Матс Хуммельс

Матс Юлиан Хуммельс (нем. Mats Julian Hummels; 1988 жылы 16 желтоқсанда Бергиш-Гладбах қаласында Солтүстік Рейн-Вестфалияда туылды) — неміс футболшысы, "Боруссия Дортмунд" клубының капитаны және Германия ұлттық құрмаcының қорғаушысы.

Матс Хуммельс Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

16 желтоқсан 1988 (1988-12-16) (35 жас)

Туған жері

Бергиш-Гладбах , Солтүстік Рейн-Вестфалия

Азаматтығы

Солтүстік Рейн-Вестфалия

Бойы

191

Салмағы

85

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Германия Боруссия Дортмунд

Номері

15

Клуб карьерасы[* 1]
2005—2007Германия Бавария II42 (5)
2007—2008Германия Бавария1 (0)
2008—2009 Германия Боруссия Дортмунд25 (1)
2009—2016Германия Боруссия Дортмунд225 (19)
2016—2019Германия Бавария73 (3)
2019—Германия Боруссия Дортмунд1 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
2007—2011Германия Германия-2121 (5)
2011—2019Үлгі:Байрақ/Germany70 (5)

Матс — бапкер Херман Хуммельстің ұлы және «Унтерхахинга» клубының қорғаушысы Йонас Хуммельстің ағасы.

Мансабы

Әкесі бапкер болған мюнхендік «Баварияның» тәрбиеленушісі. Алғашында жартылай қорғаушысы позициясында ойнап, кейін толықтай қорғаушы позициясына ауысты.

2005 жылдан бастап Баварияның екінші командасының құрамында болып, 42 матч өткізіп, 5 гол соқты.

2006/2007 маусымнан бастап Матс Баварияның негізгі құрамымен жаттыға бастады,ал 2007 жылы 2 жылдық контракка қол қойды. Алғаш Бундеслигада 2007 жылы 19 мамырда «Майнц 05» клубына қарсы ойнады .

2008 жылы 3 қаңтарда «Боруссия Дортмунд» Хуммельсті жалға алып, 2007/08 маусымды аяқтау керек болды. «Боруссияда» бас бапкер Юрген Клопптың арқасында негізгі құрамға тез ілігіп, 2009 жылы 1 шілдеде клуб Матсты «Бавариядан» 4 миллион 200 мың евроға сатып алды.

Әлем чемпионатының финалында

2010/11 маусымда Матс «Боруссиямен» Бундеслига чемпионы атанды. Матс содан бері 122 матч өткізіп, Германия чемпионатындағы ең үздік қорғаушылардың бірі болды. 2014/15 маусымы басталмай тұрып, Матс «Боруссияның» жаңа капитаны атанды.

Жетістіктері

Клубтағы

Боруссия Дортмунд

  • Германия чемпионы:2011, 2012
  • Германия Кубогінің иегері: 2012
  • Германия Суперкубогінің иегері: 2013,2014

«Бавария (Мюнхен)»

  • Германия чемпионы (3): 2016/17, 2017/2018, 2018/19
  • Германия суперкубогы (3): 2016, 2017, 2018
  • Германия кубогы: 2018/19

Ұлттық құрамада

  • Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 2009
  • Еуропа 2012 чемпионатының қола медаль иегері: 2012
  • Әлем чемпионы: 2014

Жеке

  • Бундеслиганың үздік қорғаушысы: 2013/2014

Сыртқы сілтемелер