Маурицио Сарри

Маурицио Сарри (итал. Maurizio Sarri; 10 қаңтар 1959 жыл, Неаполь, Италия) — италиялық футболшы, футбол жаттықтырушысы.

Маурицио Сарри Футбол
Жалпы мағлұмат
Лақап аттары

Мистер 33[1]

Туған күні

10 қаңтар 1959 (1959-01-10) (65 жас)

Туған жері

Неаполь, Италия

Азаматтығы

Италия Италия

Бойы

180

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

клубсыз

Клуб карьерасы[* 1]
1974—1978Италия Фильине
1989—1990Италия Стиа
Бапкерлік карьерасы
1990—1991Италия Стиа
1991—1993Италия Фаэллезе
1993—1996Италия Каврилия
1996—1998Италия Антелле
1998—1999Италия Вальдема
1999—2000Италия Теголето
2000—2003Италия Сансовино
2003—2005Италия Санджиованезе
2005—2006Италия Пескара
2006—2007Италия Ареццо
2007Италия Авеллино 1912
2007—2008Италия Эллас Верона
2008—2009Италия Перуджа
2010Италия Гроссето
2010—2011Италия Алессандрия
2011Италия Сорренто
2012—2015Италия Эмполи
2015—2018Италия Наполи
2018—2019Англия Челси
2019—2020Италия Ювентус

Карьерасы

Темекіге құмарлығымен де аты шыққан бапкер. Ойын барысында да алаң жиегінде тұрып темекіні көп тартады.

Италияның бірер атақсыздау клубтарында ойнап, 1990 жылдары карьерасын аяқтады да, бапкерлікке кірісті. Бірнеше жылдар бойы төменгі лигалардағы клубтарды жаттықтырды. Тек ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығының соңында бапкер ретінде атағы шыға бастады. Бірақ көп уақытқа дейін еш клубта үзақ уақыт тұрақтамай, 2012 жылы ғана "Эмполидің" тізгінін ұстаған соң біршама уақыт сол жерден ауыспады. 2013/14 жылғы маусымда В сериясының үздік бапкері атанды.

Кейін тіпті "Наполи", "Челси" сынды атақты клубтарды жаттықтыра алатындай деңгейге көтерілді.

2018/19 жылғы маусымда "Челсиді" жаттықтырып, УЕФА Ұлттар Лигасын ұтып алды. Маусым біте салысымен "Ювентустың" тізгінін ұстады.

2019/20 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасында "Ювентус" 1/8 финалдан аса алмады да, Сарри қызметтен босады.

Жетістіктері

Командалық

Челси
  • УЕФА Еуропа Лигасы: 2018/19

Индивидуалды

  • В сериясының үздік бапкері: 2013/14.
  • А сериясының үздік бапкері: 2015/16.
  • Италиядағы жыл бапкері 2016/17.
  • Италия чемпионы: 2019/20

Дереккөздер

Сілтемелер