Ғазнауи әулеті

(Ғазнауи сұлтандығы бетінен бағытталды)

Ғазнауи әулеті (сұлтандығы) (парсы: غزنویانġaznaviyān) қазіргі Ауғанстан, Хорасан, Солтүстік Үндістанаумағында XI - XII ғ-ларда болған мемлекет. Самани әулеті дағдарысқа ұшыра-ғанын пайдаланып, түркілерден тұратынәскери топ бар билікті өз қолдарына жинайбастады. Олар 962 ж. көтеріліс жасап, Балтай, Кабул, Ғазна қалаларын басып алды. Бірақ көп ұзамай Самани әулеті билікті қайтақалпына келтірді. Тек 15 жыл өткеннен кейін түрік ғұламалары өз адамдарын таққаотырғызып,Ғазнауи әулетінің негізін қалады. Жаңамемлекет, әсіресе, Махмұт сұлтанның тұсында (998 - 1030) қатты күшейді. Бағдатхалифы оған сұлтан дәрежесімен бірге«йемин әд-Даул уа амин әл-милла» (мемлекет және діни қауымның сенімді тұлғасы)атағын берді. Оның тұсында мемлекет шекарасы солтүстікте Әмудария өз-не дейінжетіп, Қарахандар әулеті мемлекетіменшектесті. Батыста Бүйлер әулетіне қарағанИранды қол астына қаратса, оңтүстік-шығыстаСолтүстік Үндістанды басып алды. Сұлтанныңқолында биліктің барлық түрі шоғырланды. Мемлекеттің экономикасы соғыстардан түскен олжа мен халықтан жиналған

{{{атауы}}}

 



 


алым-салықтан құралды.

Масұд I Ғазнауи кезіндегі тиын.

Сұлтанның негізгі тірегі - тұрақты әскер тек түркі ғұламаларынан ғана емес, араб, хорасан, үнді,

дейлемит, тура, ауған жасақтарынан датұрды. Бұған қоса ғазауат соғысына қаты-сушы ғазилер (дін үшін күресушілер) менеріктілер де әскери жорықтарға қатынаста.Соғыс кезінде үйретілген пілдер, қамал бұзуға арналған тас лақтырғыш құралдар,өзеннен өту үшін жүзбелі көпірлер пайдаланылды. Мемлекетте халықты бақылаудаұстау үшін тыңшылардың қызметі кеңіненжолға қойылды. Мұсылман дінбасыларынаүлкен құрмет көрсетіліп, үнемі сарай жұмыстарына қатыстырылды. Ақындар ментарихшыларға, ғалымдарға өнімді жұмысістеу үшін арнайы жағдай жасалынып, оқужүйесінде медреселер пайда болды, мешіт-медресе, сарай құрылыстарын салуға үлкенмән берілді.Ғазнауи әулетінің құлдырауы Масуд сұлтан (1031 -41) тұсынан басталды. Осы кезде күшейгенСелжұқтар 1040 жылы ғазнауилерғе Данданекантүбінде күйрете соққы берді. Осыдан соң екіәулет арасындағы 100 жылдан аса уақытқасозылған күрес кезінде Орталық Ауғанстандатұратын Тура билеушілері күшейіп, 1186 жылыПенжабта орналасқан Газнауи сұптандығының қалдығын түпкілікті жойды.[1]ы

Дереккөздер