзамай ол жерден босады. 2018 жылы Англия қыздар футбол құрамасының бапкері боп тағайындалды.

Ұлттық құрама сапында 1996, 2000, 2004 жылғы Еуропа чемпионаттарына барды.

Жетістіктері

Манчестер Юнайтед

  • Англия чемпионы (6): 1995/96, 1996/97, 1998/99, 1999/2000, 2000/01, 2002/03
  • Англия кубогы (3): 1996, 1999, 2004
  • Англия суперкубогы (3): 1996, 1997, 2003
  • УЕФА Чемпиондар Лигасы: 1999
  • Құрлықаралық кубок: 1999

Англия

  • Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 1996

Дереккөздер

Сілтемелер