Хосе Паоло Герреро

Хосе Паоло Герреро Гонсалес (ис. José Paolo Guerrero Gonzales; 1 қаңтар 1984, Лима, Перу) — перулік футболшы, "Фламенго" футбол клубы мен Перу Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы.

Паоло Герреро Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Хосе Паоло Герреро Гонсалес

Туған күні

1 қаңтар 1984 (1984-01-01) (40 жас)

Туған жері

Лима, Перу

Азаматтығы

 Перу

Бойы

185

Салмағы

82

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Бразилия Фламенго

Жастар клубы
1992—2002Перу Альянса Лима
Клуб карьерасы[* 1]
2004—2006Германия Бавария (Мюнхен)27 (10)
2002—2004Германия Бавария II66 (45)
2006—2012Германия Гамбург132 (37)
2012—2015Бразилия Коринтианс60 (23)
2015—Бразилия Фламенго51 (20)
Ұлттық құрамы[* 2]
2004Перу Перу (23)7 (3)
2004—Перу Перу77 (32)

Ұлттық құрамада

Перудің 17 жасқа дейінгі құрамасында жеті ойын өткізіп, үш голдың авторы атанды. Ал негізгі құрамада алғаш рет 2004 жылы 9 қазанда ӘЧ-2006 іріктеуіндегі Боливияға қарсы кездесуде алаңға шықты. Бұл кездесуде Перу 0:1 есебімен ұтылып қалды. 2007 жылы Америка кубогына қатысып, құраманың 4 кездесуінде де алаңға шықты. Сондай-ақ Уругвайдың қақпасына бір доп енгізді.

2008 жылы 12 маусымда ӘЧ-2010 іріктеуіндегі Уругваймен кездесуде Герреро төрешімен тәжікелеседі де, 37-мимнутта алаңнан қуылды. Жаза мұнымен де біте қоймай, ФИФА-ның тәптіптік комитеті оны 6 кездесуге алаңға шығуына тыйым салды. Сол себепті де іріктеудегі келесі кездесуіне тек бір жылдан соң ғана қатыса алды. Ол да сәтті болмады, 2009 жылы 9 қыркүйекте Эквадормен ойында тізесінен қатты жарақат алып, емделуге көп уақытын жоғалтады.

Герреро кейін 2011, 2015, 2016 жылдары Америка кубогына қатысты. Осы екі бәсекеде 9 гол енгізді.

2018 жылы әлем біріншілігіне қатысты.

Жетістіктері

Командалық

Перу құрамасы
  • Америка кубогының қола жүлдегері: 2011, 2015
«Бавария II»
  • «Оңтүстік» аймақтық лигасының чемпионы: 2004
«Бавария» (Мюнхен)
  • Германия чемпионы (2): 2005, 2006
  • Германия кубогы (2): 2005, 2006
  • Неміс лигасының кубогы: 2004
«Гамбург»
  • Интертото кубогы: 2007
«Коринтианс»
  • Клубтар арасындағы әлем чемпионы (1): 2012
  • Сан-Паулу штатының чемпионы (1): 2013
«Фламенго»
  • Рио-де-Жанейро штатының чемпионы (1): 2017

Жеке

  • Америка кубогының үздік мергені: 2011 (5 гол), 2015 (4 гол)

Сілтемелер