Лоран Блан

Лоран Робер Блан (фр. Laurent Robert Blanc; 19 қараша 1965[1], Алес, Франция) — француз футболшысы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.

Лоран Блан Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

19 қараша 1965 (1965-11-19) (58 жас)

Туған жері

Алес, Франция

Азаматтығы

Франция

Бойы

192

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Клуб карьерасы[* 1]
1982—1991Франция Монпелье249 (76)
1982—1983Франция Монпелье B16 (4)
1987Франция Монпелье B4 (3)
1991—1992Италия Наполи31 (6)
1992—1993Франция Ним Олимпик29 (1)
1993—1995Франция Сент-Этьен70 (18)
1995—1996Франция Осер23 (2)
1995Франция Осер B2 (0)
1996—1997Испания Барселона28 (1)
1997—1999Франция Олимпик Марсель63 (13)
1999—2001Италия Интернационале67 (6)
2001—2003Англия Манчестер Юнайтед48 (1)
Ұлттық құрамы[* 2]
1989—2000 Франция97 (16)
Бапкерлік карьерасы
2007—2010Франция Бордо
2010—2012 Франция
2013—2016Франция Пари Сен-Жермен

Карьерасы

Клубтық

"Алес" және "Монпелье" клубтарының түлегі. 1987 жылға дейін "Монпельенің" негізгі және фарм клубтарында өнер көрсетіп, "Наполиге" ауысты. Бірақ келесі маусымда-ақ отанына оралып, "Ним Олимпик" сапына қосылды.

Кейін "Барселона", "Интернационале", "Манчестер Юнайтед" секілді атақты клубтарда доп теуіп, 2003 жылы 37 жасында футбол ойнауды доғарды.

Бапкерлік

2007 жылы бапкерлік карьерасын "Бордо" клубында бастады. 2008/09 маусымда клубпен бірге Франция чемпионы атанды.

2010 жылғы әлем біріншілігінен соң Франция Ұлттық құрамасының бапкері боп тағайындалды. 2012 жылғы Еуропа чемпионатында құрама ширек финалға ғана жетіп, Блан ол қызметтен босады.

2013-16 жылдары "Пари Сен-Жермен" клубын жаттықтырды. Клубпен бірге үш жыл қатарынан Франция чемпионы атанғанымен, Чемпиондар Лигасында аса жақсы нәтижеге қол жеткізе алмады.

Ұлттық құрама

Құрамада 1989-2000 жылдары ойнап, 1992, 1996, 2000 жылдары Еуропа чемпионатына, 1998 жылы әлем чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

Ойыншы ретінде

«Монпелье»

  • 2 лига жеңімпазы: 1986/87
  • Франция кубогы: 1989/90

«Осер»

  • Франция чемпионы: 1995/96
  • Франция кубогы: 1995/96

«Барселона»

  • Испания суперкубогы: 1996
  • Испания кубогы: 1996/97
  • УЕФА Кубок иелері кубогы: 1996/97

«Манчестер Юнайтед»

  • Англия чемпионы: 2002/03

Франция құрамасы

  • Әлем чемпионы: 1998
  • Еуропа чемпионы: 2000

Бапкер ретінде

«Бордо»

  • Франция чемпионы: 2008/09
  • Франция лига кубогы: 2008/09
  • Франция суперкубогы (2): 2008, 2009

«Пари Сен-Жермен»

  • Франция чемпионы (3): 2013/14, 2014/15, 2015/16
  • Франция кубогы (2): 2014/15, 2015/16
  • Франция лига кубогы (3): 2013/14, 2014/15, 2015/16
  • Франция суперкубогы (3): 2013, 2014, 2015

Дереккөздер