Жанаспалы жасуша

Жанаспалы жасуша — өңнің (эпидермис) жарты ай пішіндес бір-бірімен жанасқан арнайы екі жасушасы. Жанасқан жерінде саңылауы болады. Ылғал мен жарықтың аз-көптігіне байланысты саңылау бірде ашылып, бірде жабылып пішінін өзгертеді, фотосинтез кезінде көмірқышқыл газын жеткілікті мөлшерде қабылдау үшін ашылады, түнге қарай жабылады. [1]

Дереккөздер