Әуесбай Бақбергенұлы

Әуесбай Бақбергенұлы Тоқпанбетов (ағылш. Auyesbay Baqbergenuli, 25 сәуір 1951 жылы, Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Бірлес ауылы, (қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы, Сәлімбай Пірманов ауылы) — педагог, өнер қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Тараз қаласының Құрметті азаматы.[7][8][9]

Әуесбай Бақбергенұлы
Сурет:Әуесбай Бақбергенұлы.jpg
Туған күні

25 сәуір 1951 (1951-04-25) (73 жас)

Туған жері

Луговой ауданы, Жамбыл облысы,  Қазақстан
(Луговой ауданы, Бірлес ауылы, Жамбыл облысы, ҚазКСР)

Азаматтығы

 Қазақстан

Ұлты

қазақ

Қызметі

педагог, өнер қайраткері

Әкесі

Бақберген Тоқпанбетұлы[1]

Анасы

Орынкүл Садыққызы

Жұбайы

Рабиға Сақыпқызы, мектеп мұғалімі[2]

Балалары

Жанат, Қанат, Қуат[3][4][5]

Марапаттары мен сыйлықтары

Өмірбаяны

Әуесбай Бақбергенұлы 1951 жылы Жамбыл облысы, Луговой ауданы Бірлес ауылында (қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы, Сәлімбай Пірманов ауылы) шаруа отбасында дүниеге келген.[10] Әкесі Бақберген мен анасы Орынкүлден барлығы Ажаркүл, Базаркүл, Әбу-Иса, Әуесхан, Әуесбай, Әуесалы есімді алты перзент тараған.[11] Ә.Бақбергенұлы 1973 жылы Өскемен педагогикалық институтын «Ән-күй пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша үздік бітірген.[12] Еңбек жолын сол жылы Жамбыл атындағы №5 мектепте «Ән-күй» пәнінің мұғалімі ретінде бастады.[13] 40 жылға жуық Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде (бұрынғы педагогикалық училище) оқытушы, кафедра меңгерушісі,[14] өнер ұжымдарының жетекшісі болып қызмет етті.[15] 1978 жылы Жамбыл облыстық «Алатау» ән-би ансамблінің бишілер тобына сүйемелдеуші-баянист болып жұмысқа шақырылды.[16][17]Өнер саласының білікті маманы – қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі жүздеген мәдени іс-шараның белсенді қатысушысы әрі ұйымдастырушысы.[18]

Жамбыл облысы, Красногор аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Луговой аудандық мәдениет үйінің директоры болды. 1984 жылы Красногор ауданында халық ақыны, әнші, сазгер Кенен Әзірбаевтың 100 жылдығын республика ауқымында ұйымдастырушылардың бірі.[19] 100 жылдық мерейтой қарсаңында 1982 жылы Кенен ауылы өнерпаздарының басын қосып, «Ойжайлау» фольклорлық ансамблін құрып, жетекшілік етті.[20] 1984 жылы ансамбль ұжымы Алматыда қазақ телевизиясында 45 минуттық жеке концерт беріп, 1985 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауында лауреат атанды.[21]1984 ж. Кенен Әзірбайұлының 100 жылдығына орай қазақ телевизиясы «Асыл мұра» хабарын түсірді. Хабардың жүргізушілері әдебиет және өнер зерттеушісі Ақселеу Сейдімбек, әнші Жәнібек Кәрменов. «Жәнібек ән салады, Ақселеу тамсанады» деген сөз тіркесі осы хабардың түйіні ретінде халық арасына тарап кеткен. Хабар Жамбыл облысы, Красногор ауданы (қазіргі Қордай ауд.), Кенен ауылында орналасқан Кенен Әзірбайұлының әдеби-мемориалдық музейінде түсірілген. Хабардың түсіріліміне ақынның ұлы, музей директоры Көркемжан Кененұлы, Красногор аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Әуесбай Бақбергенұлы қатысты.[22]

Жастарға оқытудың жаңа технологиясының әдіс-тәсілімен білім берген ұстаз сапалы еңбегімен, дәріс берудегі ізденімпаздығымен, ерекше еңбекқорлығымен мәдениет және педагогика саласына зор үлес қосты.[23] Білімгерлердің озық шығармашылық бастамасын жан-жақты қолдаумен қатар, олардың кәсіби шеберлігін шыңдауға мол бағыт-бағдар берді.[24]Әдістемелік жұмыстың бір қыры – ұстаздың өз шәкірттерімен бірге әр жылы шығармашылық концерт беруді дәстүрге айналдыруы.[25] Ол Жамбыл облысында «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» фестивалінің, «Жүрекке жылы әуендер» ретроәуендер байқауын тұрақты ұйымдастырып, шәкірттерімен бірлесе өнер көрсетті.[26] «Үміт» мамандандырылған бөбектер үйіндегі «Ризашылық», «Қамқоршы түн» аталған түрлі іс-шарада жыл сайын білім алушы жастармен бірге концерттік бағдарлама ұсынды.[27] Облыс ауқымында «Наурыз» мейрамдары, «Сағындырған әндер-ай», «Сағындым Кенен атамды», «Қазақ музыкасының шежіресі» байқауларын ұйымдастырып, белсене өнер көрсетті.[28] Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Балауса» қыздар вокалды ансамблі,[29]«Серілер» жігіттер квартетінің негізін қалап, жетекшілік етті.[30]

Сурет:Серілер квартеті.jpeg
«Серілер» квартеті: (солдан оңға қарай) Асылбек Жанғарин, Мұхит Мулкаразов, Әуесбай Бақбергенұлы, Серік Қалмағамбетов.

Әуесбай Бақбергенұлы оқытушылардың ғылыми-практикалық конференцияларында «Қабылдауды дамытудың негізі – музыка мәдениетіне тәрбиелеу», «Жас сырнайшыны алғашқы сүйемелдеу дағдысына оқытудың әдістемесі», «Алғашқы сүйемелдеуге үйрету», «Дина Нұрпейісованың шығармашылығы мен өнерін музыка сабақтарына пайдалану», «Затаевич: «Қазақ халқының 1000 әні» аталған ғылыми конференцияларын ұйымдастырып, талай рет ғылыми баяндама жасады.[31] Тәжірибелі педагогтың жетекшілігімен «Қазақ халқының аспаптық музыкасының жастарға беретін ұлттық тәрбиелік мәні» әдістемелік нұсқауы, «Мектеп балаларын шығармашылық өнерге баулу» әдістемелік құралы жазылды.[32]

Ұлағатты ұстаз музыкалық білім беру саласында педагогикалық мектеп қалыптастырып, есімі республика аясына танымал шәкірт шоғырын тәрбиеледі.[33] Олардың арасында бүгінгі мектеп директоры, білікті педагог Бақыт Сапаралиева,[34] Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән байқауының дипломанттары – Светлана Байқұлақова,[35] Назкен Қошқарбаева, «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар байқауы мен Мальта мемлекетіндегі халықаралық ән фестивалі лауреаты, эстрада әншісі Тахмина Әшімбекова, Кенен Әзірбаев атындағы филармония директорының орынбасары, Мәдениет саласының үздігі Жандос Омаров және тағы басқа шәкірттерінің шоқтығы биік.[36]

Әуесбай Бақбергенұлының есімі 2020 жылы шыққан «Білімнің жаққан шырағын» атты Жамбыл облысы педагогтарының антологиясына және облыстың жетістікке жеткен танымал түлектері туралы jambyl-tylek.kz порталының дерекқорына енген.[37]

Марапаты

Қоғамдық қызметі

  • 2018 жылдан Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясы мүшесі;[47]
  • 2023 жылдан Тараз қалалық ардагерлер Кеңесі мүшесі.

Дереккөз

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм