ФИФА

ФИФА (фр. Fédération Internationale de Football Association — 'FIFA) — Футбол Қауымдастықтарының Халықаралық Федерациясы, халықаралық басқару ұйымы.

Халықаралық футбол федерациясы

FIFA конфедерация картасы

Мүшелік:

211 ұйым

:

Цюрих

Ұйым түрі:

Коммерциялық емес ұйым

Ресми тілдері:

ағылшын, испан, француз, неміс

Басшылары
Президент

Джанни Инфантино

Жоғарғы вице-президент

Исса Аяту

Бас хатшы

Фатма Самура

Құрылуы

1904

http://www.fifa.com/

Швейцария: Hitzigweg 11, 8030 Zurich

Ортаққор логотипі ФИФА Ортаққорда
ФИФА-ға кіретін конфедерациялар

Бас кеңсесі Швейцариялық Цюрихте орналасқан, бұл ұйымды Джанни Инфантино басқаруда. ФИФА ірі халықаралық футбол додаларын, негізінен 1930 жылдан бері ұйымдастырылатын ФИФА әлем кубогін, басқарып, ұйымдастыруға жауап бередi.

ФИФА-ға 208 ассоциация мүшелері кiредi, бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелер санынан 16-ға, ал Халықаралық Олимпиада комитетi мүшелері санынан 3-ке артық.

Тарихы

XX ғасырдың басында халықаралық футбол додалары көбейген соң, олардың бәрін ұйымдастырын және басқаратын ұйым құру керектігі сезілді. Басында бұл жұмысты ағылшын футбол федерациясы бақылаған. Содан кейін басқа жеті Еуропа мемлекеті 1904 жылы маусымның 21 Парижде ФИФА ұйымын құрған. Бұл ұйымның бірінші президенті болып Робер Герен сайланды.

ФИФА ұйымдастырған бірінші турнир 1906 жылы өтті. Бірақ бұл шаралар онша сәтті болмағандықтан, Геренді ағылшын Дэниел Вулфолл ауыстырды. Келесі футбол турниры 1908 жылғы Лондондағы Олимпиадада өткен. Ондағы бір қиыншылық — Олимпиадаға кәсіпқой футболшылардың қатысуы.

Ал 1909 жылдан бастап ФИФА-ға басқа құрлық өкілдері кіре бастады: ОАР — 1909 жылы, Аргентина — 1912 жылы, АҚШ — 1913 жылы.

Бірінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде көптеген футболшылар соғысқа аттанды, ал қалғандарына турнирлер өткізу өте қиын болды. Соғыстан кейін Вулфолл қайтыс болды, ал оның орның голландиялық Карл Хиршман басты. Бірінші Дүниежүзілік Соғыс нәтижесінде ФИФА-дан британиялық барлық футбол федерациялар шығып кеткен.Екінші Дүниежүзілік Соғыстан кейін өзінің дамуындағы жаңа кезеңіне өтті. ФИФА-да енді барлық құрлықтан өкілдер болған. Ұлыбритания мен КСРО ұйымға қосылды.Футболдың дамуына телетрансляциялар көп ұлес қосқан. Қазір ФИФА жақанды ұйымға айналды. Оның үлкен қаржылық кірістері телетрансляция және түрлі футбол өнімдерін сатудан тұрады.

ФИФА Президенттері

АтыЕліБасқарған уақыты
1.Робер ГеренФранция1904—1906
2.Дэниэл ВулфоллАнглия1906—1918
3.Жюль РимеФранция1921—1954
4.Рудольф СильдрейерсБельгия1954—1955
5.Артур ДрюриАнглия1955—1961
6.Стенли РоузАнглия1961—1974
7.Жоао АвеланжБразилия1974—1998
8.Йозеф БлаттерШвейцария1998—2015
9.Джанни ИнфантиноШвейцария /Италия2016—

Әлем чемпионаттары

Жюль Римэ 1921 жылы ФИФА-ның үшінші президенті болды. Оның арқасында ФИФА екі Олимпиада кезінде футбол турнирларын өткізді. Бірақ оларға Англия және Шотландия қатыспаған.Содан кейін ФИФА футболдан әлем чемпионатын өткізу мәселесін қарастыра бастады. Бірінші рет ол туралы 1928 жылы айтқан, ал 1930 жылы Уругвайда бірінші Әлем чемпионаты өтті. Оны алаң қожайындары ұтты. Содан кейін осы турнирді төрт жыл сайын өткізіп тұрады. 1940-1948 жылдары бұл турнир соғыс болғандықтан өткізілген жоқ.Соңғысы 2018 жылы Ресей мемлекетінде өткен турнирде жеңімпаз Франция құрама командасы болды.

Басқа турнирлер

ФИФА, Әлем чемпионаты мен Олимпиададағы футбол турнирлерінен басқа, өзге турнирлер өткізеді. Олардың ішінде жасы 17 және 21 дейінгі жастарға арналған Әлем чемпионаттары.

Соңғы жылдары тағы бір турнир пайда болды. Оның аты Конфедерациялар Кубогі. Оған әр құрлықтың жеңімпазы, әлем чемпионы және ұйымдастырушы ел қатысады. Бұл турнир келесі Әлем чемпионаты болатын елде өтеді.1991 жылдан бастап әйелдер арасында Әлем чемпионаттары өткізіліп бастады. Ал 2002 жылдан бастап 21 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионаты өткізілсе, 2008 жылда 17 жасқа дейінгі бойдеткендер де өз әлем кубогына қатысты.Клубтар арасында өтетін жалғыз турнир — футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты. Бұл турнир көрермен арасында көп қызығушылық көрсетпей келе жатыр.ФИФА үлкен футбол басқа, жаға-жай футбол және футзалдан турнирлер өткізеді.

Қолданыстағы турнирлер

ЖарысЖылЧемпиондарТитулЕкінші орынКелесі жарыс
Футболдан әлем чемпионаты2018Франция2Хорватия2022
Жастар командалары арасында футболдан әлем чемпионаты2019Украина1Корея Республикасы2023
Футболдан жасөспірімдер командалары арасындағы әлем чемпионаты2019Бразилия4Мексика2023
Футзалдан Әлем чемпионаты2016Аргентина1Ресей2021
Жағажай футболынан әлем чемпионаты2019Португалия4Италия2021
Футболдан Араб ұлттары кубогы2012Марокко1Ливия2021
Футболдан клубтық әлем чемпионаты2020Бавария2УАНЛ Тигрес2021
ФИФА Жастар кубогы2019Бока Хуниорс3Бенфика
Джей-Лига Кубогы және Оңтүстік Америка кубогы иегерлерінің кубогы2019Атлетико Паранаэнсе1Сёнан Бельмаре2021
Тулондағы Турнир2019Бразилия9Япония2021
Гранаткин Мемориалы2019Аргентина1Ресей2021
Футболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты2019АҚШ4Нидерланд2023
Футболдан әлем чемпионаты (20 жасқа дейінгі қыздар)2019Германия3Нигерия2022
Футболдан Әлем чемпионаты (17 жасқа дейінгі қыздар)Sud Ladies Cup2018Испания1Мексика2022
Оңтүстік әйелдер кубогы2019Корей Халықтық Демократиялық Республикасы1Жапония2021

Ойын шарттары

Футболшының ойыннан тыс қалу жағдайы

Ойын шарттарын тек қана ФИФА бекітіп қоймайды. Бұл мәселемен айналысатын ұйым — Футбол Ассоциацияларының Халықаралық Кеңесі (ағылш. International Football Association Board, IFAB). Кеңес 8 кісіден тұрады. Оның 4 — ФИФА мүшелері, қалған 4 — Британия халқының футболдың пайда болу және дамуына үлкен үлес қосқан үшін — Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия футбол федерацияларынан алынады.

Құрылымы

ФИФА 6 конфедерацияға бөлінген. Олар әр құрлық деңгейінде футбол додаларының ұйымдастыруымен шұғылданады.Әр мемлекеттің ұлттық футбол қауымдастығы ФИФА-ның және өз құрлығының конфедерациясының мүшесі болады. Бірнеше елдің қауымдастықтары белгілі себептермен басқа құрлықтың конфедерациясына кірген.

Конфедерациялар тізімі:

Азия мен Еуропа құрлықтарының екеуінде де орналасқан мемлекеттер конфедерациясын өздері таңдаған. Олар ішінде Ресей, Түркия, Қазақстан, Израиль. УЕФА-ға соңғы мемлекет Косово 2013 жылы қосылған.

Гайана және Суринам КОНКАКАФ мүшелері болғанымен, олар Оңтүстік Америкада орналасқан.

Аустралия 2006 жылдан бастап Океаниядан Азия футбол конфедерациясына көшті. Себебі Аустралия құрамасының құрлықтың басқа командаларынан тым мықты болғаны.

Қазіргі уақытта ФИФА-ға 208 ұлттық қауымдастық кірген. Ай сайын ерлер және әйелдер ұлттық құрамаларының рейтингі жарияланады.

Марапаттары

Пеле

ФИФА жыл сайын Әлемнің үздік ойыншысы сыйлығын береді. Ол жыл аяғында берілетін марапат.2004 жылы ФИФА Франция және Бразилия құрамаларының арасында "Ғасыр ойыны" деген матчты ұйымдастырған.Оған қоса ФИФА-ның ұсынысымен Пеле түрлі уақытта ойнаған ең үздік футболшылар тізімін құрған. Оның аты "ФИФА 100 үздік ойыншысы" болған. Бұл тізімде 50 ойыншысы сол кезде футбол ойнап жүрген (біреуі тіпті әйел адам), және 75 бұрын ойнаған футболшы (Олардың ішінде Пеле және қайтыс болмаған ойыншылар болған. Онда тағы бір әйел болды).

Демеушілері

ФИФА демеушілері:

Сілтемелер