Азия ойындары


Азия ойындары, Азияда – төрт жыл сайын 1951 жылдан бері Азия елдерінің барлығында өткізілетін спорт жарысы. Ойындардың жалпы ұзақтығы – ашылу және жабылу салтанатын қоса алғанда, кем дегенде 7 және 16 күннен артық емес. Ойын Халықаралық Олимпиада комитетінің қадағалауымен Азиялық Олимпиада кеңесімен реттеледі. Азия ойындарының эмблемасы, туы, ұраны мен әнұраны осы кеңес меншігі болып табылады.

Азия ойындары

Азия ойындарының эмблемасы
Ұраны Әрқашан алға
Бірінші рет Үндістан Нью-Дели қаласында 1951 жылы өткізілді
Әрбір əрбір төрт жыл сайын өткізіледі
Соңғы рет Қытай Ханчжоу 2022 жылы өткізілді
Мақсаты Азия құрлығында халықтар үшін бірнеше спорттық іс-шара
Веб-сайты Olympic Council of Asia
Қатысушы елдер

Тарихы

Азия ойындарының пайда болуы

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азияның бірнеше елі тәуелсіздік алды. Көптеген жаңа ел өзара түсіністікті нығайтуға көмектесетіндей жарыстардың жаңа түрлерін жасағысы келді. 1948 жылғы тамыз айында Лондонда ХІV Олимпиада ойындарының барысында Үндістан Олимпиада комитеті өзінің басшысы Гуру Дутт Сонди тұрғысында Азия спорт командаларының басшыларына «Азия Атлеттік Федерациясын» құруға келіскен Азия ойындарын өткізу идеясын талқылауды ұсынды. 1949 жылы ақпанда «Азия ойындарының федерациясы» құрылды. Бірінші Азия ойындарын Нью-Делиде өткізуге шешім қабылданды.

Федерацияның құрылуы

1962 жылы федерацияда Тайвань және Израильді қабылдау мәселесі бойынша дау туындады. Ойынды қабылдаушы Индонезия аталған елдерді федерацияға қабылдауға қарсы болды. 1970 жылы Оңтүстік Корея Солтүстік Корея тарапынан болатын қауіпке байланысты ойындарды жүргізе алмады, ойындар Корея қаражатын пайдаланып Таиланд астанасы – Бангкокта өткізілді. 1977 жылы Пәкістан Бангладеш пен Үндістан арасындағы қақтығыс салдарынан ойындарды өткізе алмады. Ойындар тағы Бангкокқа ауыстырылды. Осы оқиғалардан кейін Азияның Ұлттық Олимпиада комитеттері Азия ойындары федерациясының жарғысын өзгерту туралы шешім қабылдады. «Азиялық Олимпиада кеңесі» деп аталған жаңа бірлестік құрылды. Осы кеңес 1986 жылдан бері ойындарды қадағалайды.Тайвань федерацияға қабылданды, бірақ АОК ХОК стандарттарына сәйкес оны «Қытай» (Тайпэй) деп атайды. Израиль шығарылып тасталып, еуропалық жарыстарға қосылды.

Кеңейтілуі

1994 жылы бірнеше елдің қарсы болуына қарамастан АОК бұрынғы кеңес республикаларын ойындарға шақырды. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстан.

Ең бірінші және екінші қысқы Азия ойындарын жапон мемлекеті қатарынан екі рет 1986-1990 жылдары өткізді. Алғашқыда спорттың 7 түрінен жарыстар болса, төрт жылдан кейін спорттың 6 түрінен өткізді. Бұдан кейін Қытай мемлекетінің Харбин қаласында 1996 жылы спорттың 7 түрінен 10 мемлекет қатысқан ойындар ұйымдастырылды. Төртінші Азиада алауы 1999 жылы Корей елінің Кангвон қаласында тұтанды. Бесінші Азиада ойынының жалауын желбірету 2003 жылы Жапон мемлекетінің еншісіне тиді. Азиада ойындарын өткізу мәртебесі Қытай еліне 2007 жылы қайта оралды. Енді міне, жетінші алау 2011 жылы Қазақ елінде маздады.

2007 жылы Аустралия АОК-ға кіруден бас тартты, өткені ол Океания ұлттық олимпиадалық комитеттеріне мүше (ал 2015 жылдан Тынықмұхиты ойындарына қатысады).

2010 жылғы Азия ойындарында бірінші рет крикет таныстырылды.

Азия ойындарының тізімі

Жазғы Азия ойындарына 2014 жылға дейін қатысқан және қатысатын мемлекеттер. Қызыл нүктелер Азия ойындарының қалалары
1958 жылғы Азия ойындарының құрметіне жасалған Жапония маркасы
ЖылНөмірОрынКүніМемлекеттер
1951I Нью-Дели, Үндістан4—11 марта11
1954II Манила, Филиппиндер1—9 мамыр19
1958III Токио, Жапония24 мамыр — 1 маусым16
1962IV Джакарта, Индонезия24 тамыз — 4 қыркүйек12
1966V Бангкок, Тайланд9—20 желтоқсан16
1970VI[1] Бангкок, Тайланд (2)9—20 желтоқсан16
1974VII Тегеран, Иран1—16 қыркүйек19
1978VIII[2] Бангкок, Тайланд (3)9—20 желтоқсан19
1982IX Нью-Дели, Үндістан (2)19 қараша — 4 желтоқсан23
1986X Сеул, Корея Республикасы20 қыркүйек — 5 қазан23
1990XI Пекин, Қытай22 қыркүйек — 7 қазан36
1994XII Хиросима, Жапония2—16 қазан42
1998XIII Бангкок, Тайланд (4)6—20 желтоқсан41
2002XIV Пусан, Корея Республикасы29 қыркүйек — 14 қазан44
2006XV Доһа, Катар1—15 желтоқсан45
2010XVI Гуанчжоу, Қытай12—27 қараша45
2014XVII Инчхон, Корея Республикасы19 қыркүйек — 4 қазан45
2018XVIII Джакарта және Палембанг, Индонезиятамыз 18 - қыркүйек 345
2022XIX Ханчжоу, Қытайқыркүйек 23 - қазаң 8
2026XX Нагоя, Жапонияқыркүйек 19 - қазан 4
2030XXIҮлгі:Country data Қатар Доһа, Қатарқараша
2034XXII Эр-Рияд, Сауд Арабияқараша

Жалпы медальдар санағы

Ойындар тарихында бүкіл қатысушы 46 ұлттық олимпиада комитеттерінің 43-і кем дегенде жарыста бір медаль жеңіп алған, бір де бір медаль ала алмаған үш мемлекет қалды:Бутан, Мальдивтер және Шығыс Тимор әлі бір медаль ұтып ала алмаған. 38 ұлт кем дегенде бір алтын медаль жеңіп алған (тек Жапония мен Үндістан ғана әрбір Азия ойындарында кем дегенде бір алтыннан ұтып алған), ал ойындар тарихында Жапония мен Қытай ғана жалпы чемпиондар атанған.

 Орын  Ел АлтынКүмісҚолаБарлығы
1  Қытай167411057913570
2  Жапония1084110410543242
3  Корея Республикасы7877229162425
4  Иран192202217611
5  Қазақстан165180292637
6  Үндістан183239357779
7  Тайланд144189311644
8  КХДР121161188470
9  Қытай Республикасы118164304586
10  Индонезия98130264492
Барлығы5,2585,2316,39016,879

Спорт түрлерінің тізімі

Қайнары

Сілтемелер


Үлгі:Азия ойындары спорт түрлері