Ақ тұт
Ақ тұт | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Morus alba Карл Линней 1753 |
Ақ тұт (лат. Morus alba) – тұт тұқымдасы тұт туысына жататын ағаш.
Таралуы
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында кездеседі, кейде жабайыланып кетеді.
Ботаникалық сипаты
- Биіктігі 15 – 20 м, бұтақтары сұрғылт қоңыр, жас бұтақтары үлпілдек болады.
- Бүршіктерінің пішіні жұмыртқа тәрізді (ұзындығы 6 мм-дей).
- Жапырақтары 2-5 қалақшалы, қауырсынды тарамдалған, жиектері тісті тілімденген (ұзындығы 6-15 см, ені 4-10 см).
- Тозаңқаптық сырғалары цилиндр тәрізді (ұзындығы 3 см), аналық сырғалары сопақша келген.
- Гүлсерігінің сырты жалаңаш, шеттері тісті болып келеді. Аналық аузын ұсақ бүртіктер жапқан. Ақшыл жасыл, қызғылт, қара қошқыл түсті жемісшоғыры гүлтабанында жетіледі.
- Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, маусымда жеміс береді. Жемісі – шырыны аз, жалған сүйекше.
Шаруашылықтағы қолданысы
Ақ тұтты негізінен жібек көбелегінің қорегі ретінде өсіреді. Жемісінің құрамында қант көп болғандықтан, тағамға, спирт алуға пайдаланылады. Ағаш тінінен (луб) жіп, арқан, картон, қағаз, жапырақтарынан сары және қара бояу алынады. Тұқымында 30%-ға дейін май болады. Жалпы ағаштың құрамы илік заттарға бай, сүрегі қатты, одан әр түрлі ағаш бұйымдары жасалынады. Әсемдік өсімдік, кейде оларды көшені көгалдандыру үшін отырғызады. Ақ тұт Маңғыстау облысында Солтүстік Үстірттен және Маңғышлақтан табылып, облыстың Қызыл кітабына енгізілген.
Галереясы
Гүлдер | Жемістер | қабық | Ағаш |
Дереккөздер
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
🔥 Top keywords: Тоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровАбай ҚұнанбайұлыШоқан Шыңғысұлы УәлихановБауыржан МомышұлыТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновБасты бетБесеудің хатыРақымжан ҚошқарбаевҚызыл кітапАқбөкенҰлы Отан соғысыЕкінші дүниежүзілік соғысҚазақстанҚызғалдақЖаһандануӘміре ҚашаубаевБәйтерек (монумент)Қожа Ахмет Ясауи кесенесіТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевАйдын Ақанұлы АйымбетовЖелтоқсан көтерілісіЖуніс СахиевХиуаз Қайырқызы ДоспановаАстанаҒұндарЖапонияАрнайы:ІздеуЖыныссыз көбеюАрқарЕсім ханҚазақстан өзендеріҚаныш Имантайұлы СәтбаевАмерика Құрама ШтаттарыТәуекел ханҚазақстан музейлеріМағжан Бекенұлы ЖұмабаевБіріккен Ұлттар ҰйымыҚытайМұхтар Омарханұлы Әуезов