Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні

23 сәуір – әлемдік әдебиет үшін ерекше күн.

1616 жылы сәуірдің жиырма үшінші жұлдызында М.Сервантес, У.Шекспир және Инка Гарсиласо де ла Вега сынды тұлғалар қайтыс болған. Сондай-ақ, Морис Дрюон, Хальдоур Лакснесс, Дж.Пла және Мануэль Мехиа Вальехо атты авторлардың туған немесе дүние салған күндері саналады. 1995 жылы Париж қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында осы күнді кітап пен оның авторларына арнау туралы шешім қабылданды. Күннің басты мақсаты – адамдарды, әсіресе жастарды кітап оқуға шақыру, одан ләззат алуға баулу және адамзаттың мәдени және әлеуметтік өрлеуіне үлес қосқан авторларды құрметтеу, есімдерін ұлықтау.

Ә.Науаи айтқандай: "Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына". Біз кітап арқылы білімге ғана жол ашпаймыз, жаңа идеяларға кілт табамыз, рухани және материалдық құндылықтарға қол жеткіземіз, сұлулықты түсінеміз.

2014 жылғы "әлемдік кітап астанасы" ретінде Порт-Харкорт (Нигерия) қаласы танылды.

Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінде әртүрлі кітап көрмелері мен жәрмеңкелері, акциялар, конкурстар өтеді.[1]

Дереккөздер