Метаморфтық тау жыныстары

Метаморфтық тау жыныстары (грек. metamorpho – өзгеру), метаморфизм әсерінен пайда болады. Егер метаморфизмде бастапқы тау жыныстарының химиялық құрамы өзгеріске ұшырамаса, онда қалыптасқан Метаморфтық тау жыныстарын метаморфиттер, ал өзгеріске түскендерін метасоматиттер деп атайды.
Метаморфтық тау жыныстары геологиялық қалыптасу жағдайына қарай катаклаздық, жапсар-термалық, аймақтық және метасоматоздық болады. Катаклаздық Метаморфтық тау жыныстары тектоникалық қозғалыстарға байланысты туатын қысымның әсерінен қалыптасады. Уатылу дәрежесіне қарай олардың тектоникалық брекчиялар, катаклазиттер, милониттер сынды түрлері пайда болады. Жапсар-термалық Метаморфтық тау жыныстары интрузиялардың сыртында жылудың әсерінен қалыптасады. Онда силикатты тау жыныстары мүйіз тастарға, карбонаттылар мәрмәрлерге, кремнийлілер кварциттерге айналады. Олардың минералдық құрамы бастапқы тау жыныстарының құрамы мен температурасына байланысты әр түрлі болып келеді.
Аймақтық метаморфизмде жылудың, қысымның, ерітінділердің әсерінен тақтатастар, гнейстер, гранулиттер, амфиболиттер, мәрмәрлер, кварциттер, мигматиттер, эклогиттер қалыптасады. Оларға тақтатастық, сирек шомбал бітім, әркелкі түйірлі құрылым, кордиерит, андалузит, силлиманит, кианит, ставролит, омфацит, альмандин, пироп сияқты типоморфтық минералдар тән.
Магмалық және шөгінді жыныстар жердің терең қабатына түссе немесе жаңадан көтерілген магмалық ыстық лебіне ұшыраса, олар қысым күшінің және ыстық лептің әсерінен әр турліөзгерістерге ұшырап, өзінің бастапқы құрылыс түрін жоғалтады, сонымен қатар олардың минералдық және химиялық құрамыда өзгереді. Осындай өзгерістен пайда болған жыныстарды метаморфтық жыныстар деп атайды. Мысалы, ізбестас метаморфтық әсерден кристалданып, тығыздалып мраморға айналады.Демек, мрамор — метаморфтық жыныс. Сазтастар әсерінен жаншылып, кристалды тақтатасқ а айналады. Граниттер мен құмтастар метаморфизм әсерінен жаншылып, кристалданыптақталанады, оны гнейс деп атайды. Габбро өзгергенде онан амфиболит атты жыныс шығады.Қазақстан жеріндегі де кембрийлік белдемдерінің кешендері эпидот – амфиболиттік, жасыл тастық фациялардың түзілу темп-раларына сәйкес орта, жоғарғы қысым жағдайларында пайда болғаны анықталған. Бұл кешендер белдеулік (Үлкен Қаратау, өлытау) және тең өлшемді Мақбел (Мақпал), Шу, Көкшетау көтерілімдері] болып бөлінеді.

A.
Метаморфтық тау жыныстары.

Метаморфизм түрлері

Әрбір тау жынысы белгілі бір жағдайда пайда болатынынкөрдік. Сол жағдайлары езгеретін болса, ол жыныс та соғанқарай бейімделіп өзгермек. Сонда тау жыныстарының сырт бейнесі де, минералдық құрамы да және ішкі құрылысы да езгереді.Тау жыныстарын өзгертуші әрекеттердің негізгі түрлері мыналар: 1) жоғары температура, 2) жоғары кысым, 3) магмаданбөлінген заттардың әсері, 4) су ерітінділерінің әсері.ұлардың алғашқы үшеуі магманың әсері болып табыладыжәне олар бір-біріне байланысты келеді. Сонымен қатар жоғарғы қысым магмасыз жерде де, тау жынысы қалың қабаттарастына түскенде де немесе тау қ ұрылу әсеріне ұшырағанда даболады.Осы айтылған әсерлердің басымдығына және түріне қарайметаморфизм мынадай түрлерге бөлінеді:1) термалық (пиро) метаморфизм — яғни қызуәсерінен болатын метаморфизм. Бұл магманың ыстық лебіненболатын өзгеріс;2) контактылық метаморфизм — магманыд айнала жапсарында, соған жанасу әсерінен болатын метаморфизм.Мұнда термалық та, қысым да, магмалық заттар әсері де бірдейболады;3) динамометаморфизм — тау жынысы тереңге түскенде немесе тау құрылу қозғалыстарына ұшырағанда болатынқысымдық метаморфизм;4) гидратометаморфизм — су ерітінділерінід әсерінен болатын метаморфизм.Метаморфизм басталған орнынан әрі қарай қашықтаған сайын жыныстың өзгерісі әлсірей береді, ақыръінда ол езгермегенбастапқы жыныстарға жалғасады. Метаморфтық жыныстардыңбасында қандай жыныстан шық қанын осы арқылы білуге болады. Метаморфтық жыныстар басында шегінді жыныстан шықса,оның алдына «пара» деген жұрнақ қосады, мысалы парагнейс.Ал егерде бастапқы жыныс магмалық болса, оған «орто» дегенжұрнақ жалғанып, ортогнейс болар еді. Кысым күшінен жаншылып өзгерген кезде жыныстың структурасы да, текстурасы даөзгереді. Сонымен, қысым кезінде пайда болған минералдар,кристалдар сол қысымның бағытына қарай созылып, соғанбейімделіп өседі. Осының арқасында метаморфтық жыныстардың структурасын зерттеуге, олардың жаратылысын тануға жәнесол жсрде болған қозғалысты айыруға болады.Метаморфизм әрекеті әр түрлі дәрежеде кездеседі. Оның енәлсізіп эпизона дейді. Мұнда альбит, хлорит, серпентин, тальк,серицит, актинолит, эпидот, кварц минералдары кездеседі. Екінші орташа метаморфизмды мезозона деп атайды. Мұнда ортаплагиоклаздар, анарлар, амфиболдар, слюдалар (биотит, мусковит), кианит, ставролит сияқты минералдар кездеееді. Үшінші — ең күшті метаморфизмды катазона деп атайды. Мұнданегізді плагиоклаздар, пироксендер, анарлар, кордиерит, силлиманит, шпинель сияқты минералдар болады.

Метаморфтық жыныстарды сипаттау

Гнейстер — көбінесе кварц, дала шпаты және слюдалардан тұратын тақталанған жыныстар. Гнейс кұраушы минералдар оның тақтасына қарай реттеліп, қабаттар құрап іріктелген.Соның салдарынан кейде оның жол-жол таңдайлы түрлеріболады. Ортогнейстер кебінесе граниттен немесе солқұрамды жыныстан пайда болады. Гранит пен гнейске ортақтүрлерін гарнитогнейс деп атайды. Парагнейстер көбінесе аркоз кұмтастарынан пайда болады. Гнейстер көбінесе ерте замандардағы тау жыныстары арасынан жиі кездеседі. Оларды кұрылыс материалы ретінде қолдануға болады.Кристалдытақ татастар . Тақтатастардыд метаморфтық кристалды түріне кіретіндер — слюдалы, хлоритті,талькты тақтатастар. Олардың құрылысы тақталы, кристалдыкеледі, парақтары сол тақтасына қарай жазылған. Осы минералдардын, түріне қарай слюдалы тақтатас хлориттітақтатас , талькты тақтатас деп атайды. Соныменқатар олардың арасында басқ а минералдардың да едәуір қоспалары болады. Мысалы, слюдалы тақтатаста кварц, дала шпаты, анар, турмалин, кейде графит, хлоритті тақтатаста магнетит ,актинолит, эпидот, альбит т. б. кездеседі. Осы тақтатастардың кейде араласқ ан түрлері де ұшырасады.Кварцит — кварц түйіршіктерінің кварцті цементпен біріккен, сонымен қатар түтас кварцтан тұратын метаморфтықтығыз тау жынысы. Ол өте берік, өңдегенде әдемі тегістелетінқатты жыныс. Кварцит құрылыс ісінде қолданылады.Кварциттер арасында кейде темір рудалары (гематит, магнетит) болады, оларды темірлі кварцит дейді. Кривой Рогтың,Курск облысының және Карсақпайдың темір кендері осындайтемірлі кварциттен тұрады .Оның қайталама кварцит аталатын бір түрі бар.Ол — көбінесе майда кварц түйіршіктерінен құралған, қышқылмагмалық жыныстардың метасоматикалық алмасуынан пайдаболған жыныс. Осы алмасуда гіайда болған, қайталама кварциттермен тығыз байланысты кендер Қазақстан жерінде көп кездеседі. Мысалы, Коңыраттың мыс кені, Семізбүғы корунд кені т. б.Роговиктер — микрокристалды шыны сияқты ақшыл сұрқатты тыгыз жыныс. Оның құрамында кварц, биотит, ортоклаз,магнетит, пироксендер, амфнболдар болады. Роговиктерді саздытақтатастар мен жасыл түсті эффузивтердің гранитпен кездескен контактылық метаморфизмынан жаралады деп есептейді.Кей жерлерде роговиктер арасында түсті метал кендері де кездеседі. Мысалы, Алтайдағы полиметалл кендері көбінесе осыроговик арасынан табылады.Яшма. Кұрылысы және жаратылысы жағынан роговиккежақын яшма атты метаморфтық жыныс бар. Бірақ мұның минералдық құрамы көбінесе квард пен халцедоннан тұрады. Оныңарасында аздаған гематит, эпидот, хлорит кездеседі. Яшманыңәдемі түсті түрлерін көркемдік істерінде қолданады .Яшма Оралда, Қазақстанда (Алтайда) көп кездеседі.Скaрн — қоңырқай түсті, ірі кристалды контактылық метаморфизмда пайда болатын жыныс. Оның минералдық құрамықұрделі және өзгермелі келеді. Скарн минералдарына көбінесеанарлар, пироксендер, кальцит, магнетит, волластонит, эпидот т. б. жатады. Скарн арасында кейде едәуір ірі кендер: магнетит (Магнитогорск), мыс сульфиды (Урал), вольфрамит, шеелит, молибденит (Кавказ, Алтай, Орта Азия) кездеседі.Амфиболит көбінесе амфиболдар мен дала шпаттарынан тұратын метаморфтық тау жынысы. Құрамында анарлар,эпидот, пироксендер және биотит болады. Амфиболит габбромен диориттердің метаморфизмынан жаратылады, кейде магнезитті мергельден пайда болуы мүмкін. Метаморфизмның күштіжерінде амфиболиттер көбінесе ірі кристалды, тығыз, түсі қарақоңыр болып келеді; метаморфизмның әлсіз зонасында тақталанған қара сүр түсті болады. Амфиболиттер көп тарағам таужынысы емес, олар тек слюдалы тақтатастар мен гнейстер арасында шағын денелер түрінде кездеседі.Мрамор — біркелкі кристалл түйіршікті, ізбестастың өзгеруінен пайда болған тығыз жыныс. Оның құрамы ылғи кристалды кальциттен тұрады, кейде арасында аздап кварц, анар,пироксен, дала шпаты кездеседі. Метаморфизм күшті әсер ететінжердегі мрамор ірі кристалды, сарғыш қызғылт түсті келеді;онан қашықтаған сайын майда кристалды кегілдір сұрғылт түске айналады.Мрамор қ ұрылыста, орнамент жасауда, көркемдікке, скульп-тура жасауда қолданылады. Мрамор кендері әсіресеОралда, доломиттен шыққан бір түрі Карелияда, Кавказда, Қазақстанда т. б. жерлерде кеп кездеседі.[1][2]

Пайдаланылған cілтемелер

Елисеев Н.А., Метаморфизм, М., 1963; Бекботаев А.Т., Петрография және петрология, А., 1992

Тағы қараңыз