Фред Хойл

Фред Хойл (20 маусым, 1915 жыл - 20 тамыз, 2001 жыл) — ағылшын астрономы және математигі.

Йоркширдегі Бинглиде 1915 жылы дүниеге келген. Ол салыстырмалылық теориясының теңдеулері мен қазіргі физиканы космологияға қатысты алғаш рет қолданған. Хойл квазарлардың болуға тиіс екендігін теория жүзінде дәлелдеп шықты, кейінірек олардың табиғатта бар екендігі анықталды. Оның ғылымға жасаған тағы бір үлесі — химиялық элементтердің барлығы сутегіден дамып шыққаны туралы теория. Ол Үлкен жарылыс деген ұғымды алғаш ұсынған.[1]

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Fred Hoyle