iPhone

iPhoneApple компаниясының төрт диапазонды мультимедиалық смартфондары. Смартфондар iPod плеерінің, коммуникатордың және интернет-планшеттің қызметін атқарады. Mac OS X операциялық жүйесінің аздап жеңілдетілген түрі Apple iOS операциялық жүйесінде жұмыс істейді.[5]
3G: 11 маусым 2008 жыл[6]

iPhone
сурет
iPhone 7
Өндіруші

Apple Inc.

Сату датасы

бірінші iPhone: 2007 жыл
3G: 2008 жыл
3GS: 2009 жыл
4: 2010 жыл
4S: 2011 жыл
5: 2012 жыл
5c/5s: 2013 жыл
6/6 Plus: 2014 жыл

Салмағы

бірінші: 135 г
3G: 133 г
3GS: 135 г
4 : 137 г
4S : 140 г
5/5s: 112 г
6: 129 г
6 Plus: 172 г

Операциялық жүйе

бірінші: iPhone OS 3.1.3
3G: iOS 4.2.1[1]
3GS: iOS 6.1.6
4: iOS 7.1.2
4S/5/5s/5c/6/6 Plus: iOS 8.4

Оперативтік зерде

бірінші/3G: 128 MB
3GS: 256 MB
4/4S: 512 MB[2]
5/5s/5c: 1024 MB
6/6 Plus: 1024 MB

Жады

бірінші: 4, 8 немесе 16 GB
3G: 8 немесе 16 GB
3GS: 8, 16 немесе 32 GB
4: 8, 16 немесе 32 GB
4S: 8, 16, 32 немесе 64 GB
5: 16, 32 немесе 64 GB
5s: 16, 32 немесе 64 GB
5c: 8, 16 немесе 32 GB
6/6 Plus: 16, 64 немесе 128 GB

Аккумулятор

ауыстырылмайтын Li-Ion
бірінші: 3,7 В, 1400 мА·с
3G: 3,7 В, 1150 мА·с
3GS: 3,7 В, 1219 мА·с[3]
4: 3,7 В, 1420 мА·с[4]
4S: 3,7 В, 1432 мА·с
5: 3,8 В, 1440 мА·с
5s: 3,8 В, 1560 мА·с

Экран

проектициялы-ауқымдық сенсорлық экран
бірінші/3G/3GS/4/4S - 3,5
5/5s/5c - 4
бірінші/3G/3GS: TFT 320 × 480
4/4S: Retina 640 × 960
5/5s: Retina 640 × 1136
6: Retina HD 750 × 1334; 4,7
6 Plus: Retina HD 1080 × 1920; 5,5

Камера

бірінші/3G: 2 Мп
3GS: 3 Мп автофокусмен
4: 5 Мп HD-видео 720p жазу кезінде автофокусы бар, және бейне қоңыраулар үшін 0,3 Мп алдыңғы камера бар
4S: 8 Мп HD-видео 1080p жазу кезінде автофокусы бар, және бейне қоңыраулар үшін 0,3 Мп алдыңғы камера бар
5/5s/5c: 8 Мп HD-видео 1080p жазу кезінде автофокусы бар, және бейне қоңыраулар үшін 1,2 Мп алдыңғы камера бар

Солдан оңға қарай: iPhone, iPhone 3G, iPhone 4

iPhone алғаш рет 9 қаңтар 2007 жылы MacWorldExpo конференциясында көпшілікке таныстырылды. 29 маусым 2007 жылы саудаға түсіп, АҚШ-тағы смартфондар саудасының едәуір бөлігін жаулап алды.[7]

2008 жылы 10 маусымда WWDC 2008 конференциясында бағдарламалық және аппараттық кемшіліктері жойылған телефонның саудаға түскеннен бергі үшінші моделі - iPhone 3G таныстырылды. Бұл модель операциялық жүйенің жаңа нұсқасы iPhone OS 2.0 платформасында жұмыс істейді.[8]Сондай-ақ, iPhone 3G, Ресейде сатылған және орыс тілінде қолдау алған бірінші iPhone болды.

2008 жылы iPhone PC World басылымының нұсқасы бойынша қазіргі заманғы ең пайдалы технологиялар рейтингінде екінші орынға шықты[9].

2009 жылы 8 маусымда қатарынан үшінші телефон моделі, келесі буыны — Iphone 3GS, таныстырылды, бұл iPhone 3G жетілдірілген нұсқасы еді. iPhone 3GS, оперативті жады екі есе үлкейтілді, жұмыс істеу жылдамдығы өсті, және 32 ГБ ішкі жадпен және iPhone OS 3.0 операциялық жүйесімен жабдықталған, алдыңғы үлгілердегі бағдарламалық қамтамасыз етілуіндегі кемшіліктерінің елеулі бөлігі жойылған және қосымша функциялармен қамтамасыз етілген: көшіру және қою, MMS жіберу мүмкіндігі, Spotlight, Speak Notes, iPhoneға телешоу, сазды видео, фильмдер және аудиокітаптарды тікелей жүктеу мүмкіндігі, Find My iPhone, SMS жіберу/жою және т.б.2010 жылы 7 маусымда жаңартылған операциялық жүйесі бар (осы күні iPhone OS жаңа - iOS атауын алды) бар iPhone 4 таныстырылды, ізашардың елеулі бірқатар артықшылықтары бар, соның ішінде неғұрлым қуатты Apple A4 процессорі, ажыратымдылығы 640 × 960 пиксель IPS-матрицалы СК-дисплей, 5 мегапиксельді камера, және бейнетелефония үшін камера (0,3 мегапиксель).

2011 жылы 4 қазанда iOS 5 операциялық жүйесімен iPhone 4S (келесі күні, 2011 жылы 5 қазанда, Стив Джобс қайтыс болды). Жаңартылған телефон iPad 2 Apple A5 процессорін алды, 8-Мп камера және GSM/CDMA гибридті жүйесімен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ WWDC 2012-ге дейін Voice Control-мен бірге келген, Siri дауыстық көмекшісі, тек iPhone 4Sте қол жетімді болды.

2012 жылдың шілдесіне дейін 250 млннан аса iPhone сатылды[10].

2012 жылы 19 қыркүйекте компания әдеттегі жаңартылған буынды — iPhone 5 таныстырды. Бұл модель біршама «биік» экранымен (экран диагоналі 3,5 дюмдік алдыңғыларға қарағанда 4 дюймдік экранмен шықты), бұл iPhone пайда болғаннан бергі өндірістегі ең елеулі өзгеріс болды. Сондай-ақ, жаңа IOS 6 таныстырылды.

2013 жылдың маусым айында Apple компаниясы оның АҚШ-тағы пайдаланушылар үшін айырмашылық бағасы үшін қосымша төлей отырып ескісін жаңа телефонға алмасу мүмкіндігін енгізді[11].

2013 жылы 10 қыркүйекте iPhone 5s таныстырылды. Телефон 64-разрядты А7/М7 процессорін, дактилоскопиялық сенсор, жаңартылған Lightning ұясын алды. Сондай-ақ, неғұрлым арзанырақ поликарбонаттан жасалған және саусақ сенсор жоқ iPhone 5c таныстырды.

2014 жылы 9 қыркүйекте ұлғайтылған жақсартылған экранымен iPhone 6 және iPhone 6 Plus таныстырылды, А8/М8 жаңа процессорымен, фазалық назар аудару жүйесімен камерамен жабдықталды.2017 жылы 18 қарашада IPhone 8 шықты.

Өнімдерді салыстыру

Батареядан жұмыс жасауы, с

МодельiPhone
2G3G3GS44S5[12]5c5s6[13]6 Plus6s[14]6s Plus[14]
Бейне7710101010101114101114
Музыка242430404040404050805080
Веб-парақшаларды қарау: Wi-Fi66910910101112101112
Веб-парақшаларды қарау: 3G556688101281012
Веб-парақшаларды қарау: LTE8101010121012
2G 3G сөйлесу уақыты8101214148101014241424
Күту режимінде250300300300200225250250250400240384

Жад

МодельiPhone
2G3G3GS44S55C5S66 Plus6s6s PlusSE77 Plus
4 ГБИәЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқ
8 ГБИәИәИәИәИәЖоқИәЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқ
16 ГБИәИәИәИәИәИәИәИәИәИәИәИәИәЖоқЖоқ
32 ГБЖоқЖоқИәИәИәИәИәИәЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқИәИә
64 ГБЖоқЖоқЖоқЖоқИәИәЖоқИәИәИәИәИәИәЖоқЖоқ
128 ГБЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқИәИәИәИәЖоқИәИә
256 ГБЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқЖоқИәИә

iPhone сатылымдар географиясы

Төменде Apple IPhone ресми түрде сатылатын елдердің тізімі[15].

IPhone сатылатын елдер:      бірінші буыннан бастап      екінші буыннан бастап      жақын арада күтілуде

IPhone таймлайны

iPhone 13 ProiPhone 13iPhone 12 Pro MaxiPhone 12 ProiPhone 12iPhone 12 MiniiPhone SE (2nd generation)iPhone 11 ProiPhone 11iPhone XRiPhone XSiPhone XiPhone SE (1st generation)iPhone 8iPhone 7iPhone 6SiPhone 6iPhone 5SiPhone 5iPhone 4SiPhone 5CiPhone 4iPhone 3GSiPhone 3GiPhone (1st generation)
Қайнары: Apple Newsroom Archive[16]

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

  • iPhone Apple ресми сайтында  (орыс.)
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: iPhone
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: IPhone