Халықаралық жүзу федерациясы

Халықаралық жүзу федерациясы (фр. Fédération Internationale de Natation, қысқаша FINA, қазақша ФИНА) Халықаралық олимпиада комитетімен мақұлданған халықаралық ұйым. Ұйым су спорты түрлеріндегі бәсекелестікті қадағалау үшін құрылған. Әлемнің 202 жүзу федерацияларын біріктіреді. Штаб-пәтері Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан.

Fédération Internationale de Natation
Халықаралық жүзу федерациясы


ҚысқармасыFINA
ҰраныСу - біздің әлем (Water is Our World)
Құрылуы1908
Орналасуы Швейцария, Лозанна
Мүшелері202 ұлттық федерация
ПрезидентУругвай Хулио Сесар Маглионе
Ресми торабыwww.fina.org

Қазіргі кезде ФИНА су спортының 5 түрін қадағалайды: жүзу, ашық суда жүзу, суға секіру, су добы және синхронды жүзу.

ФИНА эгидасымен, екі жылда бір рет су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтеді.

2009 жылдың 24 шілдесінде ФИНА президенті уругвайлық Хулио Маглионе болып тағайындалды.

Тарихы

ФИНА 1908 жылы 19 шілдеде 1908 жылдың Олимпиада ойындарының соңына қарай Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Венгрия, және Швеция жүзу федерацияларымен Лондондағы Манчестер қонақ үйінде құрылған.

Ұлттық федерациялардық саны жылдар бойынша:

  • 1908: 8
  • 1928: 38
  • 1958: 75
  • 1978: 106
  • 1988: 109
  • 2000: 174
  • 2008: 197
  • 2011: 202

Мүше ұйымдар

  • Азия (43): Азияның әуесқой жүзу федерациясы
  • Aфрика (45): Африкандық жүзу конфедирациясы
  • Aмерика (40): Американың әуесқой жүзу одағы
  • Eуропа (50): Еуропалық жүзу лигасы
  • Oкеания (13): Океанияның жүзу қауымдастығы

Президенттері

ФИНА президенттері
ЕсіміCountryМерзім
Джордж Хирн  Ұлыбритания1908–1924
Эрик Бергвол  Швеция1924–1928
Эмиль-Жорж Дрини  Франция1928–1932
Вальтер Биннер  Германия1932–1936
Гарольд Ферн  Ұлыбритания1936–1948
Рене де Рав  Бельгия1948–1952
М.Ль. Негри  Аргентина1952–1956
Ян де Ври  Нидерланд1956–1960
Макс Риттер  Германия1960–1964
Уильям Бердж Филлипс  Аустралия1964–1968
Хавьер Остос Мора[1]  Мексика1968–1972
Гарольд Хеннинг  АҚШ1972–1976
Хавьер Остос Мора (2-ші мерзім)[1]  Мексика1976–1980
Анте Ламбаса  Югославия1980–1984
Роберт Хелмик  АҚШ1984–1988
Мустафа Ларфэоуи  Алжир1988–2009
Хулио Маглионе Уругвай2009–б.к.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер