Кипр Ұлттық футбол құрамасы

Кипр Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Кипрдің атынан сынға түсетін ұлттық құрама. УЕФА және ФИФА мүшесі. 2018 жылғы 18 қаңтар күнгі есептеу бойынша ФИФА рейтінгінде 92-ші орында[1].

Кипр Ұлттық футбол құрамасы
Конфедерация

УЕФА

Федерация

Кипр Футбол Қауымдастығы

Бас бапкері

Рен Бен Шимон (Израиль)

Капитаны

Михалис Константину

Ең көп
ойын саны

Иоаннис Оккас (106)

Үздік
бомбардир

Михалис Константину (32)

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Бірінші ойын

Кипр Кипр 3:1 Израиль Израиль
1949

Ең ірі жеңіс

Кипр Кипр 5:0 Үлгі:Country data Андорра Андорра
2000

Ең ірі жеңіліс

ГФР Германия 12:1 Кипр Кипр
1969

Тарихы

Әзірше әлем және Еуропа чемпионаттарының финалдық турнирлеріне қатысқан емес. Бірақ жылда ақпан айында бұл елде Кипр Футбол Қауымдастығының кубогы ойналады. Турнирге әлемнің түрлі құрамалары қатысып, оқу-жаттығу жиындарын да өткізеді.

Көптеген жылдардан бері Әлем және Еуропа чемпионаттарының іріктеу турнирлеріне қатысып келеді. Ең жақсы өнер көрсеткен турнирі - ЕУРО-2016 іріктеуі. Соңғы турда Босния және Герцеговина құрамасын кез-келген есеппен ұтса болды, плей-офф кезеңіне жолдама алатын еді. Алайда Кипр құрамасы өте маңызды ойында ұтылып қалды.

ЕУРО-2000 іріктеуінде де жаман ойнаған жоқ. Испанияның өзін 3:2 есебімен ұтып кетті. Бұл осы циклдегі жалғыз жеңістері болса да, соңғы турға дейін екінші орыннан үмітін үзбеген еді. Бірақ Бұл жолы да Аустрия құрамасын ұта алмады.

Стадионы

Өз алаңындағы матчтарын 1999 жылы пайдалануға берілген ГСП стадионында өткізеді. Мемлекет орталығы Никосияда орналасқан бұл стадионға 22000 адам сыяды. Стадионның атауы «Га Си Пи» (Панкипр Гимнастикалық Қауымдастығының стадионы") сөздеріндегі бас әріптерден құралған. Сондай-ақ, бұл стадионда АПОЭЛ, "Олимпиакос", "Омония" клубтарының да өз алаңындағы матчтары ойнатылады.

Құрамы

9 қыркүйек 2019
ОйыншыТуған күніМатчГолКлуб
Қақпашылар
Константинос Панаги8 қазан 1994200Омония
Урко Пардо28 қаңтар 198370Алки Ороклини
Неофитос Михаил16 желтоқсан 199300ПАС Янина
Қорғаушылар
Гиоргос Меркис30 шілде 1984501АПОЭЛ
Константинос Лайфис19 мамыр 1993323Стандард Льеж
Хамбос Кириаку9 ақпан 1995220Аполлон
Иоаннис Кусулос14 шілде 1996144Омония
Николас Иоанну10 қараша 1995140АПОЭЛ
Гиоргос Василиу12 маусым 1984110Аполлон
Панайотис Захариу26 ақпан 199621Олимпиакос Никосия
Константинос Минтиккис14 шілде 198910Докса Катокопиас
Андреас Каро9 қыркүйек 199600Салернитана
Жартылай қорғаушылар
Георгиос Эфрем5 шілде 1989464АПОЭЛ
Костакис Артиматас15 сәуір 1993351АПОЭЛ
Григорис Кастанос30 қаңтар 1998211Пескара
Фотис Папулис22 қаңтар 198582Аполлон
Энтони Георгиу24 ақпан 199780Ипсвич Таун
Матия Шполярич2 сәуір 199750Алки Ороклини
Иоаннис Кости17 мамыр 200040Неа Саламина
Иоаннис Питтас10 шілде 199640Аполлон
Михалис Иоанну30 маусым 200020Анортосис Фамагуста
Джек Ролес26 ақпан 199900Кембридж Юнайтед
Шабуылшылар
Пиерос Сотириу13 қаңтар 1993379Копенгаген

Дереккөздер

Сілтемелер