Герберт Густавович Генке
Генке Герберт Густавович (1913 жылы туған) - неміс жазушысы, аудармашы. 1913 жылы 14 қазанда Ресейдің Житомир облысы, Ярунск ауданы, Анетал селосында туған. 1937 жылы Энгельс қаласындағы педагогика институтын тамамдайды. Содан кейін неміс тілінде шығатын журналдар мен газеттердің редакцияларында, Қазақ радиосында қызмет істеген.Қазақ ақындарының шығармаларын, сондай-ақ Абайдың бірнеше өлеңін неміс тіліне аударған. Генке аударған Абайдың «Бай сейілді» өлеңі «Дала ырғағы» (А., 1976, немісше) жинағына енген.[1]
Шығармалары
Алғашқы өлеңдері мен әңгімелері 1935 жылы, «Орау Волга» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1938 жылы жарық көрген.
- Орау Волга (неміс тілінде). М., «Правда» баспасы, 1938;
- Көктем (неміс тілінде). М., «Правда» баспасы, 1939;
- Бал мерекесі (неміс тілінде). А., «Қазақстан», 1967;
- Көгілдір жаңғырық (неміс тілінде). «Қазақстан», 1970;
- Алхорылар (неміс тілінде). А., «Қазақстан», 1973;
- Баспалдақ (орыс тілінде). Өлеңдер. А., «Жалын», 1985;
- Таңдамалы. Өлеңдер мен әңгімелер. А., 1988;
- «Круговорот». Стихи. А., 1990.[2]
Дереккөздер
🔥 Top keywords: Басты бетҚұрбан айтҚұрбандықАбай ҚұнанбайұлыҚазақша жыл санауАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыМұхтар Омарханұлы ӘуезовШыңғыс ханӘкелер күніҚазақстанӨзін-өзі өлтіруТүрік қағанатыАйтИсламдағы жыныстық өмір әдебіЕтеккірБесін намазыАбай жолы (роман)Ахмет БайтұрсынұлыАлланың есімдеріМұхаммедАлаш партиясыӘл-Фатиха сүресіКөкжөтелЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШылауҚазақ хандығының құрылуыСақтарҚазақ хандарыҚазақстан Республикасының КонституциясыКөмірсуларЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісБауыржан МомышұлыҚой малының атауларыЖасушаОйжұмбақ 2ЕтістікҒұндар