Хиллари Клинтон

Хиллари Диан Клинтон (туған тегі — Родэм, ағылш. Hillary Diane Rodham Clinton; 26 қараша, 1947, Чикаго) — америкалық саясаткер, дипломат және заңгер. Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы (2009–2013)[1], Нью-Йорктен өкілдік еткен сенатор (2001–2009) және күйеуі Билл Клинтон президенттілігінің жылдарында (1993–2001) АҚШ Бірінші ханымы болған және 2020 жылдың қаңтарынан бастап Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласындағы Куинс университетінің ректоры.[2]

Хиллари Клинтон
ағылш. Hillary Clinton
Хиллари Клинтон
Лауазымы
Ту
Ту
АҚШ-тың 67-ші Мемлекеттік хатшысы
Ту
Ту
21 қаңтар 2009 жыл — 1 ақпан 2013 жыл
ПрезидентБарак Обама
ІзашарыКондолиза Райс
ІзбасарыДжон Керри
Ту
Ту
Нью-Йорк штатынан АҚШ Сенаторы
Ту
Ту
3 қаңтар 2001 жыл — 21 қаңтар 2009 жыл
Ту
Ту
АҚШ Бірінші ханымы
Ту
Ту
20 қаңтар 1993 жыл — 20 қаңтар 2001 жыл
ПрезидентБилл Клинтон
ІзашарыБарбара Буш
ІзбасарыЛора Буш
Өмірбаяны
Партиясы Демократиялық партия (1968 жылдан бері)
Республикалық партия (1968 жылдан бұрын)
БіліміЙель университеті
Дүниеге келуі26 қазан 1947 (1947-10-26) (76 жас)
Чикаго, Иллинойс, АҚШ
ЖұбайыБилл Клинтон
БалаларыЧелси Клинтон
СайтыOfficial website
ҚолтаңбасыҚолтаңбасы

Демократиялық партияның мүшесі Хиллари Клинтон 2016 жылғы президенттік сайлауда партияның президенттікке кандидаты болды, Клинтон көпшілік дауысында жеңіске жетсе де, сайлаушылар алқасының дауысынан жеңіліп, сайлауда Дональд Трампқа жеңілді.

Өмірбаяны

Хиллари Родэм 1947 жылдың 26 қазанында Иллинойс штатының Чикаго қаласында дүниеге келген. Хиллари Методистердің отбасында бой жетті. Бастапқыда Хилларидің отбасы Чикагода тұрса, Хиллари үш жасқа толған кезде олар Парк-Ридж қаласына көшіп келді. Хилларидің әкесі Эллсворт Хью Родэм (1911—1993) шығу теги британдық, шағын бизнестегі (тоқыма өнеркәсібінде) табысты кәсіпкер болды.

Дереккөздер