II Николай

Николай ІІ, Николай Александрович Романов (18 мамыр 1868, Царское Село – 17 шілде 1918 жыл Екатеринбург) – Ресейдің соңғы императоры (1894–1917). Александр ІІІ-нің үлкен ұлы.

II Николай
II Николай Александрович
II Николай
II Николай
II Николайдың жеке елтаңбасы
Лауазымы
Ту
Ту
Бүкілресей Императоры
Ту
Ту
1 қараша 1894 жыл — 15 наурыз 1917 жыл
ІзашарыIII Александр
Ізбасарылауазым ыдыратылды
Ту
Ту
Польша патшасы
Ту
Ту
20 қазан (1 қараша) 1894 — 2 (15) наурыз 1917
ІзашарыIII Александр
Ту
Ту
Финляндияның Ұлы кінәзі
Ту
Ту
1 қараша 1894 — 15 наурыз 1917
ІзашарыIII Александр
Өмірбаяны
Дүниеге келуі18 мамыр 1868 (1868-05-18)
Санкт-Петербург
Қайтыс болуы17 шілде 1918 (1918-07-17) (50 жас)
Екатеринбург
ДинастияРомановтар
ӘкесіIII Александр
АнасыМария Федоровна
ЖұбайыАлександра Фёдоровна
Балаларықыздары: Ольга Николаевна, Татьяна Николаевна, Мария Николаевна және Анастасия Николаевна
ұлы: Алексей Николаевич
Әскери қызметі
Қызмет еткен жылдары1887–1892
Әскер түріОрыс Империялық әскері
Атағы Полковник
ШайқасыБірінші дүниежүзілік соғысы
II Николай Ортаққорда

Николай ІІ патшалық еткен кезең Ресей экономикасының жедел даму дәуіріне тура келді. Өнеркәсіптің шапшаң дамуы жұмысшы қозғалысының және шаруалар толқуының күшеюімен қатар жүрді. Николай ІІ дамып келе жатқан революциялық қозғалысқа қарсы армияны, полицияны, сотты пайдаланды, ұлтшылдық пен шовинизмді қоздырды, агрессиялық сыртқы саясат жүргізді, ал бұл саясат 1904 – 1905 жылдарғы орыс-жапон соғысына душар етті.

Империалдық монограмма
Ресми фото-портреті (1898)

Орыс-жапон соғысында жеңілу елді 1905 – 1907 жылдардағы революцияға алып келді. Халық толқуынан жасқанған Николай ІІ кейбір жеңілдіктерге баруға мәжбүр болды. Саяси партиялар жария жұмыс істей бастады. Столыпиннің аграрлық реформасы жүргізіліп, Қазақстанның, Сібірдің, Орта Азияның жергілікті тұрғындары өз жерлерінен ығыстырылды. Мемлекеттік думаны құрды (1906 жылы).

Сыртқы саясатта Ресей Антанта елдерімен жақындасып, Германия мен оның одақтастарына қарсы 1-дүниежүзілік соғысқа (1914 – 1918) қатысты. Орасан зор соғыс шығындары елді қатты тұралатты. Жұмысшылардың бас көтерулері мен шаруалар толқуы қайта күшейді, 1916 жылы Орта Азия мен Қазақстанда ұлт-азаттық қозғалысы болып өтті.

Елдегі саяси дағдарыс 1917 жылы Ақпан төңкерісіне ұласты. Николай ІІ тақтан өз еркімен бас тартуға мәжбүр болды. Ол тұтқындалып, Тобольскіге, Қазан төңкерісінен кейін Екатеринбургке жіберілді. Азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметінің қаулысы бойынша Николай ІІ және оның отбасы мүшелері Екатеринбург қаласында атылды.[1]

Дереккөздер


Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Николай II