Қазақстан моноқалалары

Моноқалалардың тізбесіне Қазақстандағы 89 қаланың 27-сі кіреді. Олардың халық саны 2017 жылғы деректер бойынша 1 447,5 млн адамды немесе елдегі қала халқының 8,0%-ын құрады, оның ішінде 16 моноқала аудан орталығы болып табылады. Моноқалаларда Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетінің басым бөлігі шоғырланған.[1]

Балқаш моноқаласындағы Балқаш кен-металлургиялық комбинатының көрінісі

Әлеуметтік мәселелері

Қазақ КСР-нің әміршіл-әкімшіл экономикасы жағдайында моноқалалардың басты артықшылығы республиканың қарқынды өсіп келе жатқан халқын толықтай дерлік жұмыспен қамтамасыз ете алуында болды. Алайда еркін нарық шеңберінде бұл сұраныс пен ұсыныстың тұрақты ауытқуына, сондай-ақ КСРО ыдырағаннан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық байланыстардың ыдырауына байланысты мүмкін болмай қалды. Соның салдарынан қазақстандық қалалар жұмыссыздыққа ұшырап, халықтың республиканың ірі қалаларына немесе шетелге жаппай қоныс аударуынан зардап шекті. Кеден Одағы ішіндегі кейбір үзілген байланыстарды қалпына келтіру кейбір қалалардың экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан жандануына көмектесуі мүмкін.

Қазіргі жағдайы

Дегенмен барлық моноқаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы бірдей емес. Шартты түрде оларды үш топқа бөлуге болады:

Мамандануы

  1. Тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі: Степногорск, Хромтау, Текелі, Алтай, Курчатов, Риддер, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск, Абай, Арқалық, Жітіқара, Лисаковск, Рудный, Ақсу, Екібастұз, Кентау
  2. Тау-кен өндіру өнеркәсібі: Ақсай, Жаңаөзен
  3. Өңдеу өнеркәсібі: Құлсары
  4. Экономикалық мамандануы жоқ: Серебрянск

Қала құраушы кәсіпорындар

ОблысМоноқалаХалық саны (адам)Қала құраушы кәсіпорындары
1АбайКурчатов10 457«ҚР Ұлттық ядролық орталығы» ЖШС ШЖҚ РМК
2АқмолаСтепногорск49 589«Степногорск тау-кен химиялық комбинаты» ЖШС

«Қазақалтын тау-кен металлургия комбинаты» АҚ

«ЕПК Степногорск» АҚ (Степногорск подшипник зауыты)

3АқтөбеХромтау29 982"Казхром" "ТҰҚ" АҚ филиалы - «Дөң тау-кен байыту комбинаты»
4АтырауҚұлсары65 964«Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ
5Батыс ҚазақстанАқсай36 352«КарачаганакПетролиумОперейтинг Б. В.»
6ЖамбылЖаңатас25 583«ЕвроХим-Каратау» ЖШС

«ЕвроХим-Удобрения» ЖШС

Қаратау28 490«TalasInvestmentCompany» ЖШС
7ЖетісуТекелі30 317«Текелі қайта өңдеу кешені» ЖШС

«Суффле Қазақстан ашытқы зауыты» АҚ

8ҚарағандыБалқаш73 739«Kazakhmys Smelting» ЖШС

Балқаш мыс балқыту зауыты

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Балқаш байыту фабрикасы

«Kazakhmys Energy» ЖШСБалқаш жылуэлектрорталығы

«Kazakhmys Distribution» ЖШС «Энергия желілері» Балқаш аймақтық кәсіпорны

Саран34 636«Kazcentrelectroprovod» ЖШС

Күзембаев атындағы шахта

«Саран» шахтасы

Теміртау171 890«АрселорМиттал Теміртау» АҚ

Қарағанды металлургия комбинаты

«Теміртау электрометаллургия комбинаты» АҚ

Шахтинск39 1854 көмір шахтасы

«Құрылысмет» ЖШС

Абай28 560«АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Абай» шахтасы
9ҚостанайАрқалық28 907«Алюминий Казахстана» АҚ филиалы - Торғай боксит кеніш басқармасы
Жітіқара35 298«Костанайские минералы» АҚ Жітіқара асбест тау-кен байыту комбинаты

«Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС

Лисаковск31 178«Алюминий Казахстана» АҚ филиалы - Краснооктябрь боксит кеніш басқармасы

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Өркен» ЖШС Лисаков кен байыту комбинаты

Рудный112 027«Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ
10МаңғыстауЖаңаөзен74 357«Өзенмұнайгаз» АҚ

«Қазақ газ өңдеу зауыты» АҚ

11ПавлодарАқсу51 614«Қазхром Трансұлттық компания» АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауыты

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ Ақсу ГРЭС

Екібастұз128 981«Богатырь Көмір» ЖШС

«Булат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

ТОО «KAZ Minerals Bozshakol»

12ТүркістанКентау74 464«Кентау трансформатор зауыты» АҚ
13ҰлытауЖезқазған89 079«Kazakhmys Smelting» ЖШС

Жезқазған мыс балқыту зауыты

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ №1,2 Жезқазған байыту фабрикалары

«Kazakhmys Energy» ЖШСЖезқазған жылуэлектрорталығы

«Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС «Балқашсервис» кәсіпорны

Қаражал8 240«Өркен» ЖШС «Өркен-Атасу» өкілдігі

«Karazhal Operating» ЖШС

«Жәйрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ

Сәтбаев68 379«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ

№3 Жезқазған байыту фабрикасы«Kazakhmys Distribution» ЖШСЭлектр желілері кәсіпорны

«Kazakhmys Distribution» ЖШСЖылуэнергетика кәсіпорны

«Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС «Жезқазғансервис» кәсіпорны

«Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС Кен-шахта жабдығы зауыты

14Шығыс ҚазақстанАлтай36 118«Қазмырыш» ЖШС «Алтай» байыту фабрикасы
Риддер45 510«Қазмырыш» ЖШС Риддер байыту фабрикасы
Серебрянск7 118«Бұқтырма СЭС» АҚ

«Серебрянск бейорганикалық өндіріс зауыты» ЖШС

Дереккөздер