App Store

App Store — iPhone мобильді телефондары, iPod Touch плеерлері мен iPad планшеттеріне арналған әртүрлі қолдаңғырлары бар iTunes Store онлайн-супермаркетінің бөлімі, қолдаңғырлар дүкені. Оларды сатып алуға немесе тегін жүктнп алуға болады.

App Store
Тұрпат

Сандық дистрибуция, жаңартылу

Жасаушы

Apple Inc.

Операциялық жүйелер

iOS,
iTunes 7.7 немесе жоғары

Бірінші шығару

шілде 10, 2008 (2008-07-10)

Ақпараттық платформа

iPhone, iPod touch, iPad, iTunes

Жағдай

Белсенді / 900,000+ app[1]
50 миллиард app жүктелген.[2]

Лицензия

фривер

Сайт

apple.com/iphone/from-the-app-store/

Танымал үстемелер

ОрынАқылы үстемелерТегін үстемелер
1Bad PiggiesFacebook
2Fruit NinjaPandora Radio
3Doodle JumpWords With Friends Free
4Cut the RopeSkype
5Angry Birds SeasonsThe Weather Channel
6Words With FriendsGoogle Search
7Tiny WingsGoogle Earth
8Angry Birds RioAngry Birds Free
9Pocket GodShazam
10Camera+Netflix

Дүкен жайлы

App Store iPhone мен iPod Touch ке арнап 600 мыңнан астам, iPad қа арнап шамамен 200 мыңдай қолдаңғырлар ұсынады (2012 жылдың 7 наурызында[3]), жүктеулер саны 50 миллиардтан асса, қолданушылар қорын 200 миллион адам құрап отыр.[4] Қолдаңғырлар құрамында көптеген санаттар бар. Соның ішіне FreeCell мен Sudoku ойындары, Facebook, MySpace, The New York Times, Pandora, PayPal мен Twitter сияқты басқа да қолдаңғырлар өте көп.

Сатылып жатқан көптеген қолдаңғырлардың құны $0,99 дан $9,99 ға дейін құрайды, кейбір профессионалды қолдаңғырлар анағұрлым қымбаттырақ тұрады. Сонымен қатар App Store арқылы тегін қолдаңғырлар таратылып жатады.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Сілтемелер