Жұлдыз Қажыкенқызы Омарбекова

(ақпан 2020)

Жұлдыз Қажыкенқызы Омарбекова (24 қыркүйек 1983, Алматы, Алматы облысы, Қазақ КСР) — мемлекеттік және қоғам қайраткері, ҚР қоғамдық даму Министрлігінде вице-министр, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат істері жөнінде Ұлттық комиссияның мүшесі. «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің мүшесі. Белгілі қазақстандық филантроп, журналист, қайырымдылық қордың негізін салушы. Социология ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасыны Парламенті Мәжілісінің депутаты.[1]

Жұлдыз Қажыкенқызы Омарбекова
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
Ту
Ту
29 тамыз 2019 — 15 қаңтар 2021
Өмірбаяны
ПартиясыАманат
БіліміҚазақ мемлекеттік университеті
Ғылыми дәрежесіәлеуметтану ғылымдарының кандидаты
Мамандығысоциолог
Дүниеге келуі24 қыркүйек 1983 (1983-09-24) (40 жас)
Алматы, Алматы облысы, Қазақ КСР
Марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені

Өмірбаяны

Алматы қаласында, Қазақстанда дүниеге келген. Алматы қаласындағы № 138 қазақ гимназиясын бітірген.

Юриспруденция бойынша маман, социология ғылымдарының кандидаты. 2008 жылы«Социальная защита населения в деятельности неправительственных организаций» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Омарбекова қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін еркін меңгерген. Арнайы және мезгілді басылымдарда ғылыми жариялымдары бар. Тұрмыста, үш баласы бар.

Мансабы

Еңбек қызметін 16 жасынан бастады.

  • 1998 жылдан 2000 жылға дейін – «А1» телеарнасының жетекші редакторы.[3]
  • 2002 жылдан 2002 жылға дейін – «Хабар» телеарнасында жетекші редактор.
  • 2002 жылдан 2009 жылға дейін – «Юникс-Тассай» компаниясының бренд-менеджері, маркетинг бөлімінің басшысы, атқарушы директоры.
  • 2004 жылдан 2008 жылға дейін – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде социология кафедрасының оқытушысы.*
  • 2004 жылдан 2013 жылға дейін – «Бауыржан» қайырымдылық қорының қалаушысы және президенті
  • 2010 жылдан 2013 жылға дейін «Rating» зерттеу орталығының қалаушысы және директоры.
  • 2013 жылдан 2014 жылға дейін – Алматы қаласының мәдени басқармасының басшысының орынбасары.
  • 2015 жылдан 2016 жылға дейін – Алматы қаласының Наурызбай ауданының Әкімінің орынбасары.
  • 30.03.2016 жылдан 2018 жылға дейін – «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында төрағасының бірінші орынбасары.
  • 28 қыркүйек 2018 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.
  • 10 сәуір 2019 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.[4]

Өзге де қызметтері

  • 2006 жылы – Қазақстандағы «Демеу» қайырымдылығы туралы журналды басып шығару.
  • 2007 жылы – Қазақстан және Орталық Азиядағы қайырымдылық саласындағы «Алтын Жүрек» премиясының негізін қалаушы.
  • 2004 жылы –қазақстандық телеарнада «Жақыныңа жәрдемдес» атты алғаш әлеуметтік-телевизиялық жобаның негізін қалаушысы («31 канал» телеарнасы).
  • 2010 жылдан бастап – мүгедектерге (мүмкіндіктері шектеулі адамдарға) арналған «Самғау» жыл сайынғы қоғамдық премиясының негізін қалаушы.[5]

Член ассоциации социологов и политологов.

Қайырымдылық қызметі

2004 жылдан 2013 жылға дейін – «Бауыржан» атты қайырымдылық қорын ашқан және басқарған.[6]Қор жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Қайырымдылықты дамыту
  2. Әлеуметтік-маңызды жобалар
  3. Ғылыми бағыттар

Таңдамалы қызметтер, депутаттық

«Нұр Отан» партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткер (03.02.2016 бастап)Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісініңі депутаты (20.08.2019 бастап), Қазақстан Республикасы заңнамасы және сот-құқықтық реформа жөніндегі Комитеттің мүшесі (09.2019 бастап).[7]

Марапаттар

  • Қоғамдық қызметтері үшін Қазақстан Республикасының Президенті атынан алғыс хат.[8]
  • Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз» премиясының лауреаты.[9]
  • Әлеуметтанушылар Конгресінің марапатына иеленуші.[10]
  • «Жыл патриоты» мемлекеттік премиясы.
  • «Кұрмет» ордені.
  • «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медаль.

Шығармашылығы

Оқулықтар авторы:

  • «Золотые сердца Казахстана» (2011)
  • «Как открыть благотворительный фонд и сделать его успешным?» (2013)
  • Хобби — спорттық ату.[11]

Сілтемелер