Шиндлердің тізімі

Шиндлердің тізімі (ағылш. Schindler's List) — Стивен Спилбергтің 1993 жылда Холокоста кезіндегі еврейлерді құтқарған неміс кәсіпкері Оскар Шиндлер туралы түсірген тарихи киносы.

Шиндлердің тізімі
Schindler's List
Жанры

фильм-өмірбаян
драма
тарихи фильм

Режиссёрі

Стивен Спилберг

Продюсері

Стивен Спилберг
Джералд Молен
Бранко Лустиг

Сценарийдің авторы

Стивен Заиллян

Басты рөлдерде

Лиам Нисон
Бен Кингсли
Рэйф Файнс

Операторы

Януш Камински

Композиторы

Джон Уильямс

Кинокомпания

Universal Pictures,
Amblin Entertainment

Ұзақтығы

195 мин.

Бюджеті

25 млн $

Мемлекет

Үлгі:USА

Шыққан жылы

1993

http://www.universalstudiosentertainment.com/schindlers-list/
фильмде Оскар Шиндлер рөлін ойнаған Лиам Нисон (2012)
1943 жылы наурыз: Краков Геттоны жою - фильмнің 15-мин сегменті

Бұл фильм Томас Кениллидың "Шиндлердің кемесі" деген романы бойынша түсірілген: "бір өмірді құтқаратын адам, барлық дүниені құтқарадады"

Сюжеті

Польша,1939 жыл. Нацисттардың бұйрығы бойынша Польшадағы барлық еврейлер үлкен қалаларға тіркелуге келіп геттоға көшу керек.

Неміс бизнесмен Оскар Шиндлер Краков қаласына эмальдалған ыдыс-аяқ жасайтын фабриканы ашу үшін келеді. Адамдармен тез жақсы қарым-қатынас жасап алатын қабілеті арқылы неміс армияның зиялы қауыммен жақындасады. Солар арқылы фабрика ашуға қажетті рұқсаттар алады да өз бизнесін бастайды.

Алдын ала Оскар байлы еврейлермен келісімге келеді, олар оған ақша беріп орнына айырбыстауға болатын тауарлар алады (немістердің тыйымы бойынша еврейлерге ақшаны айналымға жіберуге болмайды). Сөйтіп өзіне инвесторларды тауып алады. Меңгеруші қызметін еврей кеңесінің мүшесіне, Ицхак Штернге, тапсырады. Геттода тұратын еврейлердің жағдайымен қолданып, Оскар оларды арзан жұмысшылар ретінде жұмысқа қабылдайды. Еврейлер геттодан шығу үшін фабрикада жұмыстеуге ынталана келіседі. Штерн өз отандастарына көмектесіп, фабрикаға орналастыру үшін олардың техникалық дағдысын дәлелдейтін құжаттарды қолдан жасайды.Солай Оскардың бизнесі көркейіп, ол тез байып кетеді.

Бір күні Краковка офицер Амон Гет келеді. Геттодағы барлық еврейлерді Плашув концлагеріне қамайды. Шиндлер Гетімен танысып дос болады. Көп ұзамай Плашув концлагерін жауып, ондағы еврейлердің барлығын жоюға Аушвиц концлагеріне жеберу шешімі қабылданады. Оскар Шиндлер осы кезге дейін еврейлерді тек арзан жұмысшылар ретінде қабылдаған болса, енді оларға бауыр басып аянышын білдереді. Офицер Гетке пара беріп, Шиндлер мен Штерн "мамандаған" қызметкерлердің тізімін жасайды да оларды Аушвицтен құтқарады. Сөйтіп, жұмысшылардың жартысы Чехиядағы Цвиттау-Бриннлитц қаласына көшеді, бірақ әйелдер мен балаларды әкеліп жатқан поезд қатеден Аушвицке кетіп қалады. Шиндлер ұзамай жоғары қызметтегі шенеуніктерге пара беріп, өз жұмысшыларын қайтарады. Чехияда Шиндлер неміс армиясына қажетті оқтарды өндіретін фабриканы ашады. Шанында, еврейлер жасаған оқтар жарамсыз болған. Алайда, Шиндлер, жұмыскерлерге білдіртпей, өз қалтасынан басқа оқтар сатып алып немістерге жеберіп тұрған. Соңында, Шиндлердің ақшасы бітеді де соғыс та аяқталады. Қоштасарда жұмысшылар Шиндлерге алғыс ретінде тістен алтын сақинаны құйып дайндайды. Сақинаға "Бір өмірді құтқаратын адам, барлық дүниені құтқарадады" деген сөздерді жазады. Сол сәтте, Оскар Шиндлер өмірін еске түсіріп, жылай бастайды да - "Мейрамханаларға, қымбат киім мен көлікке тойғанша, сол ақшаға әлі де қанша өмірді құтқаруға болар еді!",- деп өкінеді.

Ең соңында, Шиндлердің арқасында тірі қалған еврейлер мен олардың ұрпақтары және осы кинода түскен актерлар Израильда орналасқан Шиндлердің мазарына құрмет ретінде тас қояды.

Басты рөлдерде

АктёрРөл
Лиам НисонОскар Шиндлер
Бен КингслиИцхак Штерн
Рэйф ФайнсАмон Гёт
Кэролайн ГудоллЭмилия Шиндлер
Джонатан СегалПолдек Пфефферберг
Эмбет ДэвидцХелен Хирш
Марк ИванирМарсель Голдберг
Эзра Дегэнрабби Менеша Левартов
Анджей СеверинЮлиан Шернер
Этель Шицгеттодан шыққан әйел
Павел ДелонгДолек Хоровиц
Беатриче МаколаИнгрид

Номинациялар мен марапаттар

Америка кино өнері институтының бойынша осы фильм Американың 100 ең үздік киноларының бірі болып саналады. Осығын қоса Шиндлердің тізімі киносы көптеген номинациялар мен марапаттарға ие болды.

Марапаттар

  • 1993- "Оскар" сыйлығы
    • Үздік фильм — Стивен Спилберг, Джералд Молен, Бранко Лустиг
    • Үздік режиссер— Стивен Спилберг
    • Үздік декорациялар
    • Үздік оператор— Януш Камински
    • Үздік монтаж— Майкл Кан
    • Үздік музыка — Джон Уильямс
    • Үздік сценарий — Стивен Заиллян

Сілтеме