Компенсатор

Компенсатор

  1. Құбыр желісінде — температура немесе басқа да себептерге байланысты пайда болатын өзгерістерді ешбір кедергісіз қабылдайтын құрылғы.[1] Бұл құрылғы атқаратын қызметіне қарай: температуралық шөгінді және температуралық-шөгінді болып бөлінеді: температуралық Компенсатор ашық салынған құбыр желісі ұзындығының температураға байланысты өзгерісін қабылдау үшін орнатылады. Температуралық Компенсатор құбыр желісінің әрбір бөлігінде, анкерлі тірекке немесе олардьгң ортасында орнатылады. Шөгінді Компенсатор құбыр желісінің негізгі бос және шөгінді топырақты болып келуіне байланысты байқалатын ұзындық өзгерісін қабылдау міндетін атқарады. Анкерлі тіреудің бір жағына шөгінді, ал екінші жағына температуралық-шөгінді компенсатор орнатылады;[2]
  2. Бұрандалы өлшеу құралдарында және металл кесетін станокта — жұмыс бұрандасы қадамының қатесін азайтатын құрылғы.
Компенсатор

Компенсатордың түрлері

  1. Нивелирдің көздеуіш сызығын горизонталь жағдайда автоматты түрде ұстап тұратын құрылғы;
  2. Қашықтық өлшеуіш саптамаларындағы оптикалық құрылғылар;
  3. Теодолиттердің вертикаль дөңгелегіндегі деңгейді нөл-пунктте ұстап тұратын құрылғылар (компенсаторлы теодолиттер).[3]-

Дереккөздер