Честер Беннингтон
Честер Чарльз Беннингтон (ағылш. Chester Charles Bennington; 20 наурыз 1976, Финикс, Аризона, АҚШ — 20 шілде 2017) — америкалық музыкант. Linkin Park, Dead By Sunrise және Stone Temple Pilots топтардың әншісі болған.
Честер Беннингтон Chester Charles Bennington | |
Честер Беннингтон | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Толық аты | Честер Чарльз Беннингтон |
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | Палос-Вердес-Эстейтс, Лос-Анджелес, Калифорния, АҚШ |
Белсенділік жылдары | |
Мемлекет | |
Мамандығы | |
Аспаптары | вокал, гитара, |
Жанрлары | Ню метал, Альтернативті рок |
Лақап аты | Chazy Chaz (Чези Чез) |
Ұжымдары | Linkin Park |
Лейблдері | Warner Bros. Records |
www.cbennington.com | |
Аудио, сурет, видео Ортаққорда |
Жастық шағы
Честер Беннингтон 1976 жылдың 20 наурыз күні Аризонаның Финикс қаласында дүниеге келді. Честердің әкесі — жергілікті полицияда детектив болып жұмыс істеді, ал шешесі — медбике. 1987 жылы ата-анасы ажырасқаннан кейін оны әкесі тәрбиеледі. Честер бала кезінен музыкаға қызығушылығын танытқан. Depeche Mode және Stone Temple Pilots сияқты оның ең сүікті топтары оны музыкамен айналасуын шабыттандырды. Кезінде Depeche Modeтың мүшесі болуды армандаған[1].
Жеке өмірі
Linkin Park-тегі карьерасының басында Честер денсаулығы жағынан қиыншылықтарға тап болды. Бірнеше рет ауруханаға жатуға мәжбүр болды. Ол көруден де қиыншылықтарға тап болды, тақпаса ештеңе көрмейтін көзілдірікті тағуға мәжбүр болды. 2004 жылы операциясын кейінге қалдырды. Бір кездері алкогольге тәуелді болуының кесірінен Честер топтан бөлек автобуспен жүрді.Честер 1996 жылы 31 қазанда Самантаға үйленді. 2002 жылы 19 сәуірде тұнғышы Дрэйвен Себастьян дүниеге келді. 2005 жылы 29 сәуірде Саманта ажырасуға арыз берді. Ұлын өзімен бірге алып кетті, бірақ Честермен кездесіп тұруға рұқсатын берді. 2005 жылы 31 желтоқсанда Талинда Бентлиге үйленді. 2008 жылы 16 наурызда екінші ұлы Тайлер Ли дүниеге келді. Және олар тағы да екі бала асырап алды: Джейми (ағыл. Jaime) және Исайо (ағыл. Isaiah). 2011 жылы 11 қарашада Талинда екі қыз туды: Лили және Лила.2017 жылдың 20 шілдесінде, 41 жасында, Беннингтон Калифорниядағы Палос-Вердес Эстейтс қаласындағы үйінде өлі күйінде табылды.
Дискографиясы
Linkin Park
- 2000 — Hybrid Theory
- 2003 — Meteora
- 2007 — Minutes to Midnight
- 2010 — A Thousand Suns
- 2012 — Living Things
- 2014 — The Hunting Party
- 2017 — One More Light
Dead By Sunrise
- 2009 — Out of Ashes
Stone Temple Pilots
- 2013 — High Rise
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
- Ресми веб-сайт
- Честер Беннингтон Twitter сайтында
- Честер Беннингтон (ағыл.) Internet Movie Database сайтында