Армия генералы

Армия генералы — бірқатар елдер қарулы күштері жоғары офицерлік құрамының жалпы әскери атағы. Ол генерал-полковник атағынан кейін беріледі. Әскери-теңіз флотында, әскери-әуе күштерінде және әскер түрлерінде армия генералы атағына флот адмиралы, авиация (артиллерия, инженерлік әскерлер, байланыс әскерлері) маршалы деген әскери атактар сәйкес келеді. Оларға "маршал жұлдызы" беріледі. АҚШ-та армия генералы деген атақ тек соғыс уақытында ғана беріледі.[1]

Армия генералы
Әуе қорғаныс күштері Армия генералының иық белгісіҚұрлық күштері Армия генералының иық белгісі
Мемлекеті

 Қазақстан

Жоғары шен

Жоғарғы Бас қолбасшы

Кіші шен

Генерал-полковник

Аналогы

Флот адмиралы

Дереккөздер