Жоғарғы деңгейлі үйшік

Жоғарғы (бірінші деңгейлі) деңгейлі үйшік (ағылш. top-level domain — TLD) — үйшік атаулары жүйесі иерархиясындағы түбірлік үйшіктерден соң жоғарғы деңгей. (ағылш. root domain). Интернетте оңдан солға қарай санағанда портал атауы үйшік атауынан басталады.

Мысалы: /http://www.example.com/-(қолжетпейтін сілтеме) порталында example - 2-ші деңгейлі үйшік, .com - жоғарғы (бірінші деңгейлі) деңгейлі үйшік.

Жоғарғы деңгейлі үйшіктер туралы мәлімет

2011 жылдың шілдесі:

  • .com, .net, .org, .info, .biz үйшіктері сәйкесінше: 95 871 283, 14 004 705, 9 266 204, 7 914 762, 2 106 138.[1]
  • ресейлік үйшіктер .рф, .ru және пост-кеңестік .su кеңістігінде: 858 734[2], 3 337 940[3], 93 883[4] үйшік тіркелген.
  • .de үйшіктері: 14 500 342.[5]

2010 жылдың екінші жартысының аяғындағы жоғарғы деңгейлі үйшіктер 196,3 млн үйшікті құрады [6]

Ең ірі үйшіктік кеңістіктер(кему ретімен): COM, DE, NET, UK, ORG, CN, INFO, NL, EU, RU.[6]

Дереккөздер

Дереккөздер