Алланың есімдері

Алланың 99 есімдері туралы һәм тізімі

Алланың есімдері (араб.: أَسْمَاءُ اللّٰهِ ٱلْحُسْنَى‎ — "Алланың көркем есімдері") — Ислам құдайы Аллаһтың есімдері, Құран мен Сүннет бойынша Аллаһтың 99 есімі бар, Аллаһтың 99 есімі деп те аталады.

Алланың 99 есімдері

Негізгі ақпарат

Бір тізімге біріктірілген Алла есімінің (сондай-ақ оларды Құдайдың сипаттары деп түсінуге де болады) саны Әбу Һурайрадан жеткізілген сенімді хадиспен анықталады:

Мұхаммед пайғамбар ﷺ айтқан:

Шын мәнінде Аллаһта 99 есім бар — бірсіз жүз. Кімде-кім оларды санап шықса жәннәтқа кіреді


.أَنَّ رَسُولَ ٱللَّهِ ﷺ قَالَ إِنَّ لِلَّهِ تِسْعَةً وَتِسْعِينَ اِسْمًا مِائَةً إِلَّا وَاحِدًا مَنْ أَحْصَاهَا دَخَلَ الجَنَّةَ

—«Сахих әл-Бұхари»: «Таухид кітабы»; «Сахих Муслим»: «Зікір, дұға және тәубе бабы»; «Муснад Ахмад»: «Әбу Һурайрадан келген есім-сипат хадистері»; «Сунан әт-Тирмизи»: «Пайғамбардан келген дұғалар бабы»; «Сунан Ибн Маджаһ»: «Дұға бабы» 2736

Аллаһтың көркем есімдеріне сену мұсылманның жанына және оның Жаратушыға деген ғибадатына үлкен әсер етеді. Аллаһқа жан-тәнімен құлшылық қылудағы мән-мағынаны табу — бұл әсердің бір нәтижесі болып табылады[1]. Сонымен қатар Аллаһқа сену, Оның есім-сипаттарына сену — адам баласына Аллаһтан қорқыныш сезімін ұялататын ең үлкен факторлардың бірі, себебі адам Жаратушысын көбірек таныған сайын, Одан қорқынышы көбейе береді.

«Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар»(Ағраф сүресі, 180-аят)«Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Кім оларды жаттап алса жәннатқа кіреді»(Тирмизи, Әбу Дәуід)

«Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Жүз бірсіз, кім оларды зікір етіп жүрсе жәннатқа кіреді»(Әл Бухари, Муслим)

Тізім

N.Қазақша транслитерациясыAрабша жазылуыМағынасы
АллаһاللهОның (Аллаһ тағаланың) бар екендігі және Оның иләһи сипаттарын білдіретін есім. Раббымыздың ең ұлық есімі. Кім Жаратушының осы әдемі есімін күніне 1000 рет қайталап зікір етсе, иманы берік болады.
1Ар-РахмануالرحمنАса қамқор. Оның қамқорлығы Өзі жаратқан бүкіл мақұлықтарына тиесілі. Қамқоршы Аллаһ тағала мүмин-мұсылмандардың, сондай-ақ кәпірлердің өмірлік қажеттерін өтейді. Алланың бұл есімін зікір еткен адамның ойлау және жаттау қабілеті күшейеді. Сондай-ақ ол адам қаталдықтан арылады.
2Ар-РахимуالرحيمЕрекше мейірімді, Рахымды. Бір жақсы іс үшін бірнеше есе береген және ешқашан сауап істерді жоймайды. О дүниеде тақуа мұсылмандарға мейірімді болады. Кімде-кім бұл есімді 100 рет атап жүрсе қайғы-қасіреттен аман болады.
3Әл-МәликуالملكПатша, Ол T қалай басқарам десе де Өзі біледі. Оған кеңесші керек емес. Оған барлығы тәуелді. Мұсылман адам бұл есімді зікір етіп жүрсе, ақшадан қысылмайды.
4Әл-ҚуддусуالقدوسҚасиетті, Өте пәк, кемшіліктерден пәк және адам баласының ойына келетін пішін келбеттен тыс.
5Ас-СәламуالسلامЕсендік беруші. Жетіспеушіліктерден пәк. Өзінің жаратқан мақұлықтарына амандық береді. Егер бұл есімді 99 рет оқып, науқасты ұшықтаса шипа табады.
6Әл-Му: минуالمؤمنҚорғаушы, Сенуші. Өзі туралы ұлық кітаптар мен пайғамбарлар арқылы білдіртеді. Өзінің сүйікті құлдарын қауіп-қатерден сақтайды.
7Әл-МухайминуالمهيمنҮстем, Қорғаушы. Баршаның үстінде билік жүргізеді және бәрі де Оның иелігінде. Жаратқан мақұлығының үстінен қарап, бақылап тұрады. Кімде-кім бұл керемет есімді ғұсыл алғаннан кейін екі рәкағат намаз оқып, 100 мәрте шынайы ықыласпен айтса Аллаһ тағала оны рухани тазартады.
8Әл-АзизуالعزيزАса зор, Ұлық, Қуатты, зор кеңшілік Иесі. Онымен ешкім теңесе алмайды. Кімде-кім Алланың бұл көркем есімін таң намазынан кейін 40 рет қайталап оқыса Аллаһ тағала оны қаржы мәселесінде басқалардан тәуелсіз етеді.
9Әл-ЖәббаруالجبارАса өктем. Билік пен қуат Иесі. Нені қаласа соны кімге де болсын істете алады.
10Әл-МутакаббируالمتكبرПаң, ұлылық және биіктік Иесі. Кім бұл көркем есімді зікір етіп жүрсе халық арасында құрметті болады.
11Әл-ХалиқуالخالقЖаратушы. Мақұлықтарын Өз еркімен жаратады. Ол T әр нәрсені көркем түрде жаратады.
12Әл-БариуالبارئЖаратушы, жоқтан бар етуші. Жаратқан мақұлықтарына әр түрлі пішін және бейне береді. Аллаһ әрдайым жаратуда. Егер бала таба алмаған әйел 7 күн ораза ұстап, «Әл-Бариу, Әл-Халиқу, Әл-Мусаууиру» деп 21 рет айтып суға дем салып ауызды сол сумен ашып, шынайы ықыласпен жалғыз Аллаһ тағалаға дұға етсе, иншааллаһ оған Жаратушы бір нәресте береді.
13Әл-МусаууируالمصورКелбет беруші. Өзінің қалауымен әрбір жаратқан нәрсесіне өзгеше келбет және әр түрлі пішін береді. Миллиардтаған келбет жаратқан Аллаһ тағалаға ешкім теңесе алмайды.
14Әл-ҒаффаруالغفارАса жарылқаушы. Күнә және жаман істерді кешіруші. Бұл дүниеде құлдарының жамандықтарын жасырып, қияметте күнәларын кешіріп, жарылқайды. Кім осы әдемі есімді жұма намаздан кейін 100 рет қайталаса оған Аллаһ тағала ғафу етеді. Ал кім екінті намазынан кейін «Иә Ғаффару ғфирли» деп айтып жүрсе, Аллаһ тағала оны кешірім еткен құлдардың қатарына қосады.
15Әл-ҚаһһаруالقهارӨте үстем, Қаһарлы. Өзіне қарсыларды қатты азаппен қорлайды, өлтіреді не болмаса көпшіліктің алдында беделін түсіреді. Оның жазасынан ешкім аман қалмайды. Дүние сәнін жақсы көретін пенде Алланың бұл есімін қайталап Оған мойынсұнып жүрсе Аллаһ тағала ол адамның иманын күшейтеді.
16Әл-УаһһабуالوهابӨте жомарт, Береген. Адамдарды Өз нығметтерімен ризықтандырады. Берем деген нәрсесін береді. Кімде-кім дұғада бұл есіммен Аллаға жалбарынса, ол ешқашан қайыршы болмайды.
17Ар-РаззақуالرزاقРизық, тамақ беруші. Алуан түрлі ризықтарды жаратады және сол ризықтарымен мақұлықтарын ризықтандырады.
18Әл-ФәттахуالفتاحЖеңуші, ашушы.
19Әл-АлимуالعليمБәрін білуші, Терең білім иесі. Ол T әр нәрсені толық біледі және де Ол T білмейтін ешнәрсе жоқ. Аллаһ тағала – білушілердің білушісі. Аллаһ тағала ғайыпты да, көмескіні де біледі. Кім бұл есімді атап, зікір етіп жүрсе Аллаһ тағала оған білім мен даналықтың есіктерін ашады.
20Әл-ҚабидуالقابضҚысып алушы. Кімге қаласа ризығын береді, қаласа бермейді. Кім бұл есімді қайталап айтып жүрсе аш-зарыққан болмас.
21Әл-БаситуالباسطЖаюшы. Өз ризық нығметтерін қалаған құлдарына береді.
22Әл-ХãфидуالخافضТүсіруші. Аллаһ тағала кәпірлерді тозақтың түбіне түсіреді және кәпірлерге қайғы, мұң-зар мен азап береді. Кім Аллаһ тағаланың бұл ғажайып есімін 500 мәрте зікір етсе Хақ Тағала оның дұғасына жауап береді.
23Әр-РафиуالرافعКөтеруші, Биіктетуші. Өзіне жақын құлдардың беделін бұл дүниеде де, ахиретте де көтереді.
24Әл-МуиззуالمعزҚуат беруші. Өзінің мүмин құлдарына мықты қуат береді. Олардың мойынсұнғандары үшін күнәларын кешіріп, жәннатта құрметті орын береді.
25Әл-МузиллуالمذلКемсітуші. Кәпірлерді мойынсұнбағандықтары үшін кемсітеді, оларға «азап үйін» — тозақты дайындайды.
26Ас-СамиуالسميعӘр нәрсені Есітуші. Әр естілетін дыбыс ғайып айтылса да Оның есітуінен тыс қалмайды. Ол T құпияның бәрін біледі. Оның ести алмайтын нәрсесі жоқ. Ол T барлық сыбыс, дыбысты естиді.
27Әл-БасируالبصيرКөруші. Ол T бәрін Көреген. Адам және басқа мақлұқтар көрмейтінін бәрін көреді. Оған көрінбейтін зат жоқ. Ол T ғайыпты да көреді.
28Әл-ХакамуالحكمХәкім. Қазы, Төреші. Соттың үкімі Оның құзырында. Оның үкімі кесімді. Оны ешкім сынай алмайды және Алланың үкімдерін кемсітіп, жамандауға ешкімнің хақысы жоқ. Кім дәрет алып, осы есімді күніне 99 рет зікір етсе Аллаһ тағала оның жүрегін нұрландырады.
29Әл-ҒадлуالعدلӘділ, Адал. Ол T кімге болмасын, ешбір әділетсіздік жасамайды. Ол T өз шешімдерінде әділ.
30Әл-ЛәтифуاللطيفЖұмсақ, зор кеңшілік Иесі. Өзінің құлдарына өте ілтипатты. Өз құлдарының істерін толық біледі және адамдардың мінездеріне жұмсақтық салады.
31Әл-ХабируالخبيرТолық хабар алушы. Барлық істер оның қалауымен жасалады. Ол T ешқашан хабарсыз қалмайды. Жаратушының бұл көркем есімін қайталаған адамды Аллаһ тағала қанағатты етеді.
32Әл-ХалимуالحليمЕрекше Мейірімді, Өте Жұмсақ. Азабын тездетпейді, бірақ малғұн шайтанға еріп, күнәлі іс жасағандарға азабы жақын.
33Әл-ҒазимуالعظيمАса зор, кеңшілік Иесі, Мәртебелі, Ең Ұлы. Оның мәртебесінің басы да, соңы да жоқ.
34Әл-ҒафуруالغفورКешіруші, күнәларды кешуші. Кешірім сұраушыларды күнәлары үшін қолға алмайды, жаман істерін жақсы амалдарға ауыстырады.
35Әш-ШәкуруالشكورШүкірді қадірлеуші. Адамдарға шүкірлік айтқаны үшін мәрхамет етеді. Құлдарына көркем істері үшін ізгілік етеді.
36Әл-ҒалиуالعلىӨте биік, Жоғары, Мәртебелі. Адамдардың сезім, сана және басқа қабілетіне келетін бейнелерден тыс, одан жоғары. Ол T әр уақытта биіктікте.
37Әл-КабируالكبيرҰлық, Ең Ұлы, Абырой және мәрхамет иесі. Адамдардың ойлау, көру және сезу мүшелерінен тыс.
38Әл-ХафизуالحفيظҚорғаушы. Сүйікті құлдарын жамандық пен кесірден сақтайды. Өз құлдарының сауап істерін қиямет күні мәрхамет ету үшін жазып, сақтайды. Аллаһ тағала әлсіздердің жәрдемшісі.
39Әл-МуқитуالمقيتАзық беруші. Азықты жаратып мақұлықтарына таратып береді. Даналықты және білімді жүректерге жеткізеді.
40Әл-ХасибуالحسيبЕсеп беруші, Жеткізуші. Өз құлдарының қажеттерін өтейді. Олардың бұл дүниеде жасаған амалдарына қиямет күні есеп береді.
41Әл-ЖәлилуالجليلБиік, Үлкен, Өз ұлығында өте биік. Қадір-қасиетінде аса Ұлы.
42Әл-КаримуالكريمҚұрметті, Мәрхамет иесі, ізгілік істеуші. Оның рахымында шек жоқ. Ізгілігі ешқашан таусылмас. Уәде берсе, толығымен орындайды.
43Әр-РақибуالرقيبҚараушы, Бақылаушы. Ол T әр нәрсені көріп, біліп тұрады. Ешнәрсе оның алдынан өтпей кетпейді.
44Әл-МужибуالمجيبЖауап беруші. Оған дұға етіп жалбарынған құлдарына жауап береді. Ол T жауап қайтаруда. Ол T адам баласы үшін не нәрсе пайда беретінін біледі. «Иә Мужибу дағуати тәммәти» деп дұға етілсе, Жауап беруші Хақ тағаланың жауап беруі сөзсіз.
45Әл-УасиғуالواسعҚоршап алушы, толтырып салушы. Ол T Өз құлдарын ризықтармен бөлейді. Мәрхаметін тақуа құлдарына төгіп, байытады.
46Әл-ХакимуالحكيمДаналық Иесі, қате жасаудан пәк. Қате жасау Оның даңқына келмейді. Ол әр нәрсені өз орнына қояды.
47Әл-УадудуالودودІзгілік істеуші, Сүюші. Мақұлықтарын жақсы көреді. Сөйтіп, Ол T мәрхаметі, мейірімі және ризықтары арқылы Өзі туралы білдірттеді.
48Әл-МәжидуالمجيدДаңқты, Құрметті. Өз істерінде Көркем. Ол T дүниені ризықтарымен толтырады.
49Әл-БағисуالباعثТірілтуші, Жіберуші, Қайта өмір беруші. Өлілерді есеп беру үшін тірілтеді. Өз елшілерін (пайғамбарларын) адамдарға жібереді.
50Әш-ШахидуالشهيدКуә. Ол T анығын да, белгісізін де біледі және соған Куә. Аллаһ тағала Өзінің Иләһи сипаттарыменен жалғыз Құдай T екенін білдіртеді.
51Әл-ХаққуالحقШындық иесі. Хақ Тағала әрбір нәрсені өз даналығымен жаратты. Қабірдегілерге есеп беру үшін және жәннат немесе тозаққа жіберу үшін тірілтеді.
52Әл-УакилуالوكيلБасқарушы. Өкіл иесі Аллаһ тағала барлығын басқарады. Құлдары Оған тәуекел етіп, тәубе келтіреді.
53Әл-ҚауийуالقوىҚуатты, Мықты, Құдіретті. Оның шамасы әр нәрсеге жетеді.
54Әл-МәтинуالمتينМықты, Тұрақты, Құдіретті. Оның күшіне ешкімнің қуаты жетпейді. Ол T ешқашан әлсіз немесе шамасыз бола алмайды.
55Әл-УасиғуالولىҚорғаушы. Ол тақуаларды (әулиелерді) жақсы көреді және оларға мықты қуат береді. Кәпірлердің беделін бұл дүниеде де, о дүниеде де түсіреді.
56Әл-ХамидуالحميدПәктеулі, Дәріптеулі, Мақтаулы. Мадақ Иесі. Аллаһ тағаланы кәпірлер мен екіжүзділерден басқасының бәрі мадақтайды.
57Әл-МухсийالمحصىСанаушы. Ол бәрін санайды. Оған ешкім санауға бөгет жасай алмайды. Ол бір нәрсеге көңіл бөліп басқаны назарынан тыс қалдырушы емес.
58Әл-МубдиуالمبدئБастаушы. Ол T қандай-да бір жаратылысты жаратар алдында ешбір бейне, мысалсыз жаратты.
59Әл-МуғидуالمعيدҚайтарушы. Ол T тірілерді өлілерге айналдырады және оларды қайтадан бастапқы қалпына келтіреді. Егер мал, мүлік немесе адам жоғалса Аллаһ тағаланың осы көркем есімін 70 рет қайталап дұға етсе, жоғалған нәрсе Аллаһ тағаланың қалауымен қайта оралады.
60Әл-МухийالمحيىТірілтуші. Ол денелерге жан салып тірілтеді. Егер біреу бұл есіммен Аллаһ тағалаға жалбарынса шипа табады.
61Әл-МумитуالمميتӨлтіруші. Денелерден жан алып өлтіреді. Ахіреттің қайғы-мұңның дәмін татпау үшін Аллаһ тағаланың осы атын көбірек қайталап, зікір етіп жүру керек.
62Әл-ХайюالحيТірі. Ол T мәңгі өмір сүреді, мәңгі болды және мәңгі болады. Оның тірі болуының басы да, соңы да жоқ.
63Әл-ҚаююмуالقيومБәрінің үстінде тұрушы. Әрбір заттың үстінен қарайласып оған Қамқоршы болып тұрады. Әр нәрсе тек Аллаһ тағаланың қалауымен тұрады. Өздігінен мықты тұрушы.
64Әл-УәжидуالواجدБай, Табушы. Нені тапқысы келсе, сәтінде-ақ табады, өйткені бүкіл жаратылыс оның құзырында. Ол T ештеңені жоғалтушы емес.
65Әл-МәжидуالماجدҚұрметті, Сыйлы. Ол T жақсы қасиеттерді иемденеді. Құрмет пен сый оған тән.
66Әл-УахидуالواحدЖалғыз. Барлық Құдайлық сипаттар Оған тән. Одан басқа Құдай жоқ. Аллаһ тағала расында жалғыз, сондықтан Аллаға ғибадат етіледі.
67Әл-ӘхадуالاحدТек, жалғыз
68Ас-СамадуالصمدМұңсыз. Адамдардың қажеттерін өтеп беруші Аллаһ тағала, сол үшін құлдары Оған бұл көркем атымен жалбарынады. Ол T – аса Құдіретті, Қуатты.
69Әл-ҚадируالقادرМықты, Қадірлі. Оны T мақұлықтар қадірлейді. Оған ешкімнің көмегі керек емес. Ол T әр нәрсеге шамасы жетеді.
70Әл-МуқтадируالمقتدرҚұдіретті. Не істегісі келсе соны істеуге қуаты жетеді. Оның T істей алмайтын ісі жоқ.
71Әл-МуқаддимуالمقدمАлға шығарушы. Өз пайғамбарларын алға шығарады. Өзіне инабатты құлдарын тура жолға салады. Оларды ұлық дәрежелерге көтереді.
72Әл-МуаххируالمؤخرАртқа тартушы. Өз жауларын артта қалдырады. Ол T Өзі мен кәпірлердің арасына бөгет перде салады.
73Әл-ӘууәлуالأولБірінші, Алғашқы. Баршаның алдында. Ол T мәңгі тұрады. Оның алдында ешбір зат болған емес.
74Әл-АхируالأخرСоңғы, Ақырғы. Барша мақұлық қиямет күні қайтыс болғанда Аллаһ тағала тірі болады. Оның соңы жоқ. Кім күніне осы көркем есімді 1000 рет зікір етсе Аллаһ тағаланың махаббаты баурап алады, сол адам нәпсіқұмарлықтан арылып, көз жұмғанда иманмен қайтады.
75Аз-ЗаһируالظاهرАнық, Көзге көрініп тұрушы. Ол T Өзін аяттары (күн, ай, жұлдыз т.б.) арқылы бар екенін анық көрсетіп тұрады.
76Әл-БатинуالباطنКөрінбей тұрушы, Ішкі. Ол T мақұлықтардың көзіне көрінбейді. Ол T мақұлықтардың не ойлап, не қоятынын біледі және олар не нәрсеге ұшырайтындарын меңгеріп тұрады.
77Әл-УалиالواليБасқарушы, Уәлі. Ол T әр нәрсенің басқарушысы. Ол T не бұйрық берсе, сол мезетте бұлжытпай орындалады. Ол T Өз қалауымен және даналығымен билік жүргізеді. Үкімдерін іске асырады.
78Әл-МутаәлуالمتعاليБиікке көтерілуші (Самғаушы). Мақұлықтардың сипаттары Оған тән емес. Пайғамбарлардың сипаттарын биік дәрежеге көтереді.
79Әл-БарруالبرІзгілік істеуші. Ол T ешуақыт жаманшылық істемейді. Құлдарға ізгілік және қамқорлық етеді.
80Әт-Тауәбуالتواب– Тәубені қабылдаушы. Ол T әрдайым адамдардың шынайы жасаған тәубесін қабыл етеді. Тәубе етушілерге ғафу етіп, оларға рахым-мейірімін төгеді. Кім залымның зұлымдығына қарсы Алланың бұл есімін 10 рет айтса зұлымдығына ұшырамайды.
81Әл-МунтақимуالمنتقمӨш алушы. Ол T Өзіне мойынсұнбайтын құлдарын істеген амалына қарай азаптайды.
82Әл-ҒафууالعفوАса кешірімді, Ғафу етуші. Адамдар жалбарынып кешірім сұрағанда күнәларын жойып, сауап істерін қалдырады. Бұл есіммен Аллаһ тағалаға жалбарынып артынан «Аллаһумма иннәкә ғафуун карим, тухиббуль ғафуа, фағфу ғаннә» десе оның күнәлары кешіріледі.
83Ар-РаууфуالرؤوفҚамқоршы. Аллаһ тағала Өз құлдарына жақсылық пен қамқорлық жасайды.
84Мәликуль Мулькمالك الملكМүліктердің Патшасы. Иелігі өте зор. Байлық қазынаның барлығы, күллі мүлік Оның қолында. Кім осыны көп қайталап жүрсе Аллаһ тағала Өз байлығынан төгіп береді.
85Зүл Жәләли уәл Икрамذو الجلال و الإكرامҚұдірет және құрмет Иесі. Өзінің ұлы сипаттары үшін құрметті және атақты болады.
86Әл-МуқситуالمقسطӘділ. Шешімдерінде өте Әділ. Әрбір қиянат жасаған мен зиянға ұшырағанды о дүниеде сұрайды және істеген амалдарына қарай жәннат немесе тозаққа жібереді.
87Әл-ЖәмиғуالجامعЖинаушы. Қиямет күні «Махшарда» бүкіл адамдарды жинайды. Ол біреуін де қалдырмайды.
88Әл-ҒаниуالغنىБай. Оған ештеңе керек емес. Барша мақұлық Аллаһ тағаладан қажеттерін сұрайды және Оған тәуелді.
89Әл-МуғниالمغنىБайытушы. Өзінің қай құлын байытқысы келсе, шексіз ризық беріп байытады. Осы арқылы сынайды. Байлықтың барлығы Оған қайтарылады.
90Әл-МәниғуالمانعХарам етуші, рұқсат бермеуші. Ол Өз құлдарына кейбір нәрсені харам етеді. Өзінің сүйікті құлдарын залымдардан қорғайды.
91Ад-ДарруالضارЗиян келтіруші. Азап ретінде кейбір құлдарына күнәлары үшін зиян келтіреді.
92Ән-НафиғуالنافعПайда беруші. Өз жаратқан мақұлықтарына пайда береді. Кейбір құлдарының пайдасын көбейтеді.
93Ән-НуруالنورНұр, Нұр шашушы. Әр түрлі жетіспеушіліктерден пәк. Бұл дүниені Өз нұрымен нұрландырып тұрады. Соқырға нұрды көру үшін көз нұрын, жанар береді. Адасқандарды тура жолға салады. Осы керемет есімді қайталап жүрген адам қайғыға салынбайды.
94Әл-ҺәдиالهادئАпарушы, Жүргізуші, Ілестіруші. Мустақим жолға салушы. Жүректерді хақты табу үшін бағыттайды. Дінде немесе дүниауи амалда пайда беретін нәрсеге жолықтырады.
95Әл-БәдиғуالبديعЖаратушы. Ешбір нұсқа, мысалсыз жаратады. Оның биік сипаттарына ешкім жете алмайды.
96Әл-БақиالباقيБақи, Мәңгі. Ол T соңсыз мәңгілік жасайды. Ол T тірілмейді де, өлмейді. Егер бұл есімді күніне 1000 рет қайталап жүрсе Аллаһ тағала қасіреттен аман сақтайды
97Әл-УарисуالوارثМұра Иесі. Барлық мұра Аллаһ тағалада.
98Әр-РашидуالرشيدСалушы. Ол T Өз құлдарын пайда беретін жолға салады. Өз даналығымен билік жүргізеді.
99Әс-СабуруالصبورСабырлы. Ол T сабырмен құлдарының күнәларын кешіріп, азабын тездетпейді. Кім осыны меңгеріп 100 рет айтып, Алланы еске алып зікір етсе сол күннің бәле-жаласынан аман жүреді.

Сипаттары

Аллаһ Тағаланың сипаттары тек жалғыз Құдайға тән. Аллаһ тағаланың сипаттары мәңгі, олардың басы да, соңы да жоқ және олар жаратылыс емес. Аллаһ тағаланың сипаттары өзгермейді, ешкімге және ешнәрсеге тәуелді емес, оларға ұқсас нәрсе жоқ және тек Бір Хақ Тағалаға тән. Әрбір мұсылман Аллаһ тағаланың сипаттарын біліп, мән-мағынасын түсінуі керек, өйткені оларды жоққа шығарған адам кәпір болады. Бізді одан Аллаһ тағала сақтасын!

1. الوُجُودُ Әл-Ужуд (Тіршілік) – Аллаһ тағаланың бар және тірі екендігіне Оның Tмақлұқаттарының, ғаршының, жұлдыздардың, күн мен айдың, тірі жан-жануардың, жәндіктердің, сондай-ақ басқа да тіршіліктің бар болуы дәлел бола алады. Біздің айналамыздағы табиғат тіршілігі тек Жаратушы Аллаһ тағаланың белгілі бір заңдары бойынша іске асады. Дүние тіршілігінде өмір сүретін мақлұқат бір-біріне байланысты және сол байланыстан ажырай алмайды, өйткені жаратылыстың баршасы бір жүйе қалыптастырады.Дүниеде екі миллионнан астам жануар, өсімдік және басқа да микроорганизмдердің түрі бар. Олардың әр түрі бір жағынан, белгілі бір үйлесіммен табиғат тіршілігінің жүйесіне (биосфераға) кіреді, оның бір құрмалас бөлшегі болып табылады, екінші жағынан оның өзі жоғары дәрежеде қалыптасқан, жетілген және үйлесімді, өз қызметін орындайтын, дене бітіміне айналған бір жүйе болады екен. Бір сөзбен айқанда, бар жаратылыс бір логикаға, бір ойға бағынған. Осының баршасы тек Аллаһ тағаланың ісі екеніне көз жеткізу қиын емес. Тек соңғы ғасырда, санамызда қалыптасқан стереотиптерден арылу керек, өйткені олар адамды хақ нәрсені жала деп, ал өтірік, шындыққа жатпайтынды хақ деп тура жолдан тайдыруы мүмкін.

2. القِدَمُ Әл-Қидам (Бастамасы жоқ) – Аллаһ тағала мәңгі өмір сүреді, Ол Tәрқашан болды және болады. Оның T бар болуының басы жоқ. Жаратылыстың бәрі белгілі бір уақытта тіршілігін бастады, ал Жаратушының жаратылыстардан айырмашылығы осында, Ол T Мәңгі, Ол T белгілі бір мезетте пайда болған жоқ.

3. البَقَاءُ Әл-Бақа (Мәңгілік) – Аллаһ тағаланың бар мақлұқаты, тек Өзі қаламаса жоқ болады, ал Аллаһ тағала мәңгі. Оның T бар болуының соңы жоқ. Уақыт та Аллаһ тағаланың жаратылысы, сондықтан Ол T уақытқа тәуелді емес.

4. السَّمْعُ Ас-Сам` (Бар нәрсені есту) – Аллаһ тағала бәрін есітуші және Ол T естімейтін нәрсе жоқ. Бірақ Оның T есіту қабілеті мақлұқаттардағыдай емес. Аллаһ тағаланың есіту қабілеті өзгермейді, яғни әлсіремейді және күшеймейді, оның басы да, соңы да жоқ. Аллаһ тағаланың мақлұқаттары дыбыстардың бәрін ести алмайды, олар кейбір алыс және ақырын шыққан дауыстарды естімейді. Қатты шығатын дыбыстар ақырын шығатын дыбыстарды басады, сондықтан олар басылған дыбыстарды естімейді. Аллаһ тағала бұл кемшіліктерден пәк. Ол T үшін «жақын» немесе «алыс», «ақырын» немесе «қатты» деген ұғым жоқ, Ол T дауыстың бәрін бірдей естиді және Оның T естуінен тыс ешнәрсе қалмайды. Есту үшін Аллаһ тағалаға мүше керек емес. Кейбір жануар басқадан жақсы естиді және ол Аллаһ тағаланың құдіреті.

5. البَصَرُ Әл-Басар (Бәрін көру) – Аллаһ тағала бәрін көреді және Ол T көрмейтін нәрсе жоқ. Оның T көру қабілеті мәңгі және өзгеріске ұшырамайды. Көру үшін Аллаһ тағалаға мүше керек емес. Оның T мақлұқаттары алыс немесе қараңғы жерде тұрған нәрсені көрмейді. Ал көрінетін нәрсенің ішінде тек қарап тұрған затты көреді. Сондай-ақ кейбір жануарлар мүлдем соқыр (мысалы көртышқан, жарқанат), базы біреулер басқалардан артық көреді. Алайда Аллаһ тағала бұл кемшіліктерден пәк. Аллаһ тағала үшін «алыс» немесе «жақын», «жарық» немесе «қараңғы» деген ұғым жоқ.

6. الكَلاَمُ Әл-Каләм (Сөйлеу) – Аллаһ тағала сөйлеу қабілетінің иесі. Қасиетті Құран Кәрім және одан бұрын нәзіл болған Кітаптар (Тәурат, Зәбур, Інжіл) және парақтары (сухуфтары) — Аллаһ тағаланың сөзі. Оның T сөзі әріп және дыбыстан тұрмайды. Аллаһ тағаланың сөзі мәңгі, басы жоқ және жаратылыс емес. Кімде-кім Аллаһ тағаланың сөзі жаратылыс деп айтса, кәпір болады. Абай атамыз айтқандай: «Алланың Өзі де рас, сөзі де рас». Сөйлеу үшін Аллаһ тағалаға мүше керек емес.

7. الإِرَادَةُ Әл-Ирада (Қалау) – Істелініп жатқан барша амалдар Аллаһ тағаланың қалауымен болып жатыр. Оның T қалауынсыз және кездейсоқ еш амал жасалынбайды. Аллаһ тағала жақсылық пен жамандықты жаратты, бірақ бізге жақсы амал жасауға және жамандықтан тыйылуға бұйырды. Ол T жақсылықты мақұлдап, жамандықтан тыяды.

8. القُدْرَةُ Әл-Қудра (Құдірет) – Аллаһ тағала құдіретті, Оның T бәріне қуаты жетеді, Ол T бәрін істей және істете алады, Ол T істей алмайтын нәрсе жоқ. Бір нәрсені істеу үшін Аллаһ тағалаға қандай да бір құрал немесе мүше керек емес. Мақлұқаттың құдірет-қуаты шектеулі, ал Құдіретті Аллаһ тағаланың қуаты шектеулі емес. Адам бәрін істей алмайды, кейбірін істесе де бір ісі ауыр, бір ісі жеңіл келеді. Адам баласына ми, аяқ-қол өмір сүру, тіршілік ету үшін берілген, сондай-ақ адам амалдарды құралсыз істей алмайды. Аллаһ тағала бұл кемшіліктерден пәк. Оған T бір түйір тозаңды немесе жер шарын жарату бірдей жеңіл. Ол T не жаратам десе, кірпік қаққандай.

9. العِلْمُ Әл-`илм (Бәрін білу) – Аллаһ тағала бәрін білуші. Ол T бәрін біледі және Ол T білмейтін нәрсе жоқ. Аллаһ тағаланың білімінің басы да, соңы да жоқ, ол өзгермейді, қосылмайды да, кемімейді, өйткені Аллаһ тағаланың білімі бәрін қамтиды.

10. الحَيَاةُ Әл-Хаят (Өмір) – Аллаһ тағала тірі. Бірақ Оның T өмір-тіршілігі мақлұқаттың өміріне ұқсамайды. Аллаһ тағаланың өмірінің басы да, соңы да жоқ, Аллаһ тағала жасармайды да, қартаймайды. Мақлұқаттар сияқты дене мен нәпсімен өмір сүру Оған T лайықты емес. Оның T өмірі ерекше және мақлұқаттардың өміріне ұқсамайды.

11. الوَحْدَانِيَّةُ Әл-Уахданийя (Жалғыздық) – Хақ тағала жалғыз (Құдай), Оған T ұқсайтын еш нәрсе жоқ. Ол T Өздігінде, Өз сипаттарында және амалдарында бір және жалғыз. Оның T Өзегінде Өзінен басқа ешнәрсе жоқ, бөлшектерден тұрмайды және бөлшектенбейді. Оның T сипаттары Өзінен басқасына тән емес және басқаның сипаттары Оған T тән емес. Оның T жарату ісіне және басқа амалдарына ешкім қосылмайды (көмек немесе кеңес бермейді). «Бір» деген сөз бірлік, бір санының мағынасында емес, өйткені санды бір-біріне қосып-азайтуға болады. «Бір» сөзі Аллаһ тағаланың жалғыз Құдай екендігін білдіртеді. Аллаһ тағала бөлінбейді, бүтін, жалғыз Тәңір және адам ойлау қабілетінен тыс.

12. القِيَامُ بِنَفْسِهِ Әл-Қиямуһу би-нафсиһи (Өзіндігінен жеткілікті) – Аллаһ тағала Өз өзіне жеткілікті, яғни ешкімге және ешнәрсеге тәуелді емес, Оған ешкім және ешнәрсе керек емес, Ол T өзіндігінен бар болушы. Ол T ауаға, суға, ризыққа, уақытқа, орынға мұқтаж емес. Ол T абсолютті тәуелсіз. Аллаһ тағаланың бар болуы белгілі бір факторларға байланысты емес. Мақлұқаттың бәрі Аллаһ тағалаға тәуелді, олардың бар болуы – Оның T құзыры мен қалауы. Сондай-ақ Аллаһ тағала оларды бір-біріне байланыстырып, біріне-бірін тәуелді етіп жаратты. Егер табиғат құбылыстарына көз салсақ, денелердің бір күйден екінші күйге ауысатынын көреміз. Ал осының бәрі Аллаһ тағалаға тәуелді. Аллаһ тағала шексіз тәуелсіз.

13. المُخَالَفَةُ لِلحَوَادِثِ Әл-Мухалафат лиль хауадис (Еш нәрсеге ұқсамаушылық) – Аллаһ тағала ешкімге және еш нәрсеге ұқсамайды және Оған T ұқсас еш нәрсе жоқ. Аллаһ тағала ойлау қабілетінен пәк, ұқсатқан нәрсеге ұқсамайды және Аллаһ тағаланы бір нәрсеге ұқсату – күпірлік. Адам Аллаһ тағаланы бейнелей алмайды, өйткені оның санасы шектеулі.

وَ صَلَّى اللهُ تَعَالى عَلَى خَيْرِ خَلْقِهِ سَيِّدِ الأَوَّلِينَ وَ الأَخِرِينَ نَبِيِّنَا مُحَمَّدٍوَ عَلَى أَلِهِ وَ أَصْحَابِهِ أَجمَعِينَ بِرَحْمَتِكَ يَآ أَرْحَمَ الرَّحِمِينَسُبْحَانَكَ رَبِّكَ رَبِّ العِزَّتِ عَمَّا يَصِفُونَ وَ سَلاَمٌ عَلَى المُرْسَلِينَوَ الحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ العَالَمِينَ

Аллаһ тағалаға ғибадат, халыққа шарапат. Қадірлі жамағат! Аллаһ тағаланың осы 99 көркем есімін және сипаттарын жаттап, мағынасын түсініп басқаларға жеткізу парыз. Аяқ асты етпеңіздер, биік жерде ұстаңыздар!

Дереккөздер

Сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Names of God in Islam