Моаи

Моаи (Тыңдауi/ˈm./, ис. moái, Рапа Нуи тілінде moꞌai сөзі "мүсін, әулиетас, идол" мағынасын білдіреді) — Полинезия шығысындағы Пасха аралында Рапа Нуи халқы 1250 - 1500 жж аралығында қашап жасаған 900 шақты монолитті адам фигуралары.[1] Олардың жартысына жуығы негізгі моай алаңы болған Рано Раракуда орналасса, жүздегені сол жерден тасымалданып, аралдың периметрі бойымен Аху (ahu) деп аталатын тасты платформаларға орнатылған. Барлық дерлік моаилар үлкен басты болып, басы бүкіл мүсіннің сегізден үш бөлігін құрайды. Моаи негізінен киелі ата-бабалардың (aringa ora ata tepuna) тірі бейнесі (aringa ora).[2] 1722 жылы еуропалықтар алғаш Пасха аралына жетіп барғанда моаи мүсіндері өз әулет жерлерінде тігіліп қарап тұрған еді.

Рано Рараку Моаиы
Рано Рараку қыратына орналасқан Моаилар

900-ден астам мүсіннің[3] жасалуы мен тасымалдануы керемет жаратымпаздық және еңбекқор ерлік деуге болады.[4] Паро (Paro) деп аталатын ең биік Моайдың биіктігі 10 метр, салмағы 82 тонна.[5][6] Ең ауры есептелетін Аху Тонгарикидегі (Ahu Tongariki) қысқа, бірақ жұмыр моаидың салмағы 86 тонна. Ал аяқталмаған бір мүсіннің ұзындығы 21 м, салмағы 145–165 тонна.[7] ХІIIVғ аяғы мен XIXғ басында Моаи құлатылады, оны Еуропа отаршылдары қиратқан немесе аралдағы ішкі тайпалық соғыстар салдарынан құлаған деп болжайды.[8]

Сипаттамасы

Аху Тонгарикідегі Моаи, 1990жд Чили археологы Клаудио Кристино қалпына келтірген
Моаидың 3D бейнесі

Моаи - монолитті мүсіндер болып, олардың минималистік стилі тұтас Полинезиялық формалармен байланысып жатыр. Моаи салыстырмалы түрде тегіс етіп ойылған, олардың бет-әлпетінде такапарлық пен тылсымдық бейнеленеді. Адамның фигуралары алдымен жартас қабырғасына сызылып, сосын мүсін жасалып шыққанша жартас қашалған.[9] Бас пен тұғырлың арақатынасы 3 те 5 болып, бұл мүсіндік ерекшелік полинезиялықтардың бас киесіне сенетінін көрсетеді. Ерепайсыз үлкен бастарда жар спетті ауыр қастары және иірілген тесікті ұзын әрі таңқиған мұрындары бар. Олардың еріндері сәл бұлтиып шыққан; ал, құлақтары мұрындары секілді созылыңқы жалпақ пішінде. Моаидың жақ сызықтары қысқа мойындарында көрнекі етіп бейнеленген; кеуделері ірі, тіпті кейбірінде ашасүйектердің өзі таста өзгеше етіп бейнеленген; білектер шалаң-бедерлі (bas relief) етіп ойылып, денеге қарай түрлі бейнеде орналасқан; қолдары және ұзын жіңішке саусақтары жамбас сүйектерінің бойына жайласып, дамбалға (хами) тұтасқан; бас бармақтары кейде кіндіктерін нұсқайды. Әдетте, арқаларының анатомиялық ерекшеліктері онша айқын емес, бірақ кейде бөкселері мен белдерінде сақина мен белбеу секілді мотивтер болады. Бір тізерлеген моаидан басқа Мүсіндердің айқын көрінетін аяқтары жоқ.

Рано Раракудағы Моаи алаңы
Аху Тонгарики маңында тізілген он бес моаи.

Моаи толық денелі мүсіндер болғанымен, оларды кей танымал әдебиеттер "Пасха аралының тасбастары" деп атайды. Бұл моаи бастарының бейпропорционалды шамада болуынан, сондай-ақ аралдағы көптеген тік моаиды көрсететін иконикалық суреттер Рано Рараку баурайындағы мүсіндер болып, олардың көпшілігі иықтарынан көмілген болатын. Рано Раракудегі кей "бастардың" асты қазылып, төменгі денелері аршылды, топырақ астында болғандықтан олардың өрнектері шіруден аман қалыпты.

Моаидың орташа биіктігі шамамен 4 м, ал базадағы орташа ені 1,6 м. Бұл ірі туындылардың әрқайсысы орташа айтқанда шамамен 12,5 тонна салмақты құрайды.

Британ мұражайындағы базальт моаи: Хоа Хакананай'а, (Hoa Hakananai'a), Лондон. Жергілікті халық 1868 Пасха аралынан әкетілген бұл моаиды Пасха аралына қайтаруды талап етіп жатыр.[10]

Жалпы 900-ден астам моаидың бүгінге дейін белгілі 53-і Рано Рараку жеріндегі туфтен (tuff, жанартау күлінің сығындысы) ойып жасалған; ондағы 394 моаидың жасалып бітуі түрлі деңгейде екені байқалады. Сондай-ақ, 13 моаи базальттен (basalt), 22 моаи трахиттен (trachyte), 17 моаи қызыл скориядан (scoria) ойып жасалған.[11] Мүсінді ойып болған соң құрылысшылар оған Пемза (pumice) жағатын болған.

Ерекшеліктері

Пасха аралындағы мүсіндер ірі, кең мұрындарымен, алып иектерімен, тіктөртбұрыш тәрізді құлақтарымен және терең көз ойықтарымен әсерлі. Олардың денелері бүгіліңкі, қолдары әртүрлі тұста орналасқан, аяқтары жоқ. Ахудың (ahu) көп бөлігі жағалауда тізілген және арал ішіндегі қауымдастыққа жүздері қараған. Мұнда Аху Акиви (Ahu Akivi) секілді арал ішілік ахулар бар. Бұл моаилар қауымдастыққаа қарап тұр, бірақ арал кіші болғандықтан, жағалауға қарап тұр деуге де болады.[7]

Көздер

Пасха аралын бақылаған көздер

1979 жылы Серхио Рапу Хаоа (Sergio Rapu Haoa) және археологиялық топ қара обсидиан немесе қызыл скория жанарлы коралл (теңіз маржаны) көздерді орнатуға арналған жарты шарлы (hemispherical) немесе эллипс көздер ойығын анықтады.[12] Бұл байқау түрлі орындардан табылған ақ кораллдар сынығын жинау және қайта құрастыру арқылы ашылды. Кейін, Пасха аралы мұражайында бұрын санатталмаған заттар қайта сарапталып, көз фрагменттері деп танылды. Көз ойықтары ойылған моаилар ахуға және мәдени орындарға қойылған деп есептеледі, бұл талғампаз Рапа Нуи иерархиясы Мои дизайнына байланысты болды. Бұл құсадам (Birdman) ді[[ні Тангата Ману (Tangata Manu) пайда болғанға дейін жалғасты болды.

Символизм

Көптеген археологтар пікірінше, "мүсіндер бедел мен биліктің рәмізі (символ) ретінде дін мен саяси мағынаға ие болды. Бірақ олар тек рәміз ғана емес. Оларды тұрғызған және пайдаланған адамдар үшін олар киелі рухтың нақты тәбәрігі секілді болды. Ежелгі Полинезия діндері бойынша, қашалған тас не ағаш секілді заттар дұрыс әшекейленген және ритуалдастырылған кезде мана (mana) деп аталатын сиқырлы рухани мәнмен толысады."

Аху Тахайда 11 тонналық тасқалпақ - пукао және реплика көздері бар қалпына келтірілген туф моай

Археологтар пікірнше, мүсіндер ежелгі полинезиялықтар ата-бабасының бейнесі. Моаи мүсіндері арқасын мұхитқа беріп, ауылдарға қарап, адамдарды бақылап тұрғандай көрінеді. Тек саяхатшылардың аралды табуына көмектесіп, теңізге қарап тұрған жеті Аху Акиви өзгеше орнатылған. Аралда патшасының келуін күткен жеті кісі болған дейтін аңыз бар.[13] 2019 жылығы зерттеу қорытындысы бойынша, ежелгі адамдар Моаи жасау мен орнату топырақ құнарлылығын арттыруға және сол арқылы азық-түлікпен толық қамдалуға пайдалы деп есептеген.[14]

Пукао түймешаштар және тасқалпақтар

Толық мақаласы: Пукао

Кейінгі жасалған моаилардың басында пукао - тасқалпақтар болды, олар тайпабасылардың түймешаштарын (topknot) білдіреді. Жергілікті дәстүр бойынша, мана адамның шашында сақталады. Пукаолар қызыл скориядан - Пуна Пау (Puna Pau) тасалаңындағы өте жеңіл тастан ойып жасалған. Қызыл түс Полинезияда қасиетті түс болып саналады. Басына Пукао қосу моаи үшін үлкен мәртебе есептеледі.[15]

Таңбалар

Қазылған моаидың арқасындағы петроглифтер.

Алғаш қашалғанда, моаидың беті тегіс жылтыратылып, пемзамен сүртілген екен. Алайда, моаидың көпшілігі туфтан ойып жасалған, оңай қашалады, әрі оңай үгітіледі. Сондықтан моаи денесіндегі өрнектерді тек базальттан ойылған бірнеше моайдан, көне фотосуреттерден, сондай-ақ моаидың жер астына көміліп, жақсы сақталған бөліктерінен анық байқауға болады.

Бұзылмаған моаилардың негізінен арқасы мен құйрық жағына салынған өрнектер сақталған. 1914 жылғы Routledge экспедициясы осы өрнектер мен аралдың дәстүрлі татуировкасы арасында мәдени байланысты ашты[16], ал дәстүрлі тауировканы жарты ғасыр бұрын аралға барған діншіл миссионерлер қуғынға ұшыратқан болатын. Аралдықтарға және олардың ата-бабасына заманауи ДНҚ анализін жасағанға дейін, бұл өрнектер моаиды Оңтүстік Америкадан бөлініп келген топ емес, Рапа Нуилер өздері ойып жасағанының негізгі ғылыми дәлелі болған еді.

Кейбір моаилар боялыпты; Хоа Хакананаи'а (Hoa Hakananai'a) моаиын 1868 жылы ағылшындар Пасха аралынан алып кеткенге дейін оның беті қошқыл және ақ бояумен безендірілген екен. Бұл моаи қазір Лондондағы Британ мұражайында сақтаулы, бірақ оны Рапа Нуиге қайтару туралы талап қойылып жатыр.[17]

Дереккөздер

Пайдаланған әдебиеттер