Дэнни Роуз

Даниэл Ли «Дэнни» Роуз (ағылш. Daniel Lee "Danny" Rose; 2 шілде 1990, Донкастер, Англия) — англиялық футболшы, Англия Ұлттық футбол құрамасы мен "Тоттенхэм Хотспур" клубының қорғаушысы.

Дэнни Роуз Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

2 шілде 1990 (1990-07-02) (33 жас)

Туған жері

Донкастер, Англия

Азаматтығы

Англия Англия

Бойы

173[1]

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Англия Тоттенхэм Хотспур

Номері

3

Жастар клубы
2005—2006Англия Лидс Юнайтед
Клуб карьерасы[* 1]
2006—2007Англия Лидс Юнайтед0 (0)
2007—Англия Тоттенхэм Хотспур144 (8)
2009 Англия Уотфорд7 (0)
2009 Англия Питерборо Юнайтед6 (0)
2010—2011 Англия Бристоль Сити17 (0)
2012—2013 Англия Сандерленд27 (1)
Ұлттық құрамы[* 2]
2005—2006Англия Англия-165 (0)
2006—2007Англия Англия-1713 (0)
2007—2008Англия Англия-182 (0)
2008—2009Англия Англия-196 (1)
2009—2013Англия Англия-2129 (3)
2012? Ұлыбритания (олимп)4 (0)
2016— Англия26 (0)

Карьерасы

Клубтық

2007 жылдан бері "Тоттенхэм" футболшысы, оған дейін "Лидс Юнайтед" мектебінде тәрбиеленіп, бір маусымдай кәсіпқой футболшы ретінде ойнады. 2009-13 жылдар аралығында бірнеше ағылшындық клубта жалда ойнады, атап айтқанда "Уотфорд", "Питерборо Юнайтед", "Бристоль Сити", "Сандерленд" клубтарында доп тепті.

2014 жылы "Тоттенхэмге" қайта оралған соң бес жылдық келісім шарт жасасты.

Ұлттық құрама

Англияның бірнеше жастағы құрамасында ойнады. Негізгі құрама сапында тұңғыш рет 2016 жылы 26 наурызда Германияға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты.

2012 жылы Ұлыбритания құрамасы сапында жазғы Олимпиада ойындарына қатысты.

Дереккөздер

Сілтемелер