Бәрия Бадыққызы Жахина

Бәрия Бадыққызы Жахина (27. 1. 1956 жылы туған, Көкшетау облысы, Уәлиханов ауданы, Қызылоба ауылы) — тіл білімі маманы, педагогика ғылымдарының кандидаты (1996).

Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1978). 1978—1988 жылдары мектепте мұғалім, 1989 жылдан Ш. Уәлиханов атындағы педагогика институтта аға оқытушы.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Н. Орапбаеваның жетекшілігімен "5-класта лексиканы оқытумен байланысты тіл дамытудың әдістемесі" деген тақырыпта кандидаттық диссертацияны қорғады.[1]

Дереккөздер