Алекс Фергюсон

Сэр Александр Чепмен Фергюсон (ағылш. Sir Alexander Chapman Ferguson; 31 желтоқсан, 1941 жыл, Глазго, Шотландияда туған) - шотландық футболшы, футбол жаттықтырушысы. Алекс Фергюсон, сэр Алекс, САФ немесе Фе́рги лақап есімдерімен белгілі бұл кісі 1986 жылдан 2013 жылға дейін 27 жыл бойы ағылшын клубы «Манчестер Юнайтедтың» бас жаттықтырушысы қызметін атқарды. Британия футбол тарихындағы ең үздік бапкер.[2] Әлем футбол тарихындағы ең ұлы бапкер деп танылған.[3][4][5]

сэр Алекс Фергюсон Футбол
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Александр Чепмен Фергюсон[1]

Лақап аттары

Fergie (Ферги), SAF (САФ)

Туған күні

31 желтоқсан 1941 (1941-12-31) (82 жас)

Туған жері

Глазго, Шотландия

Азаматтығы

Шотландия Шотландия

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

футбол карьерасын аяқтады

Клуб карьерасы[* 1]
1958—1960Шотландия Куинз Парк31 (11)
1960—1964Шотландия Сент-Джонстон37 (19)
1964—1967Шотландия Данфермлин Атлетик89 (66)
1967—1969Шотландия Рейнджерс41 (25)
1969—1973Шотландия Фалкирк104 (37)
1973—1974Шотландия Эйр Юнайтед24 (9)
1958—1974Барлығы326 (167)
Бапкерлік карьерасы
1974Шотландия Ист Стерлингшир
1974—1978Шотландия Сент-Миррен
1978—1986Шотландия Абердин
1985—1986 Шотландия
1986—2013Англия Манчестер Юнайтед

Бапкер жайлы фактілер

Фергюсон шотланд клубтары «Ист Стерлингшир» мен «Сент-Миррен» бас бапкері болған, содан соң «Абердинді" басқарып, сол клубпен көп жетісіткке жеткен. Қысқа мерзімге (1986 жылғы әлем біріншілігі күндері) Шотландия ұлттық құрамасын басқарды; содан «Манчестер Юнайтед» клубының бапкері болып 1986 жылы қарашада сайланды.

Фергюсон «Манчестер Юнайтедты» 24 жыл жаттықтырғалы бері рекордтық титулдар санын ұтқан. Фергюсон басқаруымен «Юнайтед» алдыңғы жүз жылдық тарихындағыдан да көп олжаға кенелді. 2010 жылы желтоқсанның 19 Фергюсон сэр Мэтта Басбидың клубты ұзақ уақыт басқару рекордын жаңартты.[6]

1999 жылы Елизавета II патшайымы Фергюсонды рыцарльлық мәртебеге лайық деп таныды. 2002 жылы Ағылшын футболы даңқ залына Фергюсон аты енгізілді. Сонымен қатар сэр Фергюсон Абердин қаласының құрметті азаматы атағын «Абердин» клубы бапкер ретіндегі жетістіктері үшін алды.

Бапкердің құрметіне "Олд Траффордқа" оның статуясы орнатылған.

Бапкер ретіндегі жетістігі

Сент-Миррен

  • Шотландия чемпионы: 1976/77

Абердин

  • Шотландия чемпионы (3): 1979/80, 1983/84, 1984/85
  • Шотландия кубогы (4): 1982, 1983, 1984, 1986
  • Шотландия лига кубогы: 1986
  • УЕФА Кубок иелері кубогы: 1983
  • УЕФА суперкубогы: 1983

Манчестер Юнайтед

  • Англия чемпионы (13): 1992/93, 1993/94, 1995/96, 1996/97, 1998/99, 1999/2000, 2000/01, 2002/03, 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2010/11, 2012/13
  • Англия кубогы (5): 1990, 1994, 1996, 1999, 2004
  • Англия лига кубогы (4): 1992, 2006, 2009, 2010
  • Англия суперкубогы (10): 1990, 1993, 1994, 1996, 1997, 2003, 2007, 2008, 2010, 2011
  • УЕФА чемпиондар лигасы (2): 1999, 2008
  • УЕФА Кбок иелері кубогы: 1991
  • УЕФА Суперкубогы: 1991
  • Құрлықаралыық кубок: 1999
  • Клубтар әлем чемпионаты: 2008

Жеке

  • Англия премьер лигасының үздік бапкері (27): тамыз 1993, қазан 1994, ақпан 1996, наурыз 1996, ақпан 1997, қазан 1997, қаңтар 1999, сәуір 1999, тамыз 1999, наурыз 2000, сәуір 2000, ақпан 2001, сәуір 2003, желтоқсан 2003, ақпан 2005, наурыз 2006, тамыз 2006, қазан 2006, ақпан 2007, қаңтар 2008, наурыз 2008, қаңтар 2009, сәуір 2009, қыркүйек 2009, қаңтар 2011, тамыз 2011, қазан 2012
  • Англия Премьер-лигасының үздік бапкері (11): 1993/94, 1995/96, 1996/97, 1998/99, 1999/2000, 2002/03, 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2010/11, 2012/13
  • Әлемнің үздік бапкері (LMA) (4): 1998/99, 2007/08, 2010/11, 2012/13
  • Онжылдықтың үздік бапкері (LMA): 1990-жж
  • УЕФА-дағы үздік клубтық бапкер: 1998/99
  • УЕФА жыл бапкері (2): 2007, 2008
  • Англия футболының құрмет залы: 2002
  • Шотландия футболының құрмет залы: 2004

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер