Батыс Қаратау жотасы

Батыс Қаратау жотасыМаңғыстау тау сілемдерінің бірі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 130 км-ге созылып жатыр, ені 10 км-дей. Биік жері – Отпан тауы (532 м).

Батыс Қаратау жотасы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Маңғыстау

Пайда болған кезеңі

Пермь, триас

Ұзындығы

130 км

Ені

10 км

Ең биік шыңы

Отпан

Биіктігі

532 м

Орналасуы

44°12′16″ с. е. 51°57′19″ ш. б. / 44.20444° с. е. 51.95528° ш. б. / 44.20444; 51.95528 (G) (O) (Я) 51°57′19″ ш. б. / 44.20444° с. е. 51.95528° ш. б. / 44.20444; 51.95528 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Маңғыстау облысы

Батыс Қаратау жотасы (Қазақстан)
Батыс Қаратау жотасы
Батыс Қаратау жотасы (Маңғыстау облысы)
Батыс Қаратау жотасы

Геологиялық құрылымы

Пермь, триас кезеңдерінің метаморфтанған құмтасты, тақтатасты, конгломератты жыныстарынан түзілген. Олар төрттік кезеңде жиналған делювийлі-пролювийлі саздақты шөгінділермен жабылған. Жер қыртысының жаңа тектоникалық қозғалысы нәтижесінде көтеріліп жаңғырған. Қойнауында мұнай, газ, темір, мыс, көмір кендері бар.

Жер бедері

Таудың ұшар бастары қырлы, беткейлері жыра, сай, шатқалдармен тілімденген.

Өсімдігі

Құнарсыз сұр қоңыр топырағында жусан, тасбұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі. Тау етегінде тұщы бұлақтар бар.[1]

Дереккөздер