Шаршау

Шаршау — қажу жағдайының дамуымен астасатын субъективтік сезінулер кешені. Босаңсу, болбырлық, дәрменсіздік сезімдерімен, физиологиялық қолайсыздық түйсігімен, психикалық процестердің өту барысында кінәраттардың ұғынуымен, жұмысқа деген ынтаның болмай қалуымен, қарекетті тоқтатуға деген түрткі себептің дендеуімен, жағымсыз эмоциялық реакциялармен сипатталады. Шаршау бірсарынды әрекетті ұзақ уақыт орындау кезінде де пайда болуы мүмкін. Алайда қажумен байланысты емес оғаш шаршау, сондай-ақ объективтік тұрғыдан қажыған адамның шаршамауы секілді жағдайларда болады.[1]

Дереккөздер