Каньон

Каньондар (ис. cañón «құбыр, шатқал») — өте тік, көбінесе тік құз немесе сатылы беткейлі, тек өзен ғана ағып өтерлік тар түпті, терең өзен аңғарлары.

A.
Юта штатындағы Зайон каньоны

Басқа анықтамаға сәйкес[1]: каньон — өзендердің жуып-шаюынан пайда болған терең, тар әрі беткейлері тік өзен аңғарлары. Каньон бүйірлік эрозия әлсіз, ал тереңдік эрозия басым болған жағдайда пайда болады. Тығыздығы әр түрлі, қабат жыныстардан құралған аймақтарда каньон аңғары сатыланып келеді. Дүние жүзіндегі ең үлкен каньон – Солтүстік Америкадағы Колорадо өзенінде. Оның тереңдігі 1800 м, ұзындығы шамамен 380 км. ҚазақстандаІле өзенінің саласы – Шарын өз. бойында кездеседі. Каньон теңіздер мен мұхит түбінде де қалыптасады.

Партнах өзенінің каньоны. Гармиш-Партенкирхендегі Альпі

Кейбір Каньондардың тереңдігі жүздеген тіпті мындаған метрмен өлшенуі мүмкін. Мысалы, Колорадо каньонының тереңдігі 2 км.[2]Каньондар көбінесе кұрғақ континенттік климатты аудандарда қарқынды тереңдік эрозияның және арналық ағыстың беткей астын қаза шаюынан пайда болады.

Қарқынды көтерілуге ұшыраған тауларға немесе горизонталь жатысты жарықтары бар су өткізгіш тау жыныстарынан (оқтас, құмтас, лесс) және лавалық жамылғылардан (базальт) тұратын биік үстірттерге тон. Жер шарындағы ең үлкен және белгілі Үлкен Каньон АҚШ-тағы Колорадо өзенінде (ұзындығы 320 км-ден астам, тереңдігі 1800 м-ге дейін) орналасқан.

Ірі каньондар

  • Үлкен Каньон
  • Дьявол каньоны
  • Тинаяни каньоны
  • Цветной каньон
  • Сулуу-Терек
  • Шарын
  • Овраг
  • Балка
  • Колка
  • Каньонинг
  • Фьорд
  • Антилопа каньоны
  • Брайс-Каньон

Тағы қараңыз

Дереккөздер