Қысқы Азия ойындары


Қысқы Азия ойындары Азия Олимпиялық Кеңесі (АОК) мүше елдері үшін төрт жылда бір өтетін қысқы Олимпиялық ойындар. Жапония ұлттық олимпия комитеті алғашқы рет Азия ойындарының қысқы нұсқасын өткізу идеясын алғашқы рет 1982 жылы ұсынған. Жапония ойы мен талпынысы нәтижесінде Саппоро қаласында 1986 жылы өтті, өйткені қалада Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1972 жарыстарынан қалған жақсы инфрақұрылым болған еді.

Қысқы Азия ойындары
Қысқартылуы AWG
Бірінші рет 1986 жылы Жапонияның Саппоро қаласында өткізілді
Әрбір 4 жыл сайын өткізіледі
Соңғы рет 2017 жылы Жапонияның Саппоро мен Обихиро қалаларында өткізілді
Мақсаты Азия құрлығындағы халықтар үшін бірнеше спорттық іс-шара

Алғашқыды жеті ел қатысқан бұл жарысқа қатысушы елдер саны ылғи өсумен болды: Чанчуңда өткен VІ қысқы Азия ойындарында 45 мүше елдің 27-сі қатысқан, оның үстіне Қысқы Азиада тарихында алғашқы рет 45 елдің ҰОК өздерінің өкілдерін жіберген.

Қазақстан Қысқы Азия Ойындарында

1996 жылы Қытай жерінен 14 алтын, 9 күміс, 8 қола медальмен оралған. Ал 1999 жылы Кореяда 10 алтын, 8 күміс, 7 қолаға қол жеткізсе, 2003 жылы Жапонияда 7 алтын, 7 күміс, 6 қола жүлдені еншіледі. Қытайда өткен алтыншы қысқы Азия ойындарында да қоржынымыз бос қайтпады. Онда спортшыларымыз 6 алтын, 6 күміс, 6 қоланы жеңіп алған болатын.

Қысқы Азия ойындары тізімі

Қысқы Азия ойындары өткізілген жерлердің картасы. Екі немесе одан да көп өткізген елдер көк түспен көлеңкеленген, ал бір қысқы ойындарын өткізген елдер жасылмен боялған.

Жақша ішінде алтын медаль саны берілген.

ЖылОйындарӨткізген қала1ші орын2ші орын3ші орын
1986
I
Саппоро  Жапония  Қытай  Корея Республикасы
1990
II
Саппоро  Жапония  Қытай  Корея Республикасы
1996
III
Харбин  Қытай  Қазақстан  Жапония
1999
IV
Гаңвон  Қытай  Корея Республикасы  Қазақстан
2003
V
Аомори  Жапония  Корея Республикасы  Қытай
2007
VI
Чаңчун  Қытай  Жапония  Корея Республикасы
2011
VII
АстанаАлматы  Қазақстан  Жапония  Корея Республикасы
2017
VIII
Саппоро[1]  Жапония  Корея Республикасы  Қытай
2029
IX
Неом

Жалпы медальдар саны

 Орын  Ел АлтынКүмісҚолаБарлығы
1  Жапония138144115397
2  Қытай9485105284
3  Қазақстан786256196
4  Корея Республикасы748392249
5  КХДР141217
6  Өзбекстан1247
7  Ливан1102
8  Моңғолия0167
9  Иран0123
10  Қырғызстан0011

Спорт түрлері

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Сілтемелер