Англия Ұлттық футбол құрамасы

Англия Ұлттық футбол құрама командасы (ағылш. England national football team) — Англияны халықаралық матчтар мен футболдан турнирлерде ұсынады. Елдегі футбол ұйымының негізгі басқарушысы Англия футбол қауымдастығының қол астында бақылауда болады. Анлия футбол қауымдастығы әлемдегі ең бірінші құрылған футбол ұйымы. 1863 жылы негізі қаланып, ол 1905 жылы ФИФА мүшесі және 1954 жылдан бастап УЕФА мүшесі болып келеді.

Англия Ұлттық футбол құрамасы
Логотип
Лақап аты

Three Lions (Үш Арыстан)

Конфедерация

УЕФА

Федерация

Футбол қауымдастығы

Бас бапкері

Англия Гарет Саутгейт

Ең көп
ойын саны

Питер Шилтон (125)

Үздік
бомбардир

Уэйн Руни (53)

Үй стадионы

Уэмбли

ФИФА рейтингі

13 (12. 04. 2018)

ФИФА коды

ENG

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

Шотландия Шотландия 0:0 Англия Англия
(Патрик, Шотландия; 30 қараша 1872)

Ирландия Ирландия 0:13 Англия Англия
(Белфаст, Ирландия; 18 ақпан 1882)

Мажарстан Мажарстан 7:1 Англия Англия
(Будапешт, Мажарстан; 23 мамыр 1954)

Қатысу

13 (бірінші 1950)

Жетістіктері

Чемпиондар, 1966

Еуропа чемпионаты
Қатысу

8 (бірінші 1968)

Жетістіктері

3-ші орын, 1968
Жартылай финал, 1996

Тарихы

Англия құрамасы алғашқы кездесуін 1872 жылы 30 қараша күні Шотландияға қарсы өткізді. Бұл — футбол тарихындағы тұңғыш ресми матч еді. Ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.

Англияда 18 ғасырда-ақ футбол лигалары құрылып, ішкі біріншіліктер өткізіле бастады да, футбол өзге елдердегіден гөрі көп алға ілгерілеп кетті. Сол себепті да ағылшындар 1904 жылы құрылған ФИФА-ны және олар ұйымдастырған әлем чемпионатын көп жылдарға дейін мойындамай жүрді де, ФИФА-ға 1946 жылы (екінші рет, алдын да аз ғана уақыт мүше боп, қайта шығып кеткен) тіркелді.

Әлем чемпионаттарында

1950 жылғы әлем чемпионатына фаворит ретінде барғанымен, екінші турда күтпеген жерде АҚШ-тан ұтылып масқара болды. Бұдан кейінгі турнирлерде де өзгелерден оза алмай, өздерінің басқалардан артық түгі жоқ екенін біртіндеп мойындай бастады. Тек, 1966 жылы өз елінде өткен турнирде ғана әлем чемпионы атанды. Финалда: 4:2 есебімен ГФР-ді ұтты, сол ойында ағылшын футболшысы Джефф Херст үш гол соқты (Херст финалдық ойындарда хет-трик жасаған тарихтағы жалғыз футболшы).

Кейін тек екі рет қана әлем чемпионатының жартылай финалына шықты: 1990, 2018. 1990 жылы ГФР құрамасынан тек пенальтилер арқылы сүрінді де, үшінші орын үшін кездесуде Италияға жол берді — 1:2.

2018 жылы жартылай финалда Хорватиядан қосымша уақыттарда 1:2 есебімен ұтылды. Ал үшінші орын үшін ойында Бельгиядан ұтылды -— 0:2.

УЕФА Ұлттар лигасы

2018/19 жылғы Ұлттар лигасында жартылай финалда Нидерландтан 1:3 есебімен ұтылды. Үшінші орын үшін ойында Швейцарияны пенальтилер арқылы ұтты.

Еуропа чемпионаттарында

Еуропа чемпионатында екі рет қана (1968, 1996) жартылай финалға жеткен.

1996 жылы өз елінде өткен чемпионатта Германиядан пенальтилер сериясында ғана сүрінді. Ал 2000 жылы күтпеген жерде топтан шыға алмады. Топтық турнирде Португалияны 2:0, Румынияның 2:1 есептерімен ұтып тұрып жеңіліп қалды. Ал Германиямен ойындағы жалғыз жеңісі топтан шығуға көмектеспеді.

2004 жылы топтан шыққанымен, ширек финалда Португалиядан пеналтилер арқылы ұтылды. Ал 2008 жылғы чемпионатқа қатыса алмады. Мүмкіндіктері болғанымен, шешуші турларда Ресей мен Хорватиядан жеңіліп қалды.

2012 жылы 1/4 финалда Италиядан, 2016 жылы 1/8 финалда Солтүстік Ирландияға есе жіберді.

Жетістіктері

  • Әлем чемпионы: 1966
  • Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 1990, 2018
  • Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 1968, 1996

Құрамы

2021 жылғы Еуропа чемпионатындағы құрамы

ФутболшыКлубТуған күні
Қақпашы
1Джордан ПикфордЭвертон7 наурыз 1994
13Дин ХендерсонМанчестер Юнайтед12 наурыз 1997
13Эрон РамздейлШеффилд Юнайтед14 мамыр 1998
23Сэм ДжонстонВест Бромвич Альбион25 наурыз 1993
Қорғаушы
2Кайл УокерМанчестер Сити28 мамыр 1990
3Люк ШоуМанчестер Юнайтед12 шілде 1995
5Джон СтоунзМанчестер Сити28 мамыр 1994
6Гарри МагуайрМанчестер Юнайтед5 наурыз 1993
12Киран ТриппьерАтлетико Мадрид19 қыркүйек 1990
15Тайрон МингзАстон Вилла13 наурыз 1993
16Конор КоудиВулверхэмптон Уондерерс25 ақпан 1993
21Бен ЧилуэллЧелси21 желтоқсан 1996
22Бен УайтБрайтон энд Хоув Альбион8 қазан 1997
24Рис ДжеймсЧелси8 желтоқсан 1999
Жартылай қорғаушылар
4Деклан РайсВест Хэм Юнайтед14 қаңтар 1999
7Джек ГрилишАстон Вилла10 қыркүйек 1995
8Джордан ХендерсонЛиверпуль17 маусым 1990
14Калвин ФиллипсЛидс Юнайтед2 желтоқсан 1995
19Мейсон МаунтЧелси10 қаңтар 1999
20Фил ФоденМанчестер Сити28 мамыр 2000
25Букайо СакаАрсенал5 қыркүйек 2001
26Джуд БеллингемБоруссия (Дортмунд)29 маусым 2003
Шабуылшылар
9Харри Кейн (к)Тоттенхэм Хотспур28 шілде1993
10Рахим СтерлингМанчестер Сити8 желтоқсан 1994
11Маркус РашфордМанчестер Юнайтед31 қазан 1997
17Джейдон СанчоБоруссия (Дортмунд)25 наурыз 2000
18Доминик Калверт-ЛьюинЭвертон16 наурыз 1997
Бас бапкер
Гарет Саутгейт3 қыркүйек 1970

Әлем чемпионаттарындағы мергендері

ОйыншыГол19501954195819621966197019821986199019982002200620102014
Линекер, ГариГари Линекер1064
Херст, ДжеффриДжеффри Херст541
Чарльтон, БоббиБобби Чарльтон413
Оуэн, МайклМайкл Оуэн422
Бекхэм, ДэвидДэвид Бекхэм3111
Джеррард, СтивенСтивен Джеррард321
Хант, РоджерРоджер Хант33
Лофтхаус, НэтНэт Лофтхаус33
Платт, ДэвидДэвид Платт33
Броадис, ИворИвор Броадис22
Финни, ТомТом Финни211
Флауэрс, РонРон Флауэрс22
Фрэнсис, ТреворТревор Фрэнсис22
Кеван, ДерекДерек Кеван22
Питерс, МартинМартин Питерс211
Робсон, БрайанБрайан Робсон22
Ширер, АланАлан Ширер22
Андертон, ДарренДаррен Андертон11
Питер Бирдсли11
Кэмпбелл, СолСол Кэмпбелл11
Кларк, АланАлан Кларк11
Коул, ЖоЖо Коул11
Крауч, ПитерПитер Крауч11
Дефо, ДжермейнДжермейн Дефо11
Фердинанд, РиоРио Фердинанд11
Гривс, ДжиммиДжимми Гривс11
Хейнс, ДжонниДжонни Хейнс11
Хески, ЭмильЭмиль Хески11
Хитченс, ДжерриДжерри Хитченс11
Мэннион, УилфУилф Мэннион11
Мэринер, ПолПол Мэринер11
Мортенсен, СтэнСтэн Мортенсен11
Маллен, ДжиммиДжимми Маллен11
Маллери, АланАлан Маллери11
Руни, УэйнУэйн Руни11
Скоулз, ПолПол Скоулз11
Старридж, ДэниелДэниел Старридж11
Апсон, МэттьюМэттью Апсон11
Уилшоу, ДэннисДэннис Уилшоу11
Райт, МаркМарк Райт11
Барлығы79284511467876632
Автоголдар
  • Джимми Дикинсон (Бельгияға жазылған 1954)

Сiлтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: England national football team

Тағы қараңыз