Қанат Әуесбайұлы Әуесбай

Қанат Әуесбайұлы (ағылш. Kanat Auyesbay, журналистикадағы имидждiк есiмi Әуесбайдың Қанаты[2]; 14 қаңтар 1982 жылы, Жамбыл қаласы, (қазіргі Тараз қаласы, Жамбыл облысы) — халықаралық журналист, педагог-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» стипендиясы стипендиаты.

Қанат Әуесбайұлы Әуесбай
Туған күні

14 қаңтар 1982 (1982-01-14) (42 жас)

Туған жері

Тараз, Жамбыл облысы,  Қазақстан
(Жамбыл қаласы, Жамбыл облысы, ҚазКСР)

Азаматтығы

 Қазақстан

Ұлты

қазақ

Қызметі

Журналист, педагог-ғалым

Әкесі

Әуесбай Бақбергенұлы[1]

Анасы

Рабиға Сақыпқызы

Жұбайы

Баян Жалғасбекқызы, әлеуметтанушы, PhD

Балалары

Ералы, Иманәлі, Ажарлым

Марапаттары мен сыйлықтары

Өмірбаяны

1982 жылы 14 қаңтарда Жамбыл қаласында (қазіргі Тараз қ-сы) ұстаздар отбасында дүниеге келді. 1988 жылы Жамбыл қаласындағы №46 орта мектепке бірінші сыныпқа барып, онда 1991 жылға дейін оқыды. 1991-1997 жж. Жамбылдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 орта мектебінде білім алды. 1999 жылы №45 Бауыржан Момышұлы мектеп-гимназиясын бітірді[3].

Журналист болуына өзінің айтуынша нағашы атасы Сақыпкерей түрткі болған. Көз жанары көруден қалған атасы ауылға келген немерелеріне газет оқытып, хат жаздырған. Атасының басылымдарды жиі оқытқаны арқасында Қ.Әуесбай қолына қалам алған. 1996 жылы республикалық «Ұлан» балалар газетінде Жамбылдың 150 жылдығына орай мектепте өткен кеш туралы «Ғасырдың қарт бұлбұлы» атты тұңғыш мақаласы басылды. «Ұлан» балалар газетінің тұрақты авторы болып, кейінірек «жас тілшісі» атанды[4].

Қанат кәсіби музыкант, баянда ойнайды. 1992 ж. Жамбылдағы Дина Нұрпейісова ат. балалар саз мектебіне «баян» сыныбы бойынша оқуға түсіп, 1997 ж. Құрманғазы атындағы өнер мектебін бітірген. 1998-1999 жж. Абай ат. Жамбыл гуманитарлық колледжінің «халық аспаптары» бөлімінің «баян» сыныбында оқыды. Колледжде оқып жүріп, құрамында баян мен екі домбырасы бар «Серілер» триосын құрған. Кейін әл-Фараби ат. ҚазҰУ қабырғасында «Бейбарыс» тобы құрамында ән айтқан. Әндері CD-табаққа енді. Университетте «Жігіт сұлтаны» байқауының I-орын иегері атанды[4].

Қ.Әуесбай ұзақ жылдар бойы журналистік кәсібін ғылыми-педагогикалық қызметпен ұштастырып келеді. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Л.Гумилев ат. ЕҰУ, Х. Досмұхамедұлы ат. Атырау университетінде оқытушылық қызмет атқарды. Қ.Әуесбай БАҚ саласы мамандары үшін түрлі шеберлік дәрісі, семинар-тренингті тұрақты өткізіп келеді.

Тележурналист ретінде Франция, АҚШ, Швейцария, Грекия, Біріккен Араб Әмірлігі, Сауд Арабиясы, Қытай, Түркия, Марокко, Моңғолия, Ауғанстан, Иран, Пәкістан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Малайзия сияқты елдерге барып, қоғамдық-саяси маңызы бар репортаждар дайындады. 2011 жылы 14 наурыздан бастап, 14 күн бойы Қазақстанның 14 облысының тәуелсіздік тұсындағы жетістігін қамтыған «Қазақстан. Менің елім» телекөрсетілімін жүргізді[5]. Сол кездегі «Қазақстан» телерадиокорпорациясы төрағасының бірінші орынбасары Ләззат Мұратқызының ұсынуымен Астанаға ауысып, «Апта.KZ» сараптама хабарын жүргізді. Актерлікке талпыныс жасап, тұңғыш қазақстандық «SitCom» форматындағы «Айналайын» сериалында тележурналисттің эпизодтық рөлін ойнаған. 2012 жыл қорытындысы бойынша «Айқын» газеті ұйғарымымен «үздік тележүргізуші» атанды. 2011 жылдың желтоқсанында Сүлеймен Демирель университетінің Алматы қаласы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен «Тәуелсздік ұрпағы - тәуелсіздік көзімен» шығармашылық байқауында үздік шыққан білімгер Гүлбақыт Асылбек «Қанат Әуесбай» атындағы Дипломмен марапатталды[6].

Қанат Әуесбай ілік септігінің жалғауымен айтылатын «Әуесбайдың Қанаты» имидждік есімін қазақ тележурналистикасында тұңғыш қолданды. Сонымен қатар, ол ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясымен оқыған тұңғыш журналист[7].

Қанат Әуесбайдың есімі Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы бастамасымен шыққан «Әулиеата жастары» энциклопедиясына енген (2020 ж.).

Қ.Әуесбай медиа сарапшы ретінде орта мектептің 5-9 сыныбына арналған «Жаһандық құзыреттілік» оқулығындағы «медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық» аталған 3-бөліміне кеңесші болды («Арман-ПВ» баспасы, Алматы, 2024 ж.)

Білімі

Еңбек жолы

Еуразия телевизия және радио Академиясының мүшелік сертификатын Академия президенті Валерий Рузиннің тапсыру сәті (2 шілде 2012 ж.)

Қоғамдық қызметі

«Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен» кітабының Қазақстандағы таныстырылымы (24 желтоқсан 2016 жыл)

Арнайы репортажы

Имидждік есімі

Дүниежүзілік журналистер конференциясының қатысушысы, Оңтүстік Корея (4-11 наурыз 2018 ж.)

Қанат Әуесбай имидждік есімі ретінде «Әуесбайдың Қанаты» нұсқасын қолданады, бұл туралы республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетіне сұхбатында айтады:

— Бұл көп журналистің ара­сынан әдейі ерекшеленіп, әлдебір атақ шығару үшін ойлап табылған амал емес. Халқымыз жетпіс жыл бойы - «ов», - «ев», - «вич» сияқты орыс тіліндегі «кімнің»? деген сұраққа жауап беретін ілік септігінің жалғауын өз тегіне «жегіп» келді. Оның заманы өтіп, тәуелсіз елдің тек атауын қалып­тастыру үрдісі басталды. Бірақ ол үрдіс өкінішке қарай, әлі бірізді­ленген жоқ. Ұлтымызға қазақты­ғымызды фамилиясының жал­ғауы­нан-ақ білдіріп тұратын жал­ғау керектігі көптен бері айтылып жүр. Мәселен, - «дзэ» десең адам­ның грузин екендігі, «ян» деп аяқ­талса армян екені, «оғлы» десе әзірбайжан немесе түрік екені бірден аңғарылады. Біздің халықта әзірге тек атауларының ел арасына сіңісе қоймаған нұсқалары ғана бар. Менің «Әуесбайдың Қанаты» болуым сол көп нұсқаның бірі ғана. Бұдан бөлек, бізде «Қанат Әуесбай» деп еш жалғаусыз айта салатын нұсқа бар. Жалғауының жоқтығынан, бұл нұсқада аты қай­сы, тегі қайсы екенін шатастырып алып жатамыз. Сондықтан өз ба­сым жалғаумен айтқанды құп көр­дім. - «Дың» нұсқасын өзім ойлап таптым деуден аулақпын. Менен бұрын бұл жалғауды алаш­тың зиялылары қолданған. Мә­селен, қазақтың айтөбел ақыны Қасым Аманжол «Өзім туралы» атты өлеңінде: «Аманжол Ра­қым­жанның Қасымымын, Мен қалған бір атаның ғасырымын» деп тебі­ренеді. Кейінгілерден Әбдіраштың Жарасқаны да аты-жөнін атаудың осы формасын қо­­лай көрген. Ен­деше мен сол дайын нұсқаны пай­даланушы ға­на­мын. Алғашында «Әуесбай­дан Қанат» деп айтып көрсем деп ой­лағанмын. Бірақ «Әуесбайдың Қанаты» болу мағы­насы жағы­нан әдемі үйлесім тап­қасын осы нұсқаға тоқтадым. Те­ле­журналистің қаруы эфир ғой. Ендеше, бұқаралық ақпарат құ­ралдарында бұл нұсқалар неғұрлым көп айтылған сайын, ерте ме, кеш пе, оның біреуі болмаса, біреуі ха­лық құлағына сіңісуі тиіс деген ойға келдім. Өз басым халқы­мыз­дың өз тегін қалауына қарай айта да, жаза да алуын да тәуелсіздіктің тағы бір тарту-таралғысындай көремін.

— Қанат Әуесбайдың республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетіне берген сұхбатында[5]

Отбасы

Марапаты

Кітаптары

  • Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен - Looking west. A Kazakh’s view of Great Britain» кітабы, publisher: Hertfordshire Press 2016, ISBN 978-1910886373.[7]

Автор кітапта Британияда оқыған жылдары ағылшын қоғамының әр саласынан біліп-түйгенін публицистикалық көзқараспен жеткізеді. 10 тараудан тұратын кітапта Ұлыбритания тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі, өмірлік құндылықтары мен қағидалары, жаһандану кезінде ағылшын тілін білудің маңызы, білім беру мен жастар мәселесі, БАҚ саласының ахуалы арқау етілген. Кітап 2016 жылы Ұлыбританияда, Лондон қаласында басылды. Қазақстанда ауыл мектептерінің кітапханаларына таратылды.

Кітаптың тұсаукесері 2016 жылдың 15-желтоқсанында Кэмбридж университетінде өтті. Тұсаукесер рәсіміне Кэмбридж университетінің профессор ғалымдары, Британиядағы қазақ студенттері қауымдастығы мен Қазақстан елшілігінің өкілі қатысты. Осыған байланысты ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында тұсаукесердің онлайн көрсетілімі ұйымдастырылды. Кітаптың Қазақстандағы таныстырылымы 2016 жылдың 24-желтоқсанында Тұңғыш Президент кітапханасында өтті.

Мақалалары

  • Медиа-орталыққа мағыналы атау керек; (9 қараша 2011)[62]
  • Ұлттық арнаның тартулары; (1 қыркүйек 2011)[63]
  • Ұлттық арнада - «Сыр-Сұхбат»; (26 мамыр 2011)[64]
  • Ұлттық арнада «Пай-пай шоу»; (4 қараша 2010)[65]
  • Ұлттық арнада «Балапан» қанат қақты; (30 қыркүйек 2010)[66]
  • «Қазақстан» телеарнасы қырық екі сериялы туынды түсіріп жатыр; (12 тамыз 2010)[67]
  • Ақылы қызметке аң-таңмын... (10 ақпан 2010)[68]
  • Бес бақыт; (5 мамыр 2012)[69]
  • Елордада «Ұлттық арна» көшесі ашылса; ("Халық сөзі" газеті)[70]
  • Сүлейман Демирель, Түркия Республикасының экс-президенті: Түркі дүниесінде ешкім ешкімнен де жоғары емес, ешкім ешкімнің ағасы да емес[71]
  • Қазақ қаржыгерінің формуласы әке-көке, руластық емес, жан-жақты білім болуы керек[72]
  • Book by Bolashak Alumnus Presented at Cambridge; (Astana times)[73]

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер