Жапония географиясы

Жапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Жапонияның солтүстігінде, әсіресе Хоккайдо аралында, қар қалың түсіп, қысы едәуір суық болады, ал оңтүстігінің, Рюкю аралдарының ауа райы тропиқалық климатқа жақын. Жапония – негізінен жылы әрі күн шуақты ел, алайда оның климаты әжептәуір ылғалды болып келеді.Жапон аралдарының бүкіл ауданының алтындан бес бөлігіне жуығын қалың орманды, жартасты таулар алып жатыр. Ең биік тауы – Фудзи тауы. Ол – сөнген жанартау. Фудзиді жапондар киелі тау деп есептейді. Жапонияда толып жатқан сөнбеген жанартаулар, көптеген шипалы арасандар (ыстық бұлақтар) бар. Мұнда жер сілкіну жиі болып тұрады.Жапония халқы негізінен теңіз жағалауын бойлай созылып жатқан құнарлы жазық алаптарда тұрады. Күріш алқаптарын, жеміс бақтары мен шай плантацияларын жыл сайын ұлғайып өсіп бара жатқан ірі қалалар ығыстырып, егістік жер тарыла түсуде.

Жапония географиясы
карта: Жапония географиясы
Әлем бөлшегіАзия
АймақШығыс Азия
Координаттары36° с.е., 138° ш.б.
Аумағы
Жағалау сызығы29 751 км
Шекаралары0
Ең биік нүктесі3776 м (Фудзи тауы)
Ең төмен нүктесі−4 м (Хатирогата)
Ірі өзеніСинано (367 км)
Ірі көліБива (670 км²)