Андреа Пирло

Андреа Пирло (итал. Andrea Pirlo; 19 мамыр 1979, Флеро, Ломбардия) – италиялық футболшы, 2020 жылдан бері туриндіқ «Ювентус» клубының бас жаттықтырушысы Италия құрамасының экс-жартылай қорғаушысы. Айып алаңынан тыс жасалатын соққылардың шебері, допты беру дәлдігі және алаңды шебер көру қасиеттермен ерекшеленеді.

Андреа Пирло Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

19 мамыр 1979 (1979-05-19) (44 жас)

Туған жері

Флеро, Ломбардия, Италия

Азаматтығы

Италия Италия

Бойы

177 см

Салмағы

68 кг

Позиция

Жартылай қорғаушы

Клуб карьерасы[* 1]
1994—1998Италия Брешия47 (6)
1998—2001Италия Интернационале22 (0)
1999—2000 Италия Реджина28 (6)
2001 Италия Брешия10 (0)
2001—2011Италия Милан284 (32)
2011—2015Италия Ювентус120 (16)
2015—2017АҚШ Нью-Йорк Сити60 (1)
Ұлттық құрамы[* 2]
1994Италия Италия-153 (0)
1995Италия Италия-166 (2)
1995Италия Италия-174 (0)
1995—1997Италия Италия-1818 (7)
1998—2002Италия Италия-2146 (16)
2000—2004Италия Италия (олимп.)9 (1)
2002—2015Италия Италия116 (13)
Бапкерлік карьерасы
2020Италия Ювентус-23
2020—2021Италия Ювентус

2006 жылғы әлем чемпионы.

Карьерасы

Клубтық

16 жасында «Брешия» клубында алаңға тұңғыш рет шығады. «Брешияда» жақсы ойын көрсеткен соң - «Интер» клубына ауысады. Жаңа командада бірінші маусымында жақсы ойын көрсетеді, бірақ та кейін Роберто Баджо, Юрий Джоркаефф және Альваро Рекобамен бәсекелесте жеңіліске ұшырады.

1999-2000 жылдарды «Реджина» клуында арендада өткізді. Келесі маусымда «Интердің» бас бапкерімен тіл табыса алмайды және 10 миллион АҚШ доллар төлеген «Милан» клубына ауысты. «Миланды» сол кезде жаттықтырған бас бапкер Карло Анчелотти Пирлоның алаңдағы орнын тауып, Андреа өз тобы үшін баға жетпес ойыншыға айналады. «Милан» клубында он маусым бойы ойнайды. Сол кезде ол 184 ойын ойнап, 30-дан аса гол соқты. «Россонери» құрамында Андреа 2 рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы және 2 рет Италия Чемпионы болып атанған.

2011 жылы 18 мамырда - Андреа Пирло маусым соңында «Милан» тобынан кететінін хабарлады. 6 күннен соң ол туриндік «Ювентуспен» 3-жылдық келісімшартқа қол қояды. Жаңа тобында ол жаңа уәждемені тауып, шабытқа толы ойын көрсете бастады. «Бьянконеринің» бас бапкері Антонио Конте Пирлоға алаңда бостандық беріп, өз тобының ойынын Пирло арқасында қойды. Бірінші ойыннан бастап, Андреа өз жаңа тобының ойынына басшылық етті. 2011-2012 маусымында ол 35 ойынға қатысып, 3 гол соқты және 13 голдық доп шығарды. Пирлоның доп беру саны 2643-ке жетіп, оның дәлдігі 86.8% құрады. Бұл Хавидан кейінгі Еуропадағы екінші нәтиже.

2012 жылы «Ювентус» құрамында Италия чемпионы атанып, Роберто Баджо және Златан Ибрагимовичмен бірге 2 жылда 2 топ құрамында чемпионатты жеңген ойыншылар қатарына кірді.

Ұлттық құрама

2012 Еуропа чемпионатында

Италия құрама командасында 2002 жылы 7 қыркүйекте Әзірбайжан тобына қарсы бірінші рет алаңға шықты. Келесі жылдан бастап, Андреасыз ойнайтын Италия тобын көз алдына елестету мүмкін болмады.

2000 жылы Пирло жастар арасындағы Еуропа чемпионатының жеңімпазы болды, 2004 жылы ол Афинадағы өткен Олимпиада ойындарында қола медаль иегері болды, ал 2006 жылы Әлем чемпионатында жеңіске жетеді.2012 жылы Польша мен Украина жерінде өткен Еуропа чемпионатында, Андреа Пирло Италия құрама командасымен бірге финалға дейін жетті, ал бас ойында Испания тобынан 4 – 0 есебімен жеңілді.

Бапкерлік

2020 жылы тамыз айында "Ювентус" жаттықтырушысы Маурицио Сарри клубты чемпиондар лигасының 1/4 финалына шығара алмады да, клубтан кетті. Орнына Пирло бас жаттықтырушы боп тағайындалды.

Жетістіктері

Командалық

Милан

  • Италия чемпионы (2): 2003/2004, 2010/2011
  • Италия Кубогінің иегері: 2002/2003
  • Италия Суперкубогының иегері: 2004
  • Чемпиондар Лигасының жеңімпазы (2): 2002/2003, 2006/2007
  • УЕФА Суперкубогының иегері (2): 2003, 2007
  • Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 2007

Ювентус

  • Италия чемпионы: 2011/12, 2012/13, 2013/14, 2014/15
  • Италия Суперкубогының иегері: 2012, 2013
  • Италия кубогы: 2014/15

Италия құрама командасы

Жеке

  • ФИФА "Қола доптың" иегері: 2006
  • Плеймейкер арасындағы рейтингте 2006 жылы - 3 орын, 2007 жылы - 2 орын
  • Италиядағы жылдың ең үздік футболшы: 2012
  • УЕФА-ның маусымдағы 11 үздік футболшылардың қатарына кірді: 2012
  • Еуропа чемпионатының 11 үздік футболшылардың қатарына кірді: 2012
  • Әлем чемпионатының 11 үздік футболшылардың қатарына кірді: 2006

Жеке өмірі

Өз тұңғыш және жалғыз ғашығын, Андреа 18 жасында кездесті. Дебора мен Андреа 2001 жылы үйленді. Қазіргі кезде, Андреа мен Дебораның отбасыларында екі бала бар: Никколо мен Анджела.

Статистика

МаусымТопЛигаКубокЕурокбоктарБасқаВсего
Чемпиондар ЛигасыУЕФА Кубогі
ОйындарГолдарОйындарГолдарОйындарГолдарОйындарГолдарОйындарГолдарОйындарГолдар
1994/95Брешия1010
1995/96 (Б)
1996/97 (Б)17210182
1997/9829410304
1998/99Интер1805070300
1999/00
Реджина28620306
«Реджина» құрамында толығымен28620306
2000/01Интер4010201080
Брешия100100
«Интер» құрамында толығымен220609010380
«Брешия» құрамында толығымен57620596
2001/02Милан1822090292
2002/0327920130429
2003/043269131448
2004/0530410121435
2005/0633440121495
2006/0734240141523
2007/08333108230455
2008/0926131292
2009/103401081431
2010/111713050251
«Милан» құрамында толығымен284321808171216140141
2011/12Ювентус37340413
2011/12185006010255
«Ювентус» құрамында толығымен55840600010668

2013 жылы, 14 қаңтарда жаңартылды[1][2].

Дереккөздер

Сілтемелер