Лаптев теңізі

Лаптевтер теңізі, Сібір теңізі, Норденшельд теңізіСолтүстік мұзды мұхиттың шеткі су айдыны. Батысында Таймыр түбегімен, Солтүстік Жер топаралымен, шығысында Жаңа Сібір аралдарымен шектеседі. Ауданы 662 мың км², орташа тереңдігі 533 м, ең терең жері 3385 м. Ірі шығанақтары: Хатанга, Оленек, Буор-Хая. Теңізге Хатанга, Лена, Яна өзендері құяды. Лаптевтер тенізінің көпшілік бөлігі материктік қайраңда жатыр. Климаты арктикалық теңіздердің ішіндегі ең қатаңы. Полюс түні оңтүстігінде 3 ай, солт-нде 5 айға созылады. Қыста Лаптевтер теңізі үстінде арктикалық максимум мен азиялық максимумның солтүстігінде-шығыс тармағы түйіседі де тұрақты антициклондық ауа райы қалыптасады. Ең суық айдың орташа температурасы –30 — 32°С. Жазы қысқа, әрі салқын. Шілдеде орташа ауа температкрасы солтүстігінде 0 — 1°С, оңтүстігінде 5 — 7°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 мм. Тұздығы 25ү (шығысында) — 34ү (батысында). Судың толысуы жарты тәулік (0,5 — 2 м) уақытты қамтиды. Балықтың 13 түрі кездеседі. Теңіз сүтқоректілерінен морж, теңіз қояны, ақ дельфин, нерпа мекендейді. Жартасты жағаларда құстар көп жиналады. Лаптевтер теңізі — Солтүстік теңізі жолының бір бөлігі саналады. Басты порты — Тикси қаласы Теңіз зерттеушілері Д.Я. Лаптев пен Х.П Лаптевтің есімімен аталған.

Лаптев теңізі
Сипаттамасы
Ауданы672 000 км²
Көлемі363 000 км³
Жағалау сызығының ұзындығы1300 км
Тереңдігі3385 м
Орташа тереңдігі540 м
Орналасуы
76°16′07″ с. е. 125°38′23″ ш. б. / 76.26861° с. е. 125.63972° ш. б. / 76.26861; 125.63972 (G) (O) (Я) 125°38′23″ ш. б. / 76.26861° с. е. 125.63972° ш. б. / 76.26861; 125.63972 (G) (O) (Я)
Лаптев теңізі (Ресей)
Лаптев теңізі
Лаптев теңізі Ортаққорда