Футболдан 2012 жылғы Еуропа біріншілігі

Футболдан Еуропа чемпионаты 2012 (ресми атауы — UEFA EURO 2012™ Poland-Ukraine; көбіне «Еуро-2012») — УЕФА-ның қамқорлығындағы әрбір төрт жыл сайын өткізілетін 14-ші еуропа чемпионаты. Турнирдегі ойындарды Украина мен Польша бірігіп қабылдады. Алғашқы матч Варшавада 8 маусым 2012 жылы ойнатылып,[1] 1 шілде 2012 жылы Киевте финалдық ойынымен аяқталды.

Футболдан 2012 жылғы Еуропа біріншілігі
логотипі
Чемпионат сипаттамасы
Өткізу орыны

Польша Польша
Украина Украина

Өткізетін қалалар

Польша: Варшава, Познань, Гданьск, Вроцлав
Украина: Киев, Донецк, Харьков, Львов

Стадиондар

Польша: Ұлттық стадион (Варшава), Қалалық стадион (Вроцлав), Қалалық стадион (Познань), PGE Arena (Гданьск)
Украина: Металлист (Харьков), Арена Львов (Львов), Донбасс Арена (Донецк), Олимпиада (Киев)

Іріктеу мерзімі

11 тамыз 201015 қараша 2011

Финал мерзімі

8 маусым1 шілде 2012

Қатысушылар саны

52

финалда

16

Жүлделі орындар
Чемпион

 Испания (3-ші рет)

Екінші орын

 Италия

Үшінші орын

 Португалия
 Германия

Финал өткізу орыны

Олимпиада,
Киев

Чемпионат статистикасы
Келушілер саны

1 440 896 (46 481 бір ойында)

Ойналған мачтар саны

31 

іріктеуде

149

Голдар саны

76 (2,45 бір ойында) 

іріктеуде

391 (2,62 бір ойында)

Екі елдің чемпионатта қожайын болуы еуропа ұлттық біріншілік тарихындағы бұл үшінші турнир. Бұған дейін бірінші рет Бельгия мен Нидерланд елдерінде өткізілген 2000 жылғы футболдан Еуропа чемпионаты және Швейцария мен Австрияда өткізілген 2008 жылғы футболдан Еуропа чемпионаты болған еді.

Жеребе салу салтанаты Киевтегі «Украина» өнер және мәдениет ұлттық сарайында 2 желтоқсан 2011 жылы өткізілген болатын.

16 команда қатысатын бұл чемпионат соңғы болмақшы, себебі Еуро 2016-дан бастап командалар саны 24-ке көбейеді.

Қожайындарды таңдау

Алғашқы іріктеу

Басында он елден сегіз арыз түскен болатын, алайда үшеуі алғашқы аттестациядан өте алмағандықтан іріктеуден шығарылады.

КандидаттарАлғашқы аттестация
Квалификациялық дауыс беру раунды
Ақырғы дауыс беру раунды
Польша/ Украина+78
Италия+114
Хорватия/ Венгрия+90
Түркия+6
Грекия+2
Әзірбайжан×
Румыния×
Ресей×

Нәтижесінде турнирді өткізуге бес арыз қалады. Олар: Хорватия/Венгрия (екі арыз), Грекия, Италия, Польша/Украина (екі арыз) және Түркия. 8 қараша 2005 жылы УЕФА комитеті үш жолды дауыс беру арқылы арыздар санын қысқартады:

  • (11 дауыс)
  • / (9 дауыс)
  • / (7 дауыс)
  • (2 дауыс)
  • (6 дауыс)

31 мамыр 2006 жылы кандидат елдер алдағы Еуропа біріншілігіндегі барлық егжей-текжейлі тетіктерін жариялаған арнайы арыз кітап құруын аяқтайды. 18 сәуір 2007 жылы Кардиффтегі УЕФА сессиясында финалдық дауыс беру қорытындысын жариялайды.

Финалдық раунд

Финалдық раундта бірінші турдың өзінде 12 дауыстың 8 жинаған Украина мен Польшаның арыздары жеңіске жетеді.[2][3] Қалған төрт дауысты комиссия мүшесі италияндықтарға береді. Дауыс беруге 12 адам қатысады[4]: Мишель Платини (Франция), Герхард Майер-Форфельдер (Германия), Сенеш Эрзик (Түркия), Пер-Равно Омдаль (Норвегия), Анхель Мария Вильяр Лёна (Испания), Джеффри Томпсон (Англия), Мэттью Спренгерс (Нидерланд), Мариос Лефкаритис (Кипр), Джозеф Мифсуд (Мальта), Жилберту Мадаил (Португалия), Мирча Санду (Румыния) және Вячеслав Колосков (Ресей). Батыс Еуропаның қолдауымен таңдалған УЕФА президенті Мишель Платинидің өзі Украина мен Польшаның арыз беруіне қарсы болмаған-ды. Сайлауға дейін ол Шығыс Еуропадағы футболды дамыту керектігін тұспалдаған болатын.

Қатысушылар

Чемпионаттың финалдық кезеңінде 16 құрама қатысады. 1996 жылдан бері келе УЕФА-ға мүше қатысушылардың өсуі жоғары болмасада (48-ден 53-ке дейін, 19962006 жылдар аралығы), кейбір еуропалық футбол қауымдастықтары финалистердің санын 24-ке арттыру керектігін айтқан болатын. 2007 жылы 12 сәуірде УЕФА Атқарушы Комитеті ресми түрде Еуро-2012 чемпионатында командалардың өсуі болмайтынын хабарлады. Алайда кейінірек, 2008 жылдың қаңтарында Францияда өтетін Еуро-2016 чемпионатынан бастап финалдық кезеңде 24 команда қатысады деп шешілді[5].

Іріктеу турнирі

Іріктеу турнирдің жеребе тастауы 7 ақпан 2010 жылы Варшавада өткізілді. Жеребе үшін 51 құраманы 6 себетке бөлді. Алғашқы бес себетте 9 құрама, соңғысына 6 құрама болды. Командаларды топқа бөлу үшін бірінші рет құрамалардың рейтингісімен іріктеді.[6] Командалардың рейтингісін ӘЧ - 2006 және Еуро 2008-дегі іріктеу мен финалдық ойындарындағы, сонымен қатар ӘЧ - 2010 іріктеу турнирінің нәтижесіне қарай рейтингті құрды. Бұған дейін тек квалификацияланған кезеңдердегі нәтижесін ғана есептейтін. Жеребе тастау нәтижесінде құрама командалар 9 топқа бөлінді. Алты топ 6 командадан және үш топ 5 командадан құралды[7]. Топтардағы тоғыз жеңімпаз бен екінші орынды иеленеген ең мықты команда тікелей Еуро-2012 жолдама алды, қалған өз тобында екінші орын алған 8 құрама құрлықтық біріншілікте төрт жолдамаға матч ойнатты. Нәтижесінде 14 финалист шықты, олар турнирдің ұйымдастырушысы Украина және Польшамен бірге Еуро-2012 финалдық сатысына қатысатын болды.

Қатысушы командалардың бас бапкерлері мен капитандары

КомандаБапкерКапитан
ПольшаФранцишек СмудаЯкуб Блащиковски
УкраинаОлег БлохинАндрей Шевченко
ГерманияЙоахим ЛёвФилипп Лам
Ресей Дик АдвокатАндрей Аршавин
ИталияЧезаре ПранделлиДжанлуиджи Буффон
ФранцияЛоран БланЮго Льорис
НидерландБерт ван МарвейкМарк ван Боммел
Грекия Фернанду СантушГеоргиос Карагунис
АнглияРой ХоджсонСтивен Джеррард
ДанияМортен ОльсенДаниэль Аггер
ИспанияВисенте дель БоскеИкер Касильяс
ШвецияЭрик ХамренЗлатан Ибрагимович
ХорватияСлавен БиличДарио Срна
ЧехияМихал БилекТомаш Росицкий
Ирландия Джованни ТрапаттониРобби Кин
ПортугалияПаулу БентуКриштиану Роналду

Финалдық турнир

Командалардың құрамы

Тәртіп бойынша турнирдегі алғашқы матчқа он күн қалғанда чемпионатқа қатысушы командалар өз құрамын жариялады. Тек 23 футболшынының (үш қақпашыны есептегенде) арызын ғана тізімге қосуға болды. Қатты жарақаттанған ойыншылар чемпионаттағы алғашқы ойынға 24 сағат уақыт қалғанға дейін орын алмастыра алатын.

Төрешілер

УЕФА бекіткен Еуропа чемпионаты матчтарында қызмет жасайтын басты төрешілердің тізімі 20 желтоқсан 2011 жылы белгілі болды:

Футбол
одағы
АрбитрАссистенттері
АнглияГовард УэббМайкл МалларкиПитер Керкап
ВенгрияВиктор КашшаиГабор ЭрешГьорги Ринг
ГерманияВольфганг ШтаркЯн-Хендрик ЗальверМайк Пикель
ИспанияКарлос Веласко КарбальоРоберто Алонсо ФернандесХуан Юсте Хименес
ИталияНикола РиццолиРенато ФавераниАндреа Стефани
НидерландБьорн КёйперсСандер ван РукелЭрвин Зейнстра
ПортугалияПедру ПроэнсаБертину МирандаРикарду Сантуш
СловенияДамир СкоминаПримож АрхарМатей Жунич
ТүркияДжюнейт ЧакырБахаттын ДуранТарик Энгюн
ФранцияСтефан ЛаннуаФредерик КаноМикаэль Аннонье
ШвецияЮнас ЭрикссонШтефан ВиттбергМатиас Класениус
ШотландияКрейг ТомсонАласдаир РоссДерек Роуз

Қақпа сызық бойын бақылау үшін тағы төрт арбитр қосымша төреші ретінде бекітіледі[8]. Бұл үрдіс ФИФА халықаралық кеңесінің және УЕФА Чемпиондар Лигасы мен УЕФА Еуропа Лигасы ойындарында тәжірибе ретінде жүргізілген болатын. Еуро 2012 матчты бес төреші бақылайтын алғашқы чемпионат болды.

Павел Краловец (Чехия)
Том Харальд Хаген (Норвегия)

Марцин Борски (Польша)
Виктор Швецов (Украина)

Командалардың киімдері

Чемпионаттың қатысушылары
Бренд#Құрама команда
Adidas6Германия, Грекия, Дания, Испания, Ресей, Украина
Nike5Нидерланд, Португалия, Хорватия, Польша, Франция
Umbro3Ирландия, Швеция, Англия
Puma2Италия, Чехия

Топтық раундтағы командалардың орнын анықтау

Топтық раундтағы командалардың орнын жинаған ұпайына қарай анықтады, яғни ұпайы жоғары болса, жоғарыдан орын алады. Егер де құрамалардың ұпайлары тең түскен жағдайда келесі критерий орындалды:

a) үміткерлер арасындағы жеке кездесуде жинаған үлкен ұпайлары;
b) үміткерлер арасындағы жеке кездесудегі доптар арасындағы үлкен айырмашылық;
c) үміткерлер арасындағы жеке кездесудегі голдар саны;
d) осы «а» дан «с»-ге дейін критерий бойынша екі команданың көрсеткіші тең болса, қорытынды турнирді анықтау үшін «а» дан «с»-ге дейін критерийді тек осы командалар үшін қолданылады. Егер бұл тәртіптен түпкілікті шешім қабылдамаса, онда «е» ден «i»-ге дейінгі критерий қолданылады:
e) топтық кезеңдегі барлық матчтағы доптардың арасындағы айырмашылық;
f) топтық кезеңдегі барлық матчтағы голдар саны;
g) УЕФА ұлттық құрама командалардың коэффициенттер рейтингісінің позициясы бойынша;
h) финалдық турнирдегі командалардың тәртібі;
i) жеребе тастау.

«i» критерийі келесі жағдайда қолданылмайды: егер «а» дан «f»-ге дейінгі критерий бойынша тең түскен командалар, топтық кезеңнің соңғы турында бір-бірімен ойын ойнайды, егер есеп теңде-тең болғанда пенальти жүргізіледі. Ұтқан команда топтық кестеде жоғарғы орын алады.

Нәтижелер

Топтық кезең

    Ширек финалға шыққан командалар
    Турнирден кеткен командалар

А тобы

Толық мақаласы: Футболдан Еуропа чемпионаты. А тобы
КомандаОҰТЖГСЖГ+/-Ұпайлар
1. Чехия320145-16
2. Грекия31113304
3. Ресей311153+24
4. Польша302123-12

8 маусым 2012 жыл
18:00 UTC+2
Польша1:1 (1:0)
есеп
Грекия
Левандовский  17'ГолдарСалпингидис  51'
Стадион: Ұлттық стадион, Варшава
Көрермендер саны: 56 070
Төреші: Карлос Веласко Карбальо
Түсініктемелер: Георгиос Карагунис пенальтиді орындай алмады (71', қорғаушы)

8 маусым 2012 жыл
20:45 UTC+2
Ресей4:1 (2:0)
есеп
Чехия
Дзагоев  15'79'
Широков  24'
Павлюченко  82'
ГолдарПиларж  52'
Стадион: Қалалық стадион, Вроцлав
Көрермендер саны: 40 803
Төреші: Говард Уэбб

12 маусым 2012 жыл
18:00 UTC+2
Грекия1:2 (0:2)
есеп
Чехия
Гекас  53'ГолдарЙирачек  3'
Пиларж  6'
Стадион: Қалалық стадион, Вроцлав
Көрермендер саны: 41 105
Төреші: Стефан Ланнуа

12 маусым 2012 жыл
20:45 UTC+2
Польша1:1 (0:1)
есеп
Ресей
Блащиковский  57'ГолдарДзагоев  37'
Стадион: Ұлттық стадион, Варшава
Көрермендер саны: 55 920
Төреші: Вольфганг Штарк

16 маусым 2012 жыл
20:45 UTC+2
Грекия1:0 (1:0)
есеп
Ресей
Карагунис  45+2'Голдар
Стадион: Ұлттық стадион, Варшава
Көрермендер саны: 55 614
Төреші: Юнас Эрикссон

16 маусым 2012 жыл
20:45 UTC+2
Чехия1:0 (0:0)
есеп
Польша
Йирачек  72'Голдар
Стадион: Қалалық стадион, Вроцлав
Көрермендер саны: 41 480
Төреші: Крейг Томсон

B тобы

Толық мақаласы: Футболдан Еуропа чемпионаты. B тобы
КомандаОҰТЖГСЖГ+/-Ұпайлар
1. Германия330052+39
2. Португалия320154+16
3. Дания310245-13
4. Нидерланд300325-30

9 маусым 2012 жыл
19:00 UTC+3:00
Нидерланд0:1 (0:1)
есеп
Дания
ГолдарКрон-Дели  24'
Стадион: Металлист, Харьков
Көрермендер саны: 35 923
Төреші: Дамир Скомина

9 маусым 2012 жыл
21:45 UTC+3:00
Германия1:0 (0:0)
есеп
Португалия
Гомес  72'Голдар
Стадион: Арена Львов, Львов
Көрермендер саны: 32 990
Төреші: Стефан Ланнуа

13 маусым 2012 жыл
19:00 UTC+3:00
Дания2:3 (1:2)
есеп
Португалия
Бентнер  41'80'ГолдарПепе  24'
Элдер Поштига  36'
Варела  87'
Стадион: Арена Львов, Львов
Көрермендер саны: 31 840
Төреші: Крейг Томсон

13 маусым 2012 жыл
21:45 UTC+3:00
Нидерланд1:2 (0:2)
есеп
Германия
ван Перси  73'ГолдарГомес  24'38'
Стадион: Металлист, Харьков
Көрермендер саны: 37 750
Төреші: Юнас Эрикссон

17 маусым 2012 жыл
21:45 UTC+3:00
Португалия2:1 (1:1)
есеп
Нидерланд
Роналду  28'74'ГолдарВан дер Варт  11'
Стадион: Металлист, Харьков
Көрермендер саны: 37 445
Төреші: Никола Риццоли

17 маусым 2012 жыл
21:45 UTC+3:00
Дания1:2 (1:1)
есеп
Германия
Крон-Дели  24'ГолдарПодольски  19'
Бендер  80'
Стадион: Арена Львов, Львов
Көрермендер саны: 32 990
Төреші: Карлос Веласко Карбальо

C тобы

Толық мақаласы: Футболдан Еуропа чемпионаты 2012. C тобы
КомандаОҰТЖГСЖГ+/-Ұпайлар
1. Испания321061+57
2. Италия312042+25
3. Хорватия311143+14
4. Ирландия300319-80

10 маусым 2012 жыл
18:00 UTC+2
Испания1:1 (0:0)
есеп
Италия
Фабрегас  64'ГолдарДи Натале  61'
Стадион: PGE Арена, Гданьск
Көрермендер саны: 38 869
Төреші: Виктор Кашшаи

10 маусым 2012 жыл
20:45 UTC+2
Ирландия1:3 (1:2)
есеп
Хорватия
Сент-Леджер  19'ГолдарМанджукич  3'49'
Никица Елавич  43'
Стадион: Қалалық стадион, Познань
Көрермендер саны: 39 550
Төреші: Бьорн Кёйперс

14 маусым 2012 жыл
18:00 UTC+2
Италия1:1 (1:0)
есеп
Хорватия
Пирло  39'ГолдарМанджукич  72'
Стадион: Қалалық стадион, Познань
Көрермендер саны: 37 096
Төреші: Говард Уэбб

14 маусым 2012 жыл
20:45 UTC+2
Испания4:0 (1:0)
есеп
Ирландия
Торрес  4'70'
Сильва  49'
Фабрегас  83'
Голдар
Стадион: PGE Арена, Гданьск
Көрермендер саны: 39 150
Төреші: Педру Проэнса

18 маусым 2012 жыл
20:45 UTC+2
Хорватия0:1 (0:0)
есеп
Испания
ГолдарНавас  88'
Стадион: PGE Арена, Гданьск
Көрермендер саны: 39 076
Төреші: Вольфганг Штарк

18 маусым 2012 жыл
20:45 UTC+2
Италия2:0 (1:0)
есеп
Ирландия
Кассано  35'
Марио Балотелли  90'
Голдар
Стадион: Городской стадион, Познань
Көрермендер саны: 38 794
Төреші: Джюнейт Чакыр

D тобы

Толық мақаласы: Футболдан Еуропа чемпионаты 2012. D тобы
КомандаОҰТЖГСЖГ+/-Ұпайлар
1. Англия321053+27
2. Франция31113304
3. Украина310234-13
4. Швеция31025503

11 маусым 2012 жыл
19:00 UTC+3:00
Франция1:1 (1:1)
есеп
Англия
Насри  39'ГолдарЛескотт  30'
Стадион: Донбасс Арена, Донецк
Көрермендер саны: 47 400
Төреші: Никола Риццоли

11 маусым 2012 жыл
21:45 UTC+3:00
Украина2:1 (0:0)
есеп
Швеция
Шевченко  55'62'ГолдарИбрагимович  52'
Стадион: Олимпиада, Киев
Көрермендер саны: 64 290
Төреші: Жүнейт Чакыр

15 маусым 2012 жыл
19:00 UTC+3:00
(20:00 UTC+3:00
ауыстырылды)
Украина0:2 (0:0) Франция
ГолдарМенез  53'
Кабай  56'
Стадион: Донбасс Арена, Донецк
Көрермендер саны: 48 000
Төреші: Бьорн Кейперс

15 маусым 2012 жыл
21:45 UTC+3:00
(22:00 UTC+3:00
ауыстырылды)
Швеция2:3 (0:1) Англия
Джонсон  49' (авт.)
Мельберг  59'
ГолдарКэрролл  23'
Уолкотт  64'
Уэлбек  78'
Стадион: Олимпиада, Киев
Көрермендер саны: 64 640
Төреші: Дамир Скомина

19 маусым 2012 жыл
21:45 UTC+3:00
Швеция2:0 (0:0)
есеп
Франция
Ибрагимович  54'
Ларссон  90+1'
Голдар
Стадион: Олимпиада, Киев
Төреші: Педру Проэнса

19 маусым 2012 жыл
21:45 UTC+3:00
Англия1:0 (0:0)
есеп
Украина
Руни  48'Голдар
Стадион: Донбасс Арена, Донецк
Көрермендер саны: 48 700
Төреші: Виктор Кашшаи

Плей-офф

Толық мақаласы: Футболдан Еуропа чемпионаты 2012. Плей-офф
Ширек финалЖартылай финалФинал
          
21 маусым Варшава    
  Чехия  0
27 маусым Донецк
  Португалия  1 
  Португалия  0 (2)
23 маусым Донецк
   Испания (пен.)  0 (4) 
  Испания  2
1 шілде Киев
  Франция  0 
  Испания  4
22 маусым Гданьск
   Италия  0
  Германия  4
28 маусым Варшава
  Грекия  2 
  Германия  1
24 маусымКиев
   Италия  2 
  Англия  0 (2)
  Италия (пен.)  0 (4) 
 

Ширек финал

21 маусым 2012 жыл
20:45 UTC+2
Чехия0:1 (0:0)
есеп
Португалия
ГолдарРоналду  79'
Стадион: Ұлттық стадион, Варшава
Көрермендер саны: 55 590
Төреші: Говард Уэбб

22 маусым 2012 жыл
20:45 UTC+2
Германия4:2 (1:0)
есеп
Грекия
Лам  39'
Хедира  61'
Клозе  68'
Ройс  74'
ГолдарСамарас  55'
Салпингидис  89' (пен.)
Стадион: PGE Arena, Гданьск
Көрермендер саны: 38 751
Төреші: Дамир Скомина

23 маусым 2012 жыл
21:45 UTC+3:00
Испания2:0 (1:0)
есеп
Франция
Алонсо  19'90+1' (пен.)Голдар
Стадион: Донбасс Арена, Донецк
Көрермендер саны: 47 000
Төреші: Никола Риццоли

24 маусым 2012 жыл
21:45 UTC+3:00
Англия0:0 (қ. у.)
есеп
Италия
Стадион: Олимпиада, Киев
Көрермендер саны: 64 340
Төреші: Педру Проэнса
Пенальти сериялары:
Джеррард
Руни
Янг
Коул
2:4 Балотелли
Монтоливо
Пирло
Ночерино
Дьяманти

Жартылай финал

27 маусым 2012 жыл
21:45 UTC+3:00
Португалия0:0
есеп
Испания
Стадион: Олимпиада, Киев
Көрермендер саны: 64 340
Төреші: Жүнейт Чакыр
Пенальти сериялары:
Мотинью
Пепе
Нани
Алвеш
2:4 Алонсо
Иньеста
Пике
Рамос
Фабрегас

28 маусым 2012 жыл
21:45 UTC+3:00
Германия1:2 (0:2)
есеп
Италия
Озиль  90+2' (пен.)ГолдарБалотелли  20'36'
Стадион: Ұлттық стадион, Варшава
Көрермендер саны: 55 540
Төреші: Стефан Ланнуа

Финал

1 шілде 2012 жыл
21:45 UTC+3:00
Испания4:0 (2:0)
есеп
Италия
Сильва  14'
Альба  41'
Торрес  84'
Мата  88'
Голдар
Стадион: Олимпиада, Киев
Көрермендер саны: 63 170
Төреші: Педру Проэнса

Чемпион

Футболдан Еуропа чемпионы 2012

Испания

Үшінші рет

Статистика

Толық мақаласы: Футболдан Еуропа чемпионаты 2012-нің статистикасы

Марапаттар

2 шілдеде 2012 жылы УЕФА-ның техникалық тобы чемпионаттың нәтижесі бойынша 23 үздік ойыншылардан тұратын турнирдің символикалық құрамасын анықтады. Жинап келгенде Испания құрамасының он ойыншысы кірді. Сонымен қатар УЕФА-ның техникалық саралау тобы жанкүйерлердің пікіріне назар аудара отырып, турнирдің ең үздік ойыншысын жариялады. Ол Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста. Испанияның тағы бір өкілі Фернандо Торрес ең үздік бомбардир атанды.

Символикалық құрама
ҚақпашыларҚорғаушыларЖартылай қорғаушыларШабуылдаушы
Турнирдің үздік ойыншысы

Бомбардирлер

Төрешілер

РетЕлМатчтарЕсіміТоптық кезеңПлей-офф раундыБарлығы
1 2[10][11]Карлос Веласко Карбальо311000311
2 3[12][13][14]Говард Уэбб300300600
3 3[15][16][17]Дамир Скомина700200900
4 3[18][19][20]Стефан Ланнуа10005001500
5 2[21][22]Виктор Кашшаи10000001000
6 2[23][24]Бьорн Кёйперс800000800
7 3[25][26][27]Никола Риццоли500300800
8 3[28][29][30]Джюнейт Чакыр7109001610
9 2[31][32]Вольфганг Штарк10000001000
10 2[33][34]Крейг Томсон12000001200
11 2[35][36]Юнас Эрикссон900000900
12 3[37][38][39]Педру Проэнса8002001000
Барлығы9221240011621

Дисквалификация

Ел, ойыншыТәртіп бұздыЖіберілген матчтарТүсініктеме
Уэйн Руни Черногориямен қарсы квалификация ойынындаD тобында Франциямен қарсы ойын
D тобында Швециямен қарсы ойын
Сократис Папастатопулос A тобында Польшамен қарсы ойынA тобында Чехиямен қарсы ойын
Войцех Щенсный A тобында Грекиямен қарсы ойынA тобында Ресеймен қарсы ойын
Жером Боатенг B тобында Португалиямен қарсы ойын
B тобында Нидерландпен қарсы ойын
B тобында Даниямен
Йоргос Карагунис A тобында Польшамен қарсы ойын
A тобында Ресеймен қарсы ойын
ширек финалда Германиямен қарсы ойын
Хосе Олебас A тобында Польшамен қарсы ойын
A тобында Ресеймен қарсы ойын
ширек финалда Германиямен қарсы ойын
Кит Эндрюс C тобында Италиямен қарсы ойынҚазақстанмен қарсы квалификация ойынындаӘЧ-2014-тегі (C тобы)
квалификация матчтарына қатыспайды
Филипп Мексес D тобында Украинамен қарсы ойын
D тобында Швециямен қарсы ойын
ширек финалда Испаниямен қарсы ойын
Кристиан Маджо C тобында Испаниямен қарсы ойын
ширек финалда Англиямен қарсы ойын
жартылай финалда Германиямен қарсы ойын

Стадиондар

Еуро-2012-нің матчтары Украинаның Киев, Донецк, Харьков, Львов қалаларында және Польшаның Варшава, Гданьск, Познань және Вроцлав қалаларында өткізілді. Турнирдің ашылу рәсімі Варшавада, ал финалдық матч Киевте өткізілді.

Польша
ВаршаваПознаньГданьскВроцлав
Ұлттық стадион
Сыйымдылығы: 58 145
Польша құрамасының стадионы
Қалалық стадион
Сыйымдылығы: 41 609
Клуб:«Лех»
PGE Arena
Сыйымдылығы: 40 818
Клуб:«Лехия» (Еуро-2012 кейін)
Қалалық стадион
Сыйымдылығы: 42 771
Клуб:«Шлёнск» (Еуро-2012 кейін)

Украина
КиевХарьковДонецкЛьвов
«Олимпиада стадионы»
Сыйымдылығы: 70 050
Украина құрамасының стадионы Клуб: «Динамо»
«Металлист»
Сыйымдылығы: 38 633
Клуб: «Металлист»
«Донбасс Арена»
Сыйымдылығы: 51 504
Клуб: «Шахтёр»
«Арена Львов»
Сыйымдылығы: 34 915

Билеттер

Билеттерді сатып алу үшін жеке куәлік, құжаттар керек болды. Билетте сатып алушының құжат номері, аты-жөні көрсетіліп тұрды. Билеттерді сату, қолдану және табыс ету құқығына УЕФА-ның тағайындалған тұлғалары ғана ие болды.

1,4 млн дана шығарылған билеттердің құны 30-дан 600 еуроға дейін құрады. Билеттердің бес түрі болды. УЕФА хабарлағандай 1 ақпан 2011 жылы сатуға шыққан билеттерді (75 %) тек қана УЕФА-ның сайтында ғана сатып алуға болатын. Сату уақытысы 2012 жылдың наурыздың аяғына дейін болды. Матчтар өткізілетін қалалардың тұрғындарына бір матч үшін 2000 билет сатуға берілді. Ең алғашқы билетке тапсырыс берген адам 1 ақпан 2011 жылы Оңтүстік Корея азаматы болды.

Демеушілер

Чемпионатта 11 әлемдік демеушілері болды:

Ұйымдастырушы елдердің демеушілері

Украина

  • Укртелеком
  • Эпицентр
  • Ukrsotsbank PJSC[47]

Польша

Символдары мен рәміздері

Турнирдің логотипі

Чемпионаттың ресми логотипі

2009 жылы 14 желтоқсанда УЕФА президенті Мишель Платини мен ұйымдастырушы елдердің футбол одағының басшылары жұрт назарына ЕУРО-2012 ресми логотипін көрсетеді[49]. Эмблеманың негізі жапырақты гүл болды. Әр жапырақ ұйымдастырушы елдердің символын көрсетті. Композицияның ортасындағы футбол добы турнирге деген құштарлық пен сезімді бейнелеп тұрды. Гүлдің сабағы құрлықтық біріншіліктің құрылымдық қырын көрсетті, УЕФА және еуропа футболы. Композиция негізінде табиғат тақырыбына жақындау келеді. Турнирдің ресми логотипінде жасыл жапырақ, сары күн, көгілдір су мен аспан, күлгін бүлдірген жақсы үйлесім тапқан.

Бойтұмарлар

Славек пен Славко

УЕФА бойтұмарлардың үш түрлі нұсқасын көрсетті:

  • Славек пен Славко
  • Симко мен Стримко
  • Клемек пен Ладко

39 233 жанкүйердің дауыс беру нәтижесінде турнирдің ресми бойтұмарлары Славек мен Славко атанады. Олар 56 % дауыс жинап басқа нұсқалардан үлкен айырмашылықпен жеңеді[50]. УЕФА-ның ресми сайтында, Польша мен Украинаның McDonalds мейрамханаларында, сонымен қатар бойтұмарлардың сапар жасаған чемпионат матчы өткізілетін сегіз қаласында дауыс беруге болды.

Әр кейіпкердің киімінің түсі байрақтарына сәйкес келді — қызыл-ақ (Польша), сары-көк (Украина) және шаштары да ұлттық бояумен боялды. Бойтұмарлардың өз жеке номері болды: поляк бойтұмары — 20, украин бойтұмары — 12. Екеуін қоссақ 2012 жыл.

Ресми доп

Толық мақаласы: Adidas Tango 12

Турнирдің ресми добы Adidas компаниясының «Tango 12» өнімі болып табылды. Доп осы қатардағы алтыншы модель болды. Алғашқы «Tango» Аргентинадағы 1978 жылғы Әлем чемпионатында пайда болған еді. Алдыңғы нұсқалары Еуропаның үш чемпионатында қолданылған болатын. Ресми доптың таныстыру рәсімі Киевтің Олимпийский стадионында үлкейтілкен көшірмесі көпшілік назарына көрсетілді.

Ресми әнұран

Неміс әншісі Осеана орындауындағы «Endless Summer» (қаз. «Шексіз жаз») чемпионаттың ресми әні атанды[51].

Турнирдің ұраны

Чемпионат «Тарихты бірге жасайық» деген ұранымен өтті (ағылш. «Creating History Together», пол. «Razem tworzymy przyszłość», укр. «Творимо історію разом»). Орталық және Шығыс Еуропа аумағында орналасқан Украина мен Польшада өткізілген турнир, Ескі Әлемнің чемпионат тарихында бірінші рет болып отыр.

Англия — Украина матчындағы есептелмеген гол

19 маусымда Англия — Украина матчындағы төрешіге қатты сын айтты. Себебі Еуро-2012 соңғы шешуші раундтағы матчтың 62 минутында Украина құрамасының шабуылшысы Марко Девич соққан голды санамауы болды, бірақ бейне жазбада гол болғанын көрсетті.[52] Украин ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Олег Блохин доп қақпа сызығынан 50 см ішке кірді деген мәлімдемесіне УЕФА-ның төрешілер комитетінің төрағасы Пьерлуиджи Коллина жоққа шығарды. Бұл Виктор Кашшаидың осы чемпионатта соңғы төрешілік етуі еді. Ол алдағы төрешілер командасына қосылмады.[53]

Нәтижесінде 0:1 есебімен Англия құрама командасының пайдасына тиеді. Украина ширек финалға шыға алмай турнирден кетеді.

Көлік қатынасы

Әуе көлігі

Еуро-2012 матчтарын қабылдайтын халықаралық әуежайлар
ҚалаӘуежайIATA кодыICAO коды
 Польша ВаршаваФредерик Шопен атындағы Варшава әуежайыWAWEPWA
 Польша ГданьскЛех Валенса атындағы Гданьск әуежайыGDNEPGD
 Польша ВроцлавКоперник атындағы Вроцлав әуежайыWROEPWR
 Польша ПознаньПознань әуежайыPOZEPPO
 Украина КиевХалықаралық Борисполь әуежайыKBPUKBB
 Украина КиевХалықаралық Киев әуежайыIEVUKKK
 Украина ХарьковХалықаралық Харьков әуежайыHRKUKHH
 Украина ДонецкХалықаралық Донецк әуежайыDOKUKCC
 Украина ЛьвовХалықаралық Львов әуежайыLWOUKLL

Автомобиль көлігі

Еуро-2012 қабылдайтын елдердің инфрақұрылымы
Чемпионат матчтарын қабылдайтын қалалар арасындағы жолдардың арақашықтығы (км)
ҚалаКиевХарьковДонецкЛьвовВаршаваПознаньВроцлавГданьск
Киев-478718545770106811251142
Харьков478-30010201243153716021615
Донецк718300-11881478177017751850
Львов54510201188-385675592755
Варшава77012431478385-325364351
Познань106815371770675325-185299
Вроцлав112516021775592364185-436
Гданьск114216151850755351299436-

Темір жол көлігі

Чемпионатқа байланысты екі елдің қалаларының станциялары кеңейтіліп, жаңартылды. Темір жолдарға электр желісін жүргізді. Мысалы Украина темір жолында жаңа жүрдек поездары пайда болды: «Киев—Харьков», «Киев—Днепропетровск», «Киев—Львов», «Донецк—Харьков».

Су көлігі

Теңіз айлағы Польшаның Гданьск қаласында болды, өзен айлақтары Украинаның көптеген қалаларында да болды, соның ішінде Киевте де.

Қала көлігі

Турнир матчтарын қабылдайтын барлық қалаларда автобус, трамвай, троллейбус, такси сияқты қоғамдық көлік қатынас жүйесі жақсы дамыған болды. Үш қалада метрополитен болды: Киев, Варшава және Харьков.

Украинаның барлық қалаларында және Польшаның Гдыня қаласында троллейбус байланысы болды. Варшава, Киев, Познань, Гданьскте жүрдек трамвай болды. Ал Киев пен Гданьскте су трамвайы да болды.

Қонақ үйлер

Қонақ үйлердің барлық түрлері еуропа стандартына сәйкес келді. Чемпионат алдында Украинаның қонақ үйлерінің бағасы бірнеше есе көтеріліп кетеді. Осыған байланысты УЕФА президенті Мишель Платини және Украина президенті Виктор Янукович елдегі қонақ үйлердің бағасын төмендету үшін шаралар қолданады.[54]

Украинадағы сауықтыру және қонақ үй кешендерінің сапасы жиі нашар болатын.[55][56] Сондықтан Еуропа чемпионатын қабылдаушы қалаларда жаңадан қонақ үйлер соғып, ескілерін жөндеп, қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.[57]

Сонымен қатар қонақ үйлердің аздығы екені айтылды. Көптеген қонақ үйлер кеңес заманына қалып қалған және жөндеу жұмыстарын көрмеген.[54]

Турнир аяқталғаннан кейін УЕФА Украинадағы қонақ үй кешеніндегі жүргізілген жұмыстарға жақсы баға берді.[58]

Нумизматика

Еуро 2012 байланысты Украина Ұлттық банкі ескерткіш тиындар шығарды:

  • «Футболдан Еуропа чемпионаты 2012 финалдық турнирі» атты қолданыстағы тиын, номинал 1 гривна.
  • Еуро-2012 алтын тиыны, номиналы 500 гривна. (салмағы 500 г)
  • Бес күміс тиын.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер