Фламенго


«Фламенго» (порт. Clube de Regatas do Flamengo) — Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы футбол клубы, өз алаңындағы ойындарын "Маракана" стадионында өткізеді. Бразилия А сериясынан ешқашан төменге түспеген төрт клубтың бірі.

Бразилия Фламенго
Құрылған жылы

1895

Стадионы

Маракана,
Рио-де-Жанейро, Бразилия

Сыйымдылығы

78838

Бас жаттықтырушы

Португалия Жоржи Жезуш

Жарыс

Бразилия А сериясы

2018

2

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Форма
Резервтік

Тарихы

1895 жылы құрылған. Бразилиядағы мықты клубтардың бірі болғанына қарамастан, Либертадорес кубогын бір рет қана, 1981 жылы ұтып алды. Сондай-ақ сол жылы Құрлықаралық кубокта да жеңімпаз атанды. Осы кезеңдерде үш рет Бразилия чемпионатында топ жарды.

1987 жылы "Спорт Ресифи" клубымен бірге ел чемпионы атанды, бірақ 2018 жылы 16 наурызда Жоғары соттың шешімімен "Фламенгоның" чемпиондағы жоққа шығарылды да, "Спорт Ресифи" жеке чемпион ретінде қалды.

1999 жылы Меркосур кубогын ұтып алған соң клуб құлдырай бастады. Кейін қаржылай қиындықтарға тап болғанына қарамастан, клуб чемпионатта жақсы нәтиже көрсетіп жүрді. 2009 жылы клуб алтыншы рет Бразилия чемпионы атанып, бұл жөнінен "Сан-Паулуды" қуып жетті, бірақ келесі маусымда-ақ "Сан-Паулу" бұларды қайта артқа тастады.

2011 жылы әйгілі Роналдиньо клубпен келісім шарт жасасып, бірден команда капитаны боп тағйындалды. Сол маусымда "Фламенго" Рио-де-Жанейро чемпионатын ұтып алды.

2019 жылы "Ривер Плейтті" ұтып, Либертадорес кубогының жеңімпазы атанды.

Құрамы

No.ПозицияОйыншы
1 GKДиего Алвес
2 DFРодиней
3 DFРодриго Кайо
4 DFПабло Мари
5 MFВиллиан Аран
6 DFРене Родригес Мартинс
7 MFЭвертон Рибейро
8 MFЖерсон
9 FWГабриэль Барбоза
10 MFДиего
11 FWВитиньо
13 DFРафинья
14 MFДжорджиан де Арракаэста
15 MFВинисиус Соуза
16 DFФилипе Луис
No.ПозицияОйыншы
17 MFУго Моура
19 MFРейниер Жезус Карвальо
22 GKГабриэль Батиста
23 FWЛукас Силва
25 MFРоберт Пирис да Мотта
26 DFМатеус Тулер
27 FWБруно Энрике Пинто
28 FWОрландо Беррио
29 FWЛинкольн
32 DFЖоау Лукас
37 GKСезар Бернардо Дутра
44 DFРодольфо
54 FWВитор Габриэль
55 DFМатеус Дантас

Жетістіктері

  • Бразилия чемпионы (5): 1980, 1982, 1983, 1992, 2009
  • Бразилия кубогы (3): 1990, 2006, 2013
  • Бразилия кубогының финалисі (4): 1997, 2003, 2004, 2017
  • Одақтық кубок (1): 1987
  • Бразилия суперкубогы: 1992
  • Жастар арасындағы Сан-Паулу кубогы (2): 1990, 2011
  • Рио-де-Жанейро штатының чемпионы (35, рекорд): 1914, 1915, 1920, 1921, 1925, 1927, 1939, 1942—1944, 1953—1955, 1963, 1965, 1972, 1974, 1978, 1979, 1979 (ресми чемпионат), 1981, 1986, 1991, 1996, 1999—2001, 2004, 2007, 2008, 2009, 2011, 2014, 2017, 2019
  • Рио-Сан-Паулу турнирі (1): 1961
  • Либертадорес кубогы (1): 1981
  • Құрлықаралық кубок (1): 1981
  • Меркосур кубогы (1): 1999

Сілтемелер