Күрдістан

Күрдістан (Күрд: کوردستان) – Күрдтер мекендеген таулы өлке. Күрдістан Ирак, Иран, Түркия және Сирияны қамтиды. Оны алғаш рет күрд мекені ретінде Махмұд Қашқари «Диуани лұғат ат-түрк» кітабында танып, әлем картасында «әрзул әкрад» деп атаған. Араб тілінде «әрзул әкрад» «Күрдтер елі» дегенді білдіреді.[1][2] «Күрдістан» сөзі алғаш рет Селжүктер дәуірінде Санжар сұлтан Күрдістан деп аталатын провинцияны Селжүк империясының құрамына кіргізген кезде қолданылған.[3][4]

Дереккөздер