Апельсин

Апельсинруталар тұқымдасының цитрус туысына жататын жеміс ағашы. Шыққан жері – Оңтүстік Қытай және Үндістан. Апельсиннің тәтті және ащы түрі бар.

  • Тәтті апельсин жабайы түрінде кездеспейді. Биіктігі 10-12 м, жапырағы қалың, сопақша, жоғары жағы сүйірлеу болып келеді. Гүлдері қос жынысты, ақ, жұпар иісті, гүл шоғырына бірден, кейде бірнешеуден орналасады. Жемісі көп ұялы, сұрпына байланысты сыртқы түрі, түсі (ақшыл сарыдан, қызыл сарыға дейін) әртүрлі болып келеді. Тәтті, шырынды. Жемісінің орташа салмағы 50-400 г, құрамында 75-88% су, 8-9% қант, 1.06-1.97% қышқыл, 70 мг С витамині, 0.9% илік заттар болады. Өсу жағдайына байланысты 2-3 кезеңге бөлінеді. Апельсин жыл бойы өсіп, гүлдеп жеміс береді. Әр гектардан 20-25 т өнім алынады. Апельсин тұқымынан және ұластыру арқылы көбейеді. Тұқымынан егілсе 10-15 жылда, ал ұластырылғанда 3-4 жылда жеміс береді. Жемісін сол күйінде немесе қайнатып кондитерлік (варенье, джем, шырын, т.б.) тағамдар жасап жеуге болады.
  • Ащы апельсиннің биіктігі аласа(6-8 м) болып келеді. Тікенекті бұтақтарының ұзындығы 6-8 см, жемісінің сыртқы қабығы жылтыр, қызғылтым сары, бедерлі, шырыны өте ащы болады. Жемісі көбінесе, эфир майын алу үшін пайдаланылады, сондай-ақ тағам, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады.
Апельсин
Апельсин
Апельсин
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Magnoliophyta
Табы:Magnoliopsida
Сабы:Rosales
Тұқымдасы:Rosaceae
Кіші тұқымдасы:Maloideae
Тегі:Апельсин
Түрі:M. domestica
Екі-есімді атауы
Malus domestica

Өсімдік туралы

Апельсин – цитрустар тұқымдасына жататын көпжылдық мәңгі жасыл жеміс ағашы. Отаны – Оңтүстік Қытай және Үндістан. Жабайы күйде кездеспейді. Бүгінгі біз білетін апельсин мандарин мен помеланың гибриді. Еуропаға апельсинді саяхатшылар ХV ғасырда әкелген. Қазіргі кезде апельсин тропикалық және субтропикалық аймақтардың көбісінде өсіріледі. Биіктігі 10-12 м, жапырағы қалың, сопақша, ұшы сүйірлеу болып келеді. Гүлінің түсі ақ, жұпар иісті. Жемісінің түсі сұрпына қарай ақшыл сарыдан, қызыл сарыға дейін болады, пішіні домалақ. Жемісінің орташа салмағы 100-400 г. Апельсин – жылусүйгіш өсімдік. Бұл өсімдіктің жапырақтары -5ºС температурасында түсе бастайды, ал -8ºС, - 9ºС-ге жеткенде, ағаш өліп қалады. Өсіп тұрған жері қолайлы болса 75 жасқа дейін өмір сүреді. Апельсиннің селекционерлер шығарған сұрыптары өте көп, жылда 10-15 шақты жаңа сұрыптары шығып жатады.

Қолданылуы

Сұрпына қарай шырыны тәтті, қышқылтым-тәтті және қышқылтым-ащы болады. Апельсиннің құрамында қант, лимон, аскорбин қышқылдары, С, В1, В2, В6, Р,А витаминдері, пектинді және азотты заттар, көмірсулар, өзектер, фитонцидтер және минералды заттар бар. Апельсиннің қабығының құрамында 2% -ға дейін эфир майы болады. Апельсин жемісі аспаздықта, парфюмерияда және медицинада кеңінен қолданылады. Организмдегі зат алмасу үдерісін жақсартып, бауыр және жүрек сырқаты бар адамдарға пайдалы.

Медицинада қолданыңыз

Апельсин

Медицинада целлюлоза мен апельсин шырынын қолдану туралы айтатын болсақ, олар көбінесе өнім шығаратын жеңіл лактивті, диуретикалық және холеретикалық әсерді, қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігінің төмендеуімен және олардың нығаюымен бірге жүретін антисклеротикалық әсерді білдіреді.[1]


Жетекші өндірушілер

Жетекші апельсин өндірушілері, 2005
(млн. тонна)
Үлгі:Country data Brasil Бразилия17.8
АҚШ8.4
Мексика4.1
Үндістан3.1
Қытай2.4
 Испания Испания2.3
 Италия Италия2.2
 Иран1.9
Мысыр1.8
Пәкістан1.6
World Total61.7
Source:
UN Food & Agriculture Organisation (FAO)

[2]

Апельсиннің сұрыптары 3 топқа бөлінеді:кәдімгі — қабығы қызғылт сары, жемісіашық қызғылт сары; королектер — ашыққызғылт сары қабықты, қызыл немесе қызылтамырлы жемісті; сабақты — жоғарыжағында негізгі жемістің қабығыннан сәлшығыңқы жетілген жемісі бар. Кәдімгі апельсиннің қанты мол, жемісі шырынды. КСРО-дамынадай сұрыптары өсіріледі: Королек 100(Королек грузинский), Вашингтон Навел,Тладкокорый (Вашингтон Навел гладкокорый), Первенец. Апельсин жемісінің қабығывитаминге аса бай, бірақ ашқылтым дәмібар. Жемісін жаңа піскен күйінде пайдаланады, одан қайнатпа, компот, шырын,цукат жасайды.[3]

Дереккөздер

Әдебиет

  • Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8

Сілтемелер