Арабтар

Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканы мекен еткен араб тілінде сөйлейтін халықтар тобы

Арабтар (әл-араб) — Солтүстік Африка мен Батыс Азиядағы араб елдері халықтарының үлкен тобы. Бахрейнде, Иорданияда, Иракта, Йемен Республикасында, Катарда, Кувейтте, Ливанда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Оманда, Сауд Арабиясында, Солтүстік Сахарада (маврлар), Египетте, Ливияда, Мавританияда, Мароккода, Суданда, Тунисте, Израильде, Палестинада, Түркияда, Иранда, Ауғанстанда, Индонезияда т.б. елдерде тұрады. Араб диаспорасы Батыс Еуропада, Батыс және Оңт. Африкада т.б. елдерде де бар. Жалпы саны 199 млн. адам (1992). Араб тілінде сөйлейді. Араб жазуын қолданады.

Арабтар
العرب al-ʿarab

Филипп Араб • Иоанн Дамаскин • Әбу Жүсіп Әл-Кинди • Аль-Ханса
Фейсал I • Абдель Насер Гамаль • Асмахан • Мая Зиаде
Бүкіл халықтың саны

шамамен 300 млн[1]

Ең көп таралған аймақтар
Үлгі:Country data Arab League

280,000,000

 France

3,000,000[2]

 Argentina

1,300,000–3,300,000[3][4]

 United States

2,466,874[5]

 Iran

700,000 – 2,000,000[6]

 Israel

1,500,000

 Mexico

1,100,000[7]

 Spain

800,000[8]

 Turkey

500,000[9]

 Brazil

164,000[10]

Тілдері

Арабша, Қазіргі заманғы оңтүстік араб тілі,[11][12] Араб тілінің диалекттері

Діні

Басым көпшілігі Ислам дінінде; азшылық ұстанатын діндер ішіндегі ең үлкені: Христиан діні; өзге де діндер

Этникалық топтары

Еврейлер, өзге де Афро-Азиялық топтар

Тілі

Араб тілі- тілдердің семит-хамит шоғырындағы семит бұтағынан таралатын тіл. Араб тілі семит бұтағының оңтүстік тармағына тиеді.

Діні

Діні — мұсылман-сунниттер. Ислам дінінің шейіт, друз, нусайрит, ибадит ағымдарын тұтынатындар, христиан-коптар, православие дінін ұстанатындар да бар. Ислам ережелері бойынша арақ-шарап, шошқа еті — харам. Ораза ұстау — парыз.

Тарихы

Алғашқы араб мемлекеттері — Пальмира (Тадмор), Набатц, Лихьян, Гассан, Лахм, Кинда араб тайпаларын бір этносқа біріктіре алмады. Бірігу ислам дінінің пайда болуымен, Араб халифатының құрылуымен аяқталады. 7 ғ-дың 1-ширегінде Арабтардың көп елді бағындыруына орай “араб” этнонимі тұтас бір халықтың атына айналды. 19 ғ-да Осман империясының ыдырауы, 20 ғ-дағы Еуропа отаршылығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыс — Арабтардың азат болуына және ұлт болып қалыптасуына тікелей әсер етті.

Кәсібі

Шаруалары (феллахтар) егіншілікпен, көшпелі мал шаруашылығымен, бау-бақша өсірумен айналысады. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2 ғ-да түйені қолға үйретіп, көшпелі түйе өсірумен шұғылданған. Арабия түбегінің автохтон тұрғындары — бәдеуилер. Көшпелі, жартылай көшпелі Арабтардың дәстүрлі баспанасы — ешкі терісі немесе кенептен істелген төрт бұрышты шатыр, отырықшылары каркасты-бағаналы үйлерде тұрған. Шаруалар бір қабатты үй сыртын дуалмен қоршап тастайды. Тұрған жеріне қарай сазбалшықтан, тастан қаланған үйлер, шетеннен тоқылған күркелер де кездеседі. Арабтардың күмбезді діни және қалалық сурет өнері (Дамаск, Бағдат, Каир, Кордова, Иерусалим т.б.) әлемдік өркениет тарихында соны сипатымен ерекшеленеді.

Арабтардың дәстүрлі киімдері (ерлер)
Арабтардың дәстүрлі киімдері (әйелдер)

Мәдениеті

Ұлттық киімдері — кең белдемшелер (фута), басқа орайтын шалмалар, жеңсіз желбегейлер, ұзын көйлектер. Әйелдер жүзік, алқа, білезіктер, мұрын сырға, әшекей салпыншақтар тағады. Бәдәуи әйелдерінде беттерін, алақандарын, табандарын бояп сурет-тыртықтар салу ырымы кездеседі. Әйелдері жүздерін бүркеп жүреді.
Бәдәуилердің ұлттық тағамы — түйе сүті, бидай, арпа, тары, жүгері наны, құрма. Отырықшылар әр түрлі ботқаларды, ешкі сүтін, қой ірімшігін, жеміс-жидек, көкөністерді мол пайдаланған.
Арабтардың фольклоры, классикалық поэзиясы мен музыкасы жақсы дамыған. Басты саз аспаптары: бубен, барабан, лютня, бір ішекті ыспалы ребаб. Мұнай кеніштерінің игерілуі, өнеркәсіптің дамуы, көшпелілердің отырықшылануы, қала тұрғындарының күрт өсуі Арабтар тұрмысын сәулеттендірді.[13]

Қазақстандағы арабтар

Арабтар Қазақстанға өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап, нарықтық қарым-қатынастарға байланысты көші-қон үрдістеріне орай қоныстанған. Қазақстандағы арабтардың саны 717 адам (2013).[14]

Дереккөздер