Хэл Робсон-Кану

Томас Генри Алекс (Хэл) Робсон-Кану (ағылш. Thomas Henry Alex "Hal" Robson-Kanu; 21 мамыр 1989 жыл[1], Актон, Үлкен Лондон) — англиялық және уэльстік футболшы, Уэльс Ұлттық футбол құрамасы мен "Вест Бромвич Альбион" клубының шабуылшысы. 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері.

Хэл Робсон-Кану Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

21 мамыр 1989 (1989-05-21) (35 жас)

Азаматтығы

 Англия
 Уэльс

Бойы

183

Салмағы

83

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Англия Вест Бромвич Альбион

Номері

4

Жастар клубы
2003—2005Англия Арсенал
2005—2007Англия Рединг
Клуб карьерасы[* 1]
2007—2016Англия Рединг197 (24)
2008 Англия Саутенд Юнайтед22 (5)
2009 Англия Суиндон Таун20 (4)
2016—Англия Вест Бромвич Альбион127 (19)
Ұлттық құрамы[* 2]
2007—2008Англия Англия-192 (0)
2009Англия Англия-201 (0)
2010Уэльс Уэльс-214 (2)
2010— Уэльс44 (5)

Карьерасы

"Арсенал" (Лондон) клубының түлегі. 2005 жылы 16 жасында "Редингтің" академиясына ауысты.

2007 жылы "Рединг" сапында карьерасын бастады. "Рединг" ол кезде Англия екінші дивизионында ойнайтын. 2008, 2009 жылдарды төменгі лигалардағы клубтарда жалда өткізіп, 2009 жылы "Редингке" қайта оралды. 2011/12 жылғы маусымда "Рединг" екінші дивизион жеңімпазы атанып, Премьер лигаға жолдама алды.

2016 жылы "Вест Бромвич Альбион" футболшысы атанды.

Англия жастар құрамасында бірнеше ойын өткізді. Бірақ 2010 жылы Англия құрамасында ойнаудан бас тартып, Уэльстің 21 жасқа дейінгі құрамасында доп тепті. Негізгі құрама сапында да сол жылдан бері ойнап келеді.

Жетістіктері

Клубтық

  • Англия чемпионшипінің жеңімпазы: 2011/12

Халықаралық

  • Еуропа чемпионатының жартылай финалисі

Дереккөздер

Сілтемелер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм