Вогез (департамент)

Вогез (франц. Vosges) — Францияның шығысындағы департамент, Лотарингия аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі — 88. Әкімшілік орталығы — Эпиналь. Халық саны 381 мың адам (департаменттер арасында 60-шы орын, 1999 ж.).

Географиясы

Жер аумағы 5874 км². Департамент Вогез тау жұйесінде орналасқан және ол арқылы Сона өзені ағып өтеді.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

Департамент 3 округ, 31 кантон және 515 коммунаны қосады.

Тарихы

Вогез — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Лотарингия провинциясының аймағында пайда болған. Атауы Вогез тау жүйесінен шықса керек.

Вогез департаментінің қаласы Жерардмерде Франциядағы туризм бойынша бірінші офис ашылды.

Тағы қараңыз

Сілтемелер