Брэд Питт

Уильям Брэдли «Брэд» Питт (ағылш. William Bradley «Brad» Pitt; 18 желтоқсан 1963 жыл, Шауни, Оклахомада туған) — американдық актер, продюсер. 1995 жылғы «Алтын глобус» сыйлығының лауреаты.[1]

Брэд Питт
Brad Pitt
Сурет
Питт 2019 жылы
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Уильям Брэдли Питт

Туған күні

18 желтоқсан 1963 (1963-12-18) (60 жас)

Туған жері

Шауни, Оклахома, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актер
продюсер

Белсенді жылдары

1987 — қазіргі уақытқа дейін

Марапаттары

«Оскар» (2014, 2020)
«BAFTA» (2014, 2020)
«Алтын глобус» (1996, 2019)
«Эмми» (2014)

IMDb

ID 0000093

Өмірбаяны

Уильям Брэдли Питт Шауни қаласында (Оклахома, АҚШ) дүниеге келген. Әкесі, Уильям Питт, жүк тасымалдаумен айналысатын компанияда менеджер болып жұмыс істеген, анасы - Джейн Этта Хиллхаус, жергілікті мектептің оқытушысы болған.[2] Дуг Питт ағасы және Джулия Питт деген қарындасы бар. Мектеп қабырғасында Питт спортпен айналысқан, пікірталас клубына және музыкалық секцияларға қатысқан.[3] Мектепті бітірген соң, ол Миссури-Колумбия университетіне түсіп, журналистика және жарнамалық істі оқыған. Алайда университетті тәмамдағаннан кейін Питт мамандығы бойынша жұмыс істемей , актерлік мансабын бастау үшін Голливудке аттанады. Осы жерде ол атын «Брэд Питт» деп өзгерткен.[4]

Мансабы

Танымал актер болмай тұрып, Питт жүргізуші болып жиһаздарды тасымалдаған. Сонымен қатар ол актерлік курстарға қатысқан. Мансабы «Даллас» телехикаясындағы рөлімен басталған.[5] Ол киноларда хикаяларда кішігірім рөлдерді сомдай бастайды. 1988 жылы ол өзінің алғашқы басты рөлін «Тёмная сторона Солнца» фильмінде сомдап шыққан.[6]

1991 жылы ол сәтті болып шыққан «Тельма және Луиза» фильміне түседі. Осыдан кейін ол бірқатар жақсы шыққан рөлдерді сомдаған.[7]

1995 жылы Empire журналы Питті кино тарихындағы 25 ең сексуалды жұлдыздар тізіміне енгізген.[8]

1997 жылы Қытайдың Тибетке басып кіруін баяндайтын Тибеттегі жеті жыл фильмі шығады. Осыдан кейін Брэд Питтпен оның фильм бойынша әріптесі Дэвид Тьюлиске Қытай Халық Республикасына келуге тыйым салынған.[9]

1999 жылы Брэд өзінің ең танымал рөлдерінің бірі Чак Паланиктің романы бойынша түсірілген «Бойцовский Клуб» фильміндегі Дэвид Финчерді сомдаған.[6] Бірақ коммерциялық жағынан сәтті шығып, оны әлемнің секс-символы ретінде танытқан «Троя» фильміндегі Ахиллестің рөлі болады. Содан кейінде ол көптеген фильмдерге түседі, соның ішінде өзінің қазіргі әйелі Анджелина Джолимен бірге түскен «Мистер и миссис Смит» (2005) шытырман комедиясы да бар.[10]

Оның соңғы рөлдерінің бірі - «Бенджамин Баттонның тылсым оқиғасы» фильміндегі басты кейіпкердің рөлі, ол кәрі болып туылып өмірін аяғынан басына қарай кері өткізеді. Сондай-ақ ол Роберт Швенткенің «Жена путешественника во времени» фильмінің және Мэттью Вонның «Пипец» фильміне продюсерлік еткен.[11]

2002 жылы Питт Дженнифер Энистонмен және Paramount Pictures голливуд киностудиясының басшысы Брэд Грэймен бірігіп Plan B Entertainment продюсерлік компаниясын құрады. 2005 жылы компания басты рөлді Джонни Депп сомдаған «Чарли и шоколадная фабрика» фильмнің продюсері болған.[12] Сонымен қатар Питт жарнама роликтерінде де көріне бастаған. 2005 жылы Heineken жарнамасына, кейін американдық супермодель Татьяна Сороккомен бірге Хонда Акура жарнамасына түскен. SoftBank және Edwin Jeans үшін жапондық жарнамаға да түскен.[13]

Жеке өмірі

1995 жылы «Жеті» триллерінің түсірілісі кезінде Брэд фильм бойынша оның әйелін ойнаған Гвинет Пэлтроумен жақындасып кетеді. Екеуінің бас қосатындығы жайлы айтылып жүрген кезде, олар кенеттен ара қатынастарын тоқтатады (1997). 2000 жылдың 29 шілдесінде Питт Дженнифер Энистонмен үйленіп, 2005 жылы ажырасып кетеді. Көпшіліктің айтуына қарағанда ажырасудың себебі Дженнифердің балалы болғысы келмегендігінен дейді.[14]

Ажырасу ісіне дейін Питт «Мистер және миссис Смит» фильмі бойынша әріптесі Анджелина Джолимен кездесіп жүрген. Екеуі ара қатынастары жайлы ресми түрде мәлімдеген.[15] 2006 жылдың 27 мамырында Намибияда Питтың Шайло Нувель атты қызы, ал 2008 жылдың 12 шілдесінде Францияда Нокс Леон және Вивьен Маршелин атты егіздері дүниеге келеді.[16] Брэд Анджелинаның барлық асыранды балаларын асырап алады. Қазір олардың алты баласы бар: ұлдары - Мэддокс Шиван, Пакс Тьен және Нокс Леон; қыздары - Захара Марли, Шайло Нувель және Вивьен Маршелин. Барлық балаларының тегі — Джоли-Питт.[17]

Фильмдер тізімі

ЖылҚазақша атауыТүпнұсқа атауыРөлі
1987фБейтарап жерNo Man's Landдаяшы / Waiter
фНөлден азLess Than ZeroPartygoer / Preppie Guy at Fight
сӨсу проблемаларыGrowing PainsДжефф / Jeff
сДалласDallasРэнди / Randy
сБасқа әлемAnother WorldКрис
1988сДжамп-стрит, 2121 Jump StreetПитер / Peter
фКүннің қараңғы жағыThe Dark Side of the SunРик Клейтон / Rick
1989фБірге бақыттыHappy TogetherБрайан / Brian
фСыныпты қысқартуCutting ClassДуайт Ингаллс / Dwight Ingalls
сСыныптың президентіHead of the ClassЧак / Chuck
сFreddy's NightmaresРик Остин / Rick Austin
1990тфThe Imageоператор / Steve Black
тфӨлуге тым жас?Too Young To Die?Билли Кэнтон / Billy Canton
сДаңқ күндеріGlory DaysУокер Лавджой / Walker Lovejoy
1991фAcross the TracksДжо Мэлоуни / Joe Maloney
фДжонни ЗамшаJohnny SuedeДжонни Замша / Johnny Suede
фТельма және ЛуизаThelma & LouiseДжей Ди / J.D.
1992фContactКокс / Cox
1990сTales from the Crypt, «King of the Road»Билли / Billy
1992фCool Worldдетектив Фрэнк Харрис (дауыс) / Detective Frank Harris
фӨзен ағып жатқан жерA River Runs Through ItПол Маклин / Paul Maclean
1993фКалифорнияKaliforniaЭрли Грейс / Early Grayce
фШынайы махаббатTrue RomanceФлойд / Floyd
1994фҚызметThe FavorЭллиотт Фоулер / Elliott Fowler
фВампирмен сұхбатInterview with the Vampire: The Vampire ChroniclesЛуи де Пон дю Лак / Louis de Pointe du Lac
фКүз аңыздарыLegends of the FallТристан Ладлоу / Tristan Ludlow
1995фЖетіSeven (Se7en)детектив Дэвид Миллс / David Mills
ф12 маймыл12 MonkeysДжеффри Гоинс / Jeffrey Goines
1996фҰйықтап жатқандарSleepersМайкл Салливан / Michael Sullivan
1997фThe Devil’s OwnФрэнсис «Фрэнки» Остин МакГайр / Рори Дивани / Francis Austin McQuire/Rory Devaney
фТибетте жеті жылSeven Years in TibetГенрих Харрер / Heinrich Harrer
1998фТанысыңыздар, Джо БлэкMeet Joe BlackДжо Блэк / кофеханадағы адам / Joe Black / Man in the Coffee Shop
1999фТөбелес клубыFight ClubТайлер Дёрден / Tyler Durden
фДжон Малкович болуBeing John Malkovichкамео
2000фSnatchМикки О’Нил / Mickey O'Neil (the Pikey)
сJackassкамео
2001фМексикандықThe MexicanДжерри Уэлбах / Jerry Welbach
фТыңшы ойындарSpy GameТом Бишоп / Tom Bishop
фОушеннің он бір досыOcean's ElevenРасти Райан / Расти Райен (англ.)русск.
сДостарFriendsУилл Колберт / Will Colbert
2002фFull Frontalкамео
фConfessions of a Dangerous MindБрэд, бойдақ № 1 / Brad, Bachelor No.1
2003мфСиндбад: жеті теңіздің аңызыSinbad: Legend of the Seven SeasСиндбад / Sinbad
мсТау патшасыKing Of The HillPatch Boomhauer
фЭбби СингерЭбби Сингеркамео
2004фТройTroyАхилл / Achilles
фОушеннің он екі досыOcean's TwelveРасти Райан / Rusty Ryan
2005фМистер мен миссис СмитMr. & Mrs. SmithДжон Смит / John Smith
2006фВавилонBabelРичард / Richard
2007фОушеннің он үш досыOcean's ThirteenРасти Райан / Rusty Ryan
фҚорқақ Роберт Форд Джесси Джеймсті қалай өлтірдіThe Assassination of Jesse James by the Coward Robert FordДжесси Джеймс / Jesse James
2008фОқылғаннан кейін өртеуBurn After ReadingЧед Фельдхаймер / Chad Feldheimer
фThe Curious Case of Benjamin ButtonБенджамин Баттон  / Benjamin Button
2009фАтақсыз шаталарInglourious Basterdsлейтенант Альдо Рейн / Lt. Aldo Raine
2010мфМегамиMegamindМачомен / Metro Man
2011фДрево жизниThe Tree of Lifeмистер О’Брайен / Mr. O'Brien
фБарлығын өзгерткен адамMoneyballБилли Бин / Billy Beane
мфКөңілді аяқтар 2Happy Feet Twoкриль Уилл / Will the Krill
корTouch of Evilбезумец
2012фКазино тонауKilling Them SoftlyДжек Коган / Jackie Cogan
2013фZ Дүниежүзілік соғысыWorld War ZДжерри Лейн / Gerry Lane
ф12 жылдық құлдық12 Years a SlaveБасс / Bass
фКеңесшіThe CounselorВестрэй / Westray
2014фFuryштаб-сержант Дон Колльер «Жауынгер Әке / Wardaddy
2015фBy the SeaРоланд / Roland
2015корThe Auditionөзін-өзі сомдайды
фThe Big ShortБен Риккерт / Ben Rickert
2016докУақыт саяхатыVoyage of Timeрассказчик / Narrator
фAlliedМакс Ватан / Max Vatan
2017фWar Machineгенерал Глен МакМан / General Glen McMahon
2018фДэдпул 2Deadpool 2Телфорд Портер / көрінбейтін адам / Telford Porter / Vanisher
2019фБір күні ГолливудтаOnce Upon a Time in HollywoodКлифф Бут / Cliff Booth
фЖұлдыздарғаAd AstraРой МакБрайд / Roy McBride

Дереккөздер

Сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Brad Pitt